Category

Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы балалр үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың салынуын іске асыру жолындағы маңызды кезеңдерінің бірін қорытындылаймыз.

Қазіргі сәтте нысанда сыртқы инженерлі желілерді орнату жұмыстары толық аяқталды және соған қатысты керекті құжаттар нысанды қолданысқа беру үшін мемлекеттік органдарға өткізілді.

Сондай-ақ бүкіл тұрғын корпустарында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды ал көктемде аумақта соңғы көгаландыру жұмыстары жоспарлануда.

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Сәби» Қайырымдылық Қорының қолдауымен салынған жаңа объект – «Мейірім» жастарды бейімдеу ортылығының (Балалар үйінің түлектеріне аралған әлеуметтік жатақхана) ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының және облысының басшылары, «Сәби» Қорының серіктес құрылтайшысы, меценат Кеңес Ракишев пен кешеннің болашақ тұрңындары қатысты.

Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталған. Тәрбиеленушілердің оқу-тәжірибелік процессін жақсарту үшін жағдайлар жасалған. Осы орайда жобада тігін цехы, аяқ киім жөндеу шеберханас, гүл дүкені, сұлулық салоны, директордың қабылдау бөлмесі, кеңселер, бухгалтерия, акт залы және емдік жаттығуға арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, бірбөлмелі 16 пәтері бар тұрғын корпусы салынды. Оның бірінші қабаты мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Келер жылы көктемде құрылыстың екінші этапын аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындары түгелдей кешенге орналастыру, ғимарат маңын көгалдандыру және спорт алаңқайларын орнату да осы мерзімде жасалмақ.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласының балалар үйінің түлектеріне арналған леуметтік хатақхананың құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі кезде жалпы саны 80 пәтерді құрайтын 4 тұрғын ғимараттары тұрғызылды. Оған қоса өндірістік жайы бар әкімшілік ғимараты да салынды. Өрт сөндіру насос станциясы мен трансформаторлық подстанцияны салу жұмыстары аяқталды. Ғиаратқа керекті сыртқы коммуникациялар тартылды, ішкіалаңды желілерді жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жатақхананы салу жұмыстары барлық блоктардағы әрлеу жұмыстарымен сыртқы жұмыстарды жүргізу кезеңінде жетті.

Бірнеше айдан кейін әлеуметтік нысанның салтанатты түрде ашылуы болады, бұл деген Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің ондаған тәрбиеленушілері 28 жасқа дейін тұрғын үйлеріне ие болып болашақ ересек және табысты өмірлеріне алғашқы қадамын басады.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбедегі балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың құрылысы қарқынды өтуде.

Өткен төрт айдың ішінде жобаның ЖСҚна және сыртқы тораптың ЖСҚна комплексті идарадан тыс сараптамадан жағымды қорытынды алынды. Жергілікті ГАС-те құрылыс-монтаждың жұмыстарын іске қосуға байланысты тиісті ескертулер тіркелген. Жерді өсімдік қабаттарынан тазартып , аумақты берілген шекарада қоршау орнатылды, қажетті қуат мөлшерінде уақытылы байланыс жасау жұмыстары жүргізілді.

Барлық шұңқырлармен бетон дайындау жұмыстарын жобалау 100% жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылғының негізгі жұмыстары және басты кеңселік ғимаратпен 4 тұрғын үйдің іргетасы қаланып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік жатақхананың құрылысының тағы бір күрделі кезеңін іске асырдық.

Барлық жобалық-смета құжаттары толығымен дайындалып, қазіргі уақытта тиісті инстанциялардар келісу жүргізілгеннен кейін мемлекеттік сараптамаға тапсырылатын болады.

Сыртқы инженерлі желілердің жобалық-смета құжаттарын әзірлеу жұмыстары да аяқталды, қажетті келісімдер де жүргізілді, жоба мемлекеттік сараптамаға өткізіліп те қойылды.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік жатақхананың құрылысының жобалық – сметалық құжаттамасының (ЖСҚ) әзірленуі жалғасып жатыр.

