All Posts By

Фонд Саби

“Сәби” Қоры жайында

By | Жаңалықтар

Мен неге қайырымдылық жұмыстарымен айналысамын және қорды қандай мақсатта аштым? Маған осы сұрақтар жиі қойылады.
Біздің қоғамда қайырымдылық тек пиар үшін жасалады немесе жеке басынан өткергендей қиыншылықты өзгелер көрмесін деген ниетпен жәрдем етеді деген қате пікір қалыптасқан.

Мен үнемі қоғамға пайдалы болуды іштей қажетсінемін. Отбасым мен жақындарымның ғана жанынан табылғаным маған аздық етеді. Сондықтан да қайырымдылықпен айналысамын. Тіпті, сырт көздің мақтауы мен пікіріне мұқтаж емеспін. Барлығын өзімнің ішкі-дүниемнің тепе-теңдігі үшін жасаймын.
лбетте, бұл қысқа уақыттық қызығушылық емес. Қорда өткізген 15 жыл уақыт қайырымды іске деген құлшынысымды жоғалта алмады. Бұл – ғұмырлық жұмыс деп ойлаймын. Ауру-сырқау жандарды дертінен айықтырар қасиетке ие емеспін, балалық шақтың қызығына қана алмаған жетім-жесірдің жадындағы ауыр естеліктерді де жоюға күшім жетпейді. Тек тағдыры қилы жандардың өмірін жақсартам деген үлкен ықылас пен сенім бар.

Қазір 15 жылдың ішінде атқарылған игі істер мен қор жұмысының келелі еңбегін сөз етуді жөн көрмедім. Бұл бастаудың нәтижесі мен қажеттілігін уақыт көрсететініне сенемін.

Өз байқағанымды айтар болсам, жылдар бойы жасалған қайырымдылық жұмыс маған көп нәрсе берді. Бейтаныс жандардың өміріне жақсы жағынан ықпал ету, кез-келген ауыртпашылықты бөлісе көтеру, адамгершілік пен мейірім – өмірге өзгеріс енгізеді. Міне, осы секілді сезім менің өмірімді толыққанды әрі жарқын етеді, жан тыныштығын сыйлайды.

«Сәби» Қоры – менің бір бөлшегім. Осы уақытқа дейін көңілімді қалдырған емес. Менің ең батыл деген шешімдерім мен идеяларымды жүзеге асыра білді. Қорымыздың өміріне қатысы бар барша жандарға, достарға, меценаттар мен демеушілерімізге алғысым зор!

Сондай-ақ, сенімді әрі бірлігі мықты командама ерекше алғысымды білдіремін!

Сіздермен бірге, сел Тасмағамбетова.

“Әлем” Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастыруда

By | «Әлем» бағдарламасы

" лем" Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастырудаЖас дарындарды қолдайтын ” лем” бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар аудартқан жас талант Павлодар қаласының тумасы Омар Қуанышев.

Омар қазір К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатында оқиды. Алдағы уақытта ол оқуын П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында жалғастыруды армандайды.

Жас музыкантттың шеберлігіне баға беру танымал музыкант Еркебұлан Сапарбаевқа, сонымен қатар біздің тұрақты сарапшымыз Ренат Гайсинге ұсынылған болатын. Омар аспапты қолға алғаннан-ақ әділқазы алқаларын өзіне қаратып, танымал туындылардың жылдам және қиын бөліктерін жоғары деңгейде орындауының арқасында оң бағаға ие болды. Жас скрипкашының өнерін тамашалағаннан кейін қазақстандық танымал музыканттар бір шешімге келді – ол өз бойындағы таланты мен қабілетін ұштай беруі керек.

Осы үшін де “Сәби” қорының басшылығы Омарды ” лем” бағдарламасының қатысушылары қатарына қосып, оның П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білім алуына көмектесуге шешім қабылдады. Армандар міндетті түрде орындалуы керек!

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезең

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезеңКөктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім қабылдамаған түлектер үшін, мамандық таңдап шешім қабылдауға өте аз уақыт қалды.

«Сәби» қорының білім беру жобасы аясында осы аптада кәсіби бағдарлы балалар ұйымдарының 42 тәрбиеленушісіне демеушілік жасау мақсатында тестілеудің 2-ші кезеңі өткізілді. Бірінші кезең өткен жылдың қазан айында өткен болатын.

Балалардың айтуынша, арнайы тестілеуден өте отыра, олар болашақ дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болған, және олардың мамандықты таңдап жоғары оқу орындарына түсуі үшін кәсіби психолог тің кеңестері көп септігін тигізген.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Наурыз мерекесі құтты болсын!«Сәби» Қайырымдылық Қоры барлықтарыңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Осындай тамаша мерекенің қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

Коктем мезгілінің жаңаруы мен келуін білдіретін Наурыз мерекесі сіздерге күш әкелсін және жаңа бастамаларға сіздерді рухтандырып ақ пейілдеріңізге ұмтылуға қуат берсін.

Халықаралық әйелдер күнімен!

By | Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күнімен!Қадірлі ханымдар, шын жүректен сіздерді 8 наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Осы және кейінгі күндеріңіз ең жылы және жарқын сезімге толы болсын.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, бақытты болыңыздар, сүйікті болыңыздар.
Бар қиыншылықтар сіздерден және жақындарыңыздан аулақ жүрсін. Өйткені өмірді сәнімен, нәзіктілігімен және үйлесімділігімен толтыратын сіздер!

рқашанда сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Өз ісіңді жаса 2016-2017» байқауының корытындысы

By | Жаңалықтар

«Өз ісіңді жаса 2016-2017» байқауының корытындысыБүгін Алматыда «Сәби» Қайрымыдылық Қоры осы жылы 4 рет өткізіліп отырған «Өз ісіңді жаса» байқауының корытындысын жариялады. Осы жылдар ішінде бұл жекпе жек жай ғана бауқаудан еліміздің жас кәсіпкерлерін қолдайтын теңі жоқ үлкен жобаға айналды.

Байқау былтырғы жылы қараша айында ашық деп жарияланды. Сол уақыттан бастап бауқауда Қазақстан әр түкпірінен 18-35 жас аралығындағы 434 кәсіпкерлер өз жобаларымен қатысты. Шорт-листке 33 жоба іріктендірілді. Іріктеу коммисиясымен бизнес-пландар толық қаралғаннан кейін 8 финалистке жалпы алғанда 220 000 АҚШ доллары табыс етілді.

Соның ішіндегі 50000 АҚШ долларын шамасындағы ең үлкен ақшалай грантын Ақтау қаласының «болашақ аналарға арналған киіммен аксессуарларды шығаратын «Дәрия» атты брэндтың өндірісін кеңету» жобасы жеңіп алды (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1591).

3 финалист 30 000 доллар ақшалай грантына ие болды, олар:

1. Алматы облысының Талдыкорган қаласындағы тракторлармен арнайы техникаларына қызмет көрсеттен құрама жөндеу базасы. (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1565);

2. Аграрлық комплекс, «Тансар» халық шаруашылығы, Қарағанды облысы, Абай қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1553);

3. «Дарьинка» атты сүт тағамдарын өндіретін зауыт, Батыс-Қазақстан облысы, Зеленовский ауданы, Чеботарево ауылы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1420).

Оған қоса байқауда тағы 4 жоба-жеңімпаздар анықталды, оларға 20 000 доллар шамасында сыйақы берілді, олар:

1. «Qazaqstudy. Қазақ тілін үйрену», Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1595);

2. «Дядя дятел». Ағаш жихаздарымен ойыншықтар шеберханасы», Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1588);

3. «Aquapoint – денсаулыққа пайдалы су көзі», Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1753);

4. «Balalaroom. Балалрға арналған спорттық үстел ойындарын жасау» Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1421).

