Жолдарың болсын, түлектер!

Жолдарың болсын, түлектер! Жақында жыл сайын «Сәби» Қоры қаламыздың білім беру центрлерінің бірінде Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұйымдастырған Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық курстары аяқталды.

Алдында біз жобаға қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының барлығы өз нәтижелерімен мақтана алмағанын жазып кеттік: мектеп бағдарламасына қосымша түскен ауыртпалық қиынға соқты. Негізгі тестілеуге 8 ай бойы созылған жол оңай болған жоқ. Тіпті балалар ауырып қалып немесе басқа себептермен сабақтарын жіберіп қалған күндері болды. Бірақ оған қарамай көбісі біртіндеп қиынға соққан сабақтарының кемістіктерін жоя бостады. Олар нәтижелерін жақсартып және тұрақты жақсы балдар көрсетті.

Оқу курсы бойы Қордың жағынан білім беру ортылығының тәлімгерлермен, балалар үйінің тәрбиешілерімен және оқушылардың өздерімен жан жақты байланыс жасалды. Енді балалардың әрбірі сеніммен өзінің алғашқы маңызды емтиханың тапсырады деп үміттенеміз.

Жолдарың болсын!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English