Qiwi-мен қаражат жинау. Есептеме.

Qiwi-мен қаражат жинау. Есептеме. «Сәби» Қоры демеушілерден келіп түскен әр жарнасына жауапты. Бір теңге де жоғалмай, ең өзекті әлеуметтік жобаларда өзіне тиімді қолданыс табатындығына болашақ сеніммен филантроптар ақшаларын біздің ұйымызға сеніп тапсырады.

Түскен қаражаттың «тағдыры» Қордың кеңесімен шешіледі. Мысалға, Qiwi төлем терминалдары арқылы фандрайзинг жүйесін іске қосқан кезде терминалды қолданушылардың бірлік аударымдарының көлемі әдеттегідей көп еместігінен, түскен қаражатты бірден қолданысқа бермей белгілі уақыт ішінде шоғырландырса пайдасы көп болады деген шешім қабылдадық.

Қазіргі сәтте әр түрлі адардардың ортақ күшімен жиналған сома (өкінішке орай әрбіреуіне алғысымызды айта алмаймыз, оған қоса есімдерін де білмейміз) Қордың жобаларының біреуіне қосуға жеткілікті болды.

Ол соманы Қызылорда қаласының «Сәби үйі» ММ-сі және Алматы облысының Қарақастек ауылындағы «Сәби үйі» ДСММ-сі сияқты балалар әлеуметтік мекемелеріне медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсадық. Қызылордаға жүйке жүйесінің ауыруына шалдыққан балаларға физиотерапия аппараты, сондай-ақ массаж жасайтын құралдың жинағы сатып алынды. Ал Қарақастекке медициналық аспаптар мен ыдыстарды стерилдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы әуелі-үрмелі шкафы және стерилдендіруге арналған арнайы қорап табыс етілді.

Былай қарағанда Qiwi терминалдары арқылы түсіпе жатқан аздаған жарнаның арқасында жоғарыда аталған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жетім балалармен әке-шешесінің қармқорлығысыз қалған балалар өз денсаулықтарын жақсарта алады.

Достар, сіздердің ықыластарыңыз үшін, көрсеткен жомарттылық пен кең пейілдіктеріңіз үшін мың да бір рахмет! Жасаған жақсылықтарыңызға алла жар болсын. Барлықтарыңызға табыс, зор денсаулық және өркендеу тілейміз.

Қайырымдылық жарна жасау үшін кез – келген Qiwi төлем терминалдарының қасына тоқтап қаражатыңызды шотқа жіберсеңіз болғаны, ол үшін терминалдың экранында «Басқадай қызмет» таңдап, «Қайырымдылық» пернесін басып, «Сәби» Қорын тауып жанашырлық жәрдеміңізді жіберсеңіз болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English