QIWI – қайырымдылық жарнасына 5 жыл

QIWI - қайырымдылық жарнасына 5 жыл Достар!

2011 жылдың сәуір айында «Сәби» Қоры QIWI төлем терминалдары арқылы (ол кезде ОСМП) қайырымдылық жарнаны қабылдау ашты. Бұл мұқтаж адамдарға көмек көрсеткісі келетіндерге өз уақытын кетірмей тез әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Көбінесе қайырымдылық жарнаның аздығына қарамастан 5 жылдың ішінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 1 000 000 теңгеге жетті. Яғни бұл біздің ұстанымызды тағы да дәлелдейді: жиналған әр тенге маңызды және бірге біз күшпіз!

Арнайы шотта сіздерден түскен қаражатты жинап, біздің Қор үлкен мәселелерді шеше алды:

– 2013 жылы Қызылорда қаласының Сәбилер үйіне жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын, балалардың физиотерапиясына арналған арнайы аппарат және массаж жасайтын құралдың жинағы сатып алынды.

– 2013 жылы Алматы облысының Қарақастек ауылының Сәбилер үйіне медициналық аспаптар мен ыдыстарды стерилдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы әуелі-үрмелі шкаф және стерилдендіруге арналған арнайы қорап сатып алынды;

– 2015 жылы 1 топтағы мүгедек, жас Петропавл тұрғынына күш-қуатты жаттықтырғыш және үйде жұмыс істейтін ноутбук сатып алынды;

– 2015 жылы Алматы қаласының Балалар жұқпалы ауруларды емдеу емханасына тамақтануға және ойын сабағы арналған жиһаздың 8 жинағы сатып алынды;

– 2015 жылы Алматы қалалық балаларды оңалту орталығына кеңсе тауарлардың бір жылдық қоры сатып алынды.

Көріп отырғандай сіздердің қайырымдылық ішкі дүниеңіздің кеңдігін көре тұра сіздерден жиналған әр теңгеден біз барынша пайда шығаруға тырыстық!

Шын жүректен сіздерге ақжүректігіңіз, қайырымдылығыңыз және жылы лебіздеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің үміттеріңізді болашақта баршалықты ақтауға біз бар күшімізді саламыз!

Сіздің «Сәби» қорыңыз

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English