«Сәби» Қорының серіктестерінен жобаларды алға бастыру үшін және ақысыз жарнамаға ақшалай емес көмек түрінде қосымша қолдауға байқаудың келесі жобалары ие болды:

1. Tumar. Жол қауіпсіздігі саласындағы білім және жарықты шағылыстыратын киіммен аксессуарларды жасау және сату, Алматы қаласы; (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1981);
2. Invamade, сыйлықтар дүкені, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/2089).

Барлық жобаларға байқауға қатысқандары үшін алғыс айтамыз және де істерініздің алға басуына тілектеспіз!

Байқаудың фотосуреттерін мына жерден қараңыз

Жас ақындардың құлақтарына алтын сырға!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындардың құлақтарына алтын сырға! «Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.

Басты жүлде – ноутбук және дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының гранты бойынша Қазақстанның қоғамдық ЖОО-ның бірінде тегін оқуға мүмкіндік.

Өздеріңнің үздік өлеңдеріңді alem@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуге асығыңыздар

Толығырақ сілтеме арқылы

Брусиловский атындағы көше

By | Өңтүстік астананың көшелер

Брусиловский атындағы көшеБрусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы “Тастақ” ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Өз атауын тек еліміздің егемендігімен қатар алған бұл көше 1990 жылдың орта шеніне дейін Лев Рудневтің есімімен аталған.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905—1981) – кеңес кезеңінің композиторы. Қазақ КСР-ның xалық әртісі (1936). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты (1948).

Алғашқы қазақ операларының, оркестрге арналған туындылардың авторы. Композитор қаламынан тоғыз опера, төрт балет, тоғыз симфония мен 500-ге жуық ән мен романс туған. Ол Қазақстанның 1945—1992 және 1992—2006 жылдардағы Мемлекеттік гимн әні авторларының бірі.

Евгений Григорьевич 1931 жылы Ленинград консерваториясын бітірген. Алматыға 1933 жылы Композиторлар одағының бағыттамасымен келген. Ол аз ғана уақыттың ішінде қазақ әуенінің терең қатпарларына бойлай білді, оны бар жан-жүрегімен сезіне отырып, қазақ xалық әуенінің классикалық музыка түрлеріндегі дыбыстарына өз шығармашылығының жаңғырығын жеткізді. Уақыт өте келе Брусиловский айналасындағы өмір қайнай түсті. Музыкалық дарыны бар қазақ жастары оған қарай ұмтылды. Евгений Брусиловский көзі тірісінде-ақ өзі жазған шығармаларымен қоймай, талантты саңлақ шәкірттерінің тобымен де мақтана алатын еді.

Евгений Брусиловскийдің есімі Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Еркеғали Рахмадиев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұxамеджанов сынды қазақ классикалық музыка қайраткерлерінің есімдерімен қатар тұр.

Израйльдегі студенттердің өмірі

By | «Әлем» бағдарламасы

 зрайльдегі студенттердің өмірі Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік мектебінде оқуға грант бөлді.оқуға аттанған сәттен біз олардың жетістіктерімен жеке өмірлерін бақылап оқу деңгейі жөніндегі жақсы хабарларды қуана алудамыз.

Бірақта басқа мемлекетке келген сәттен бастап балаларға бәрі оңайға тиген жоқ. Басында біздің оқу үлгісіне қарағанда ерекшелінетін оқуға әдеттену керек болды. Тілдік кедергісі қатты сезілді, өйткені көбісі зврит тілінде сөйлейді. Бұндай қиындықтардан жеңіл өту үшін жергілікті оқу орнының мұғалімдерімен кураторлары көмектесті. Сөйтіп қазақстандық және жергілікті студенттерді бірыңғай достастық командасына жинады.

Оқушылардың беімделуіне зрайльдегі Қазақстан Республикасының елшілігі үлкен көмек көрсетті. Балаларды бірнеше рет әртүрлі шараларға шақырды соның ішінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Жаңа жыл.

Оқу бағдарламасының қиындығына қарамастан балаларға оқу өте ұнайды. Олардың айқандарына жүгінсек барлық мұғалімдер шыдамды ал курстас балалар өте тату және бауырмал.

Русский

Қазақ тілі

English