Зейін Шашкин атындағы көше

Зейін Шашкин атындағы көше Алматы қаласында кіші Алматы өзенінің сол саласы Есентайдан шығысқа қарай орналасқан, бастауын Тимирязев көшесінен бастайтын және Попов, Аль – Фараби сияқты 2 көшемен қиылысатын 1 километр шамасындағы кішкентай көше бар. Ол көшенің атауы қазақ совет жазушысы, драматургі, дәрігері, ғалымы Зейін Шашкинмен аталған.

Зейін Шашкин (1912 – 1966 гг.) басқада оның замандастары секілді көптеген қиыншылық көрген адам. Тірі кезінде оны «қазақ Чеховы» деп атаған: медициналық білім ала тұра және дәрігер ретінде практикасы бола тұра ол Мәскеудің тарих, философия және әдебиет институтын бітіріп өзінің «дәрігерлік» жолын әдебиетте Чеховтың, Вересаевтың, Булгаковтың, Конан Дойлдың іздерімен жалғастырды.
Қарағандының қалалық комсомолдар комитетінің хатшысы, Алма –Атамен Семейдің педагогикалық институттарының мұғалімі болды.

30-шы жылдары ең бірінші шығармалары жарық көрді. Ең танымалдары боп «Абай поэзиясының ерекшеліктері» (1934) атты әдебиеттану еңбегі болды және бірнеше жылдан кейін Е. смаиловпен бірлесіп ЖОО-на арналған « дебиеттің теориясының оқулығын» жазды. Содан кейін жазушының өмірінде қиын кезендер басталды, қуғындарда ұшыралды. «Халық жауы» деген таңбасы зиялы азаматтың ауыртпалығы дәл жас кездеріне келді. Ақталып шыққанға дейін шыдасада сол кездерінде денсаулығына зиян келтіріп алды. Соңында көптеген жұмыстарын бітірді, бірақ өмірден творчестволық күшінің кемелдегенген кезінде, 54 жасында өтті.

1956 жылдан бастап «Таң атты» атты әңгімесі жарық көргеннен кейін оның өмірінде көптеген өзгерістер болды. ңгімелері жинақтары бірінен соң бірі шықты: «Темірқазық», «Өмір тынысы», «Ақбота». Кейінірек Зейін Шашкин «Тоқаш Бокин», «Теміртау», «Доктор Дарханов » «Сенім» атты үлкен романдар жаза бастады. Сол романдарда өзінің қөзқарасы және бүкіл «дәрігерлік» философиясы мен өмірлік ұстанымы көрсетелді. Бұл шығармаларында ол тап күресі, халықтың жасампаз еңбегі, қазіргі заманғы қазақ әйелінің қоғамдағы орны, дәрігердің міндеті және жалпы зиялылардың қоғамға деген міндеті,тыңды бағындырушылардың еңбектегі ерлігі сияқты қиын әлеуметтік үдерісті көрсетеді.

Зейін Шашкин театр өнерінде мойындады. «Заман осылай басталады» және «Ақын жүрегі» атты пьесалары республикалық және областық сахналарында табысты өтті. Оның шығармасы бойынша «Мазасыз таң» атты көркем фильм түсірілді. Зейін Шашкиннің шығармалары СССР халықтарының бірнеше тілдеріне аударылды.

Атақты жазушының Қазақстанның жазушылар одағында жұмыс істеген кездерінде жастарға деген үлкен назар аударғаны туралы Мырзатай Жолдасбеков үлкен жылулықпен еске алады.

Елімізде көптеген өзгерістер болды, біріншіден – идеология, рухани байлығымыз алмасты, бірақта адамда ең бастысы – адамгершілік, мейірбандылық, белсенді жайғасым бұрынғыдай бар екендігін яғни дәрігер –жазушының сендіргені әлі сақталды.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English