Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда

Қазақстанның шалғай аймақтарында жас таланттарды іздестіруді жалғастыру мақсатында, «Сәби» Қоры жас дарындарды қолдау жөніндегі « лем» Бағдарламасының менеджерін жаңа іссапарға жіберу бастамасын көтерді. Барар жер – Қызылорда облысы болды, біздің Қор онда өз қызметін біреше жылдан бері жүзеге асыруда.



« лем» Бағдарламасымен таныстыру мақсатында, бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларымен кездесулер өткізілді. Қазалы ауданындағы йтеке би кентінің екі мектебі, № 170 және № 249 мектеп, сапар тізімінде бірінші орында болды. Балалар өздерінің таланттарын паш ету үшін, сондай-ақ, Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша көптеген сұрақтарды қою үшін осы кездесуді тағатсыз күткен еді. Құшақ жая қарсы алу және оқушылармен ыстық ықыласпен тілдесу – өте үлкен әсер қалдырды және жылы лебіз ретінде есте қалып қойды. 



Келесі барар жер – Қызылорда болды, дәлірек айтқанда, біздің қамқорлығымыздағы мекеме – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Мектеп-интернат болды. Біздің жобамыздың ұсынатын керемет мүмкіндіктері туралы әңгіме интернаттың түлектерін де, оның қызметкерлерін де сөзсіз қызықтырды.



Сапардың нәтижесінде, «әлемдіктердің» қатарына кіруге және өздерінің біртума қабілеттерін дамыту үