Көп аздан құралады (жапон мәтелі)

Көп аздан құралады (жапон мәтелі) Достар!

«QIWI»төлем терминалдары арқылы «Сәби» Қорына аударып отырған көмектеріңіздің арқасында үлкен, әрі маңызды істі іске асыруға жеткілікті қаражат жиналды.

Алматы облысындағы Іле ауданында орналасқан «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне тігу цехін кеңетуге тігін жабдықтарын сатып алдық.

Енді «Жігер» МҚБ-гі перделер, төсек тыстарын және киім тігу қызметтерін сатып алу мемлекеттік тендерлеріне қатысып үлкен тапсырыстарды орындау мүмкіншілігіне ие болды.

«QIWI» төлем терминалдары арқылы жіберген көмектеріңіз аз да болса көптеген мүгедек адамдардың еңбекке баулып, өмірін жақсартуға мүмкіндік берді.
Сіздердің қайырымдылықтарыңыз бен ықыластарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English