Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен

Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде өткізілетін бірінші кезең нәтижесі бойынша, түлектер орта білім алғандығы туралы куәлік алады. Ал емтиxанның екінші кезеңі еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін негіз болады.

Мектеп түлектері үшін ҰБТ – олардың болашақтағы мамандықтарын және жоғарғы оқу орнын анықтайтын жауапты да маңызды қадам. Ал емтиxан тапсырудың жаңа үлгісінен алғашқы боп өту – екі есе көңіл толқытарлық жағдай.

“Сәби” Қоры Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардың балалар интернатына бітіру және қабылдау емтиxандарына дайындалуға көмек көрсетеді. Бұл үшін Қор өзін сенімді серіктес ретінде танытқан “Достық” білім беру орталығында білім беру жобасы аясында 1-қазаннан бастап 8 айлық ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастырды.

Біз, 2016-2017 оқу жылының көлемінде қамқорлығымыздағы түлектердің аралық тестілеу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісіп отыратын боламыз және олар емтиxанды лайықты түрде тапсырып өздеріне жұмсалған күш пен артылған сенімді ақтайды деген үміттеміз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English