Hamilton тыныс алуға көмектеседі

Hamilton тыныс алуға көмектеседі «Сәби» Қоры өзінің «Медициналық жобасы» бойынша қызметін жалғастыруда, оның аясында медициналық мекемелерге жабдықтар мен медикаменттермен қамтамасыздандыру, пациенттерге лайықты емделу шараларын өткізу, сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқастарға көмек көрсету сияқты үшін зор жұмыстар атқарылып отыр: палаталар мен ойын орындарының күрделі жөндеуден бастап операциялық және емделу-диагностикалық блоктарды толығымен жабдықтаумен бітеді. Жоба бойынша республикамыздың 14 мекемесіне көмек көрсетілді.

Жаңа жылдың қарсаңында Маңғыстау облыстық инфекциалық емханасына Фонд атынан реанимациялық бөлімде қолдануға арналған Швейцариялық Hamilton-C2 атты өкпені жасанды түрде вентиляциалау аппараты сыйға тартылды. Емхананың өтінішінде бұл аппарат кішкентай пациенттер үшін керек деп түсіндірілгенмен, дегенмен біз мекемеде ересектер мен балалардың емделіп жүрген ерекшілігін ескердік. Осыған байланысты әр түрлі жасты науқастарға көмек көрсету үшін Қор осы қондырғыны ұлғайтылған құрамдығымен сатып алуға шешім ұйғарды.

Тағы бір айтылып кететін бір жайт салмағы жарты килограммнан бастап жаңа туылған балаларға бұл аппаратты қолдануға болады. Hamilton-C2 қолдана келе кейіннен жедел медициналық жәрдем көрсету барысында асқынған ішек және тыныс алу жолдарының вирустық инфекциалардан балалар мен нәрестелердің өлімін азайтуына мүмкіндік арттырады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English