Ақтобе қаласында әлеуметтік жатақхананың салынуы

«Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу жобасының аясында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, денсаулығының ауытқуына бейімделген леуметтік жатақхана құрылысын салуды бастады.

Бұл шешім Ақтобе қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органдарына арнайы іс-сапаралармен кеңестердің нәтижесінде, деректердің талдауының нәтижесінде сонымен қатар Ақтобе облысы мен қаласының әкімдерімен келіссөздер жүргізілген кезде және олардың қолдаумен біздің ынтамыз қабылданды.

Алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ақтобе облысында тек қана бір Жастар үйі жұмыс істейді, сол үйге облыстың интернаттық мекемелерінен кейін әлеуметтік бейімделу мақсатымен ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар түседі. 1971 жылы салынып сапасы жағынан және табиғи әбден ескірген ғимарат, 100 орынға арналған, бірақта балаларды облыстың әр түкпірінен үздіксіз қабылдап толып кеткен. Бос орындардың тапшылығынан басқа балалар үйлерінің түлектерінің ерекше бір мәселесі бар ол дамуының шектеулігінде, сондықтан оларға бөлек тұру керек сосын әлеуметтік бейімделу уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ және әрдайым әлеуметтік – психологиялық сүйеуде қажет. Осындай балалар санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа ғимараттың салынуы өткір қажет облып тұр.

леуметті – экономикалық дәлелдемелер бойынша жалпы сыйымдылығы 80 орын болатын, соның ішінде бірінші қабаты арнайы арбалы мүгедектерге арналған 2 қабатты таунхаустардың сериясын тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар түлектердің еңбектерін сауықтыру, оларға бастапқы қаржылық ауқаттылықты қамтамасыз ету мақсатында кішігірім цех салу жоспарлануда. Бұдан басқа спортзал мен мәжіліс залы салуды және спорт алаңын салуды қарастыруда. Барлық нысандар ҚР заманауи нормативті құжаттардың талаптарына сай болады. Салынатын ғимараттың жалпы ауданы шамамен 6000 шаршы метрді құрайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры леуметтік жатақхананың жобалауын, тұрғызылуын, толықтай жабдықтандыруын, сондай-ақ алаңның абаттандыуы мен көгалдандыруын өз басына алды. Барлық жұмыстардың аяқталуынан кейін және нысан қолданысқа тапсырылғаннан кейін ол болашақтағы қаржыландырумен оның жұмысын қамтамасыз ету үшін облыс әкімшілігінің есебіне тіркелінеді.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English