Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында

Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет туындаларының Республикалық сынақ байқауы өтті.

Қатаң іріктеудің нәтижесінде 2012 жылы Сәби Қорының күшімен тұрғызылған Қызылорда қаласындағы Сәби үйінің жобасы «құрылыс» номинациясында І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жобаның авторлары, сәулетшілер мен конструкторлар тобы Лауреат атақтарына ие болды.

Қазақстанның сәулет өнері мен қала құрылысы саласындағы беделді сарапшылар, сонымен қатар Ресейден арнайы шақырылған кәсіпқойлардың пікірі бойынша әлеуметтік нысан ең жоғарғы сапа стандарттарына сай орындалса, азаматтық құрылыс нысандарымен бірге бағаланып қана қоймай, жеке алынған қаланың ғана емес бүкіл мемлекеттің нағыз әшекейі болып саналады.

Біз салған Сәби үйді мақтан тұтамыз!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English