Сәбилер үйінің жаңа ғимараты

Сәбилер үйінің жаңа ғимараты Достар!

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Сәбилер үйінің ғимаратын салу үшін бекітілген жобаны іске асыру бойынша «Сәби» Қайрылымдылық Қоры қызу жұмыс үстінде. Өз тарапымыздан біз бар күшімен ат салысып және қаржылай көмек жасап жатқан барлық филантроптарға алғысымызды шын жүректен білдіргіміз келіп отыр.

Болашақта бұл жоба екіқабатты, замануи, жайлы бөлмелері қарастырылған, жиһаз бен технологиялық қондырғылармен жабдықталған, барлық құрылыс нормалары мен ережелеріне сай, көлемі 1700 шаршы метрден асатын әсем ғимаратқа айналатын болады. Сонымен қатар, бас жоспармен балалар ойнайтын арнайы павильон, шаруашылық және техникалық құрылыстар, жасыл желек сияяқты сыртқы инфрақұрылым да қарастырылатын болады.

Айтылған әлеуметтік орынның кішкентай тәрбиеленушілері Қордың атынан тағы да қосымша сыйлықтарға ие болады, олар: бүкіл әлем қолданып жүрген Монтессори материалдарымен жабдықталған бөлме және таза ауада ойнау үшін Ксил балалар алаңы. Ал жұмыр тасты жылғалардан ағатын бұрқақ ыстық күндерде жайлы микроклиматты жасайды.

Қазіргі Сәбилер үйінің құлағалы тұрған күйін көре тұра біздің Қорға жаңа ғимаратты салу идеясы туылды. Бірақ та көздеп тұрған мақсаттарымыз жобаны одан ары қомақты етіп отыр: Балалардың туған үйдің тұрмысындағы жайға жақын орын-жайлар олардың физикалық және психологиялық түрдегі саулығын арттыра түседі, сонымен қатар ары қарай дауына ықпал етеді.

Жұмыскерлерге келетін болсақ, олардың тәрбиелеу және логопедтік қызметін жақсарта тұрып, баланың әлеуметтік түрде ешкімнен кем қылдырмай өсіріп, туған немесе жаңа жанұяда тұрып кетуіне мүмкіндік береді.

Егер де сіздер осы жобабызды ары қарай дамуына ниет білдірсеңіз, онда бізбен пошта немесе телефон арқылы хабарласыңыз!

Біздің есеп-шот.

Ғимарттың эскизді жобасын осы жерден тамашалай аласыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English