Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық

Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық Бірнеше күн бұрын № 1 алматылық жетімдер үйінің шебер қолдар үйірмесінің тәрбиеленушілері біздің Қордан перфоратор, дискті электр ара, ажарлағыш машина, электр қыл ара және оларға қосалқы бөлшектерді сыйға алды. Аталған саймандар жаңа жыл қарсаңында алынған 2 ұсталық жинаққа қосымша берілді.

Ер балалардың тұрмыста бейімділігін арттыру үшін біз осындай сыйлықтар жасадық. Өйткені осындай үй шаруасындағы жұмыс істейтін құралдармен еппен қолдану болашақта азаматтарымызға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар жұмысқа тұрған кезде де икемшілік орынды болады. Мүмкін балалардың кейбіреулері кейіннен өз өмірін жиһаз жасаушы, ұста немесе ағаш шебері мамандығымен байлайтын да шығар.

Балалық шақтан бастап еңбекке баулу – интернатты мекемелердің түлектерді әлеуметтендіріп және бейімделуге көп үлесін қосады. Сондықтан «Сәби» Қорына келіп түскен сұраныстардың арасында осындай, «пайдалы» көмек сұрағандарға әрқашанда қолдау көрсетіп отырамыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English