Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер

Жетім және әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасы түріндегі Балалар ауылының салынуына «Сәби» Қайырымдылық Қорына Астана қаласында жер учаскесі бөлінгені туралы хабарлағанбыз. Қазіргі кезде біздің қызметкерлеріміз соған қатысты керекті құжаттарды дайындауда.

Оған қоса, құрылысқа жоспарлау мен дайындық кезеңінде көптеген мәселелерді шешу керек болып отыр. Соның бірі – учаскіде инженерлі-геодезиялық және геологиялық іздеулер жүргізу. Казіргі кезде бұл жұмыс орындалды. Топографиялық түсіру мен жер құйқасын зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған барлық ақпарат келесі кезең болатын жоба-смета құжаттамасын жасау үшін аса маңызды.

Хабарларымызды қадағалап отырыңыздар

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English