Қазіргі кезде жер телімінің мемлекеттік актісі дайын, геодезиялық және геологиялық іздеулер жасалынды, жобаның алғашқы сұлбасы бекітілді, керекті барлық техникалық шарттар тиісті мекемелерден алынды және архитектуралық – жобалық тапсырма (АЖТ).

Жер телімін жоспарлау мен тазарту жұмыстары, қоршаудың құрастыру жұмыстары және уақытша ғимараттың тұрғызу жұмыстары басталды.

Әлеуметтік жатақхана құрылысы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Қазіргі уақытта балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақхананың жер учаскісінде инженерлі – геологиялық іздеулер жұмыстары аяқталды.

16 геологиялық барлау ұңғымасы бұрғыланып, лабораториялық сынаулардан 26 топырақ үлгілері таңдалып қасеттері мен құрамдары анықталды.

Бұрғыланған ұңғыманың далалық құжаттамасы және лабораториялық зерттеулердің нәтижелері мәрдігердің бірімен инженерлі – геологиялық іздеулер бойынша дайындалған техникалық есептемені жасаудың басты негізі болды.

Әлеуметтік жатақхананың құрылысы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Осы жылдың ақпан айында денсаулық жетілудің ауытқуы бар балалар үйлерінің түлектеріне арнап леуметтік жатақхананың құрылысына Ақтөбе қаласының әкімшілігі жалпы ауданы 3 га болатын жер бөлді.

Қазіргі таңда керекті келісімдерді бақылау инстанцияларынан алдық, жерге орналастыру құжаттары да дайын, оған қоса топографиялы – геодезия жұмыстары жер телімінде жүргізіліп болды.

Енді біз жобаның жобалаумен және құрылысты бастауға әкімшіліктің қаулысы дайындалуда, содан кейін сәулеттік-жоспарлық тапсырма және пайдаланушы мекемелердің техникалық шарттарын жинауға кірісеміз.

Әлеуметтік жатақхананың құрылысы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

 леуметтік жатақхананың құрылысы. Кезеңдер «Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақханасын жоба бойынша салу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда тиісті мекемелерде келісімде жатқан Нобай жобасы дайын.

Жобаның құрылысына сәйкес жалпы ауданы 2,7 га болатын телімінде екі 2-қабатты 2-кіреберісті таунхаус және екі 2-қабатты 3-кіреберісті 80 орынды бірнеше бөлікке бөлінген таунхаус тұрғызылады. Бірінші қабаттар арбалы-мүгедектерге арналған. Сонымен қатар бірінші қабаттың әр бөлігінде 2 түсті тамбур, дәліз және баспалдақ торы бар және жалпы ауданы 41 шаршы метр болатын 4 бір бөлмелі пәтерлер бар. Барлық пәтерлерде кіреберіс, жуынатын бөлме, тұрғын бөлме, ас-үй және лоджия бар. 2-ші қабатта да 4 бір бөлмелі пәтерлер орналасқан.

кімшілік ғимараты әлеуметтік жатақхананың басқаруына және қызмет көрсетуіне, сол жерде тұрып жатқандарға оқу-өндіріс жүрісін ұйымдастыруға сонымен қатар олардың бос уақытын өткізуге арналған. Сол мақсатпен ғимараттың ішінде бастыққа қабылдау бөлмесі бар кабинет, бухгалтерия, кеңселер және көмекші жайлар қарастырылған. Оқу – өндірістік аудандарға шаштараз, фото-көшірме жасайтын цех, аяқ киім жөндеу және тігін цехі бар, сол цехтердің аясында мекеменің тәрбиеленушілері әртүрлі кәсіптерді үйренеді, жұмыс тәжірибесінен өтеді және еңбек қызметімен айналысады. Сөйтіп өздеріне бастапқы қаржылай ауқаттылығын және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді. кімшілік ғимараттың қоғамдық бөлігінде вестибюлімен мәжіліс залы және киім шешетін орынмен жабдықталған спорттық – оңалту залы орналасқан. Техникалық бөлімі мәжіліс залының артында болады. Жылумен қамтамасыз ету үшін аумақта дербес газ жылу бөлмесі қарастырылған.

Мекеменің аумағында әртүрлі спорт ойындарына арналған көпфункционалды спорт алаңы салынады, таза ауада жаттығу алаңы болады, 30 көлікке арналған көлік тұрағы мен техникалық ғимарат блогі салынады.

Сонымен қатар жоба бойынша құрылыстың аумағын аббаттандыру қарастырылған: өрттен сақтану ережелері бар асфальтталған жол, жаяужол, тас төселген бақша жолы ғимарат пен үйлердің арасымен қыдырып жүретін жол салынады. Оған қоса гүлбақша мен гүлалаң болады, кішкентай архитектуралы пішіндер қойылады, жас көшеттер отырғызылады.

Аумақтық жалпы ауданы – 4,03 Га, қолданылатын ауданы 2,70 Га. Құрылыстың жалпы ауданы 4300 шаршы метр. Нысандардың барлығы заманауи ҚР нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

Фотосуреттер мында.

Ақтобе қаласында әлеуметтік жатақхананың салынуы

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

«Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу жобасының аясында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, денсаулығының ауытқуына бейімделген леуметтік жатақхана құрылысын салуды бастады.

Бұл шешім Ақтобе қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органдарына арнайы іс-сапаралармен кеңестердің нәтижесінде, деректердің талдауының нәтижесінде сонымен қатар Ақтобе облысы мен қаласының әкімдерімен келіссөздер жүргізілген кезде және олардың қолдаумен біздің ынтамыз қабылданды.

Алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ақтобе облысында тек қана бір Жастар үйі жұмыс істейді, сол үйге облыстың интернаттық мекемелерінен кейін әлеуметтік бейімделу мақсатымен ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар түседі. 1971 жылы салынып сапасы жағынан және табиғи әбден ескірген ғимарат, 100 орынға арналған, бірақта балаларды облыстың әр түкпірінен үздіксіз қабылдап толып кеткен. Бос орындардың тапшылығынан басқа балалар үйлерінің түлектерінің ерекше бір мәселесі бар ол дамуының шектеулігінде, сондықтан оларға бөлек тұру керек сосын әлеуметтік бейімделу уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ және әрдайым әлеуметтік – психологиялық сүйеуде қажет. Осындай балалар санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа ғимараттың салынуы өткір қажет облып тұр.

леуметті – экономикалық дәлелдемелер бойынша жалпы сыйымдылығы 80 орын болатын, соның ішінде бірінші қабаты арнайы арбалы мүгедектерге арналған 2 қабатты таунхаустардың сериясын тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар түлектердің еңбектерін сауықтыру, оларға бастапқы қаржылық ауқаттылықты қамтамасыз ету мақсатында кішігірім цех салу жоспарлануда. Бұдан басқа спортзал мен мәжіліс залы салуды және спорт алаңын салуды қарастыруда. Барлық нысандар ҚР заманауи нормативті құжаттардың талаптарына сай болады. Салынатын ғимараттың жалпы ауданы шамамен 6000 шаршы метрді құрайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры леуметтік жатақхананың жобалауын, тұрғызылуын, толықтай жабдықтандыруын, сондай-ақ алаңның абаттандыуы мен көгалдандыруын өз басына алды. Барлық жұмыстардың аяқталуынан кейін және нысан қолданысқа тапсырылғаннан кейін ол болашақтағы қаржыландырумен оның жұмысын қамтамасыз ету үшін облыс әкімшілігінің есебіне тіркелінеді.

Русский

Қазақ тілі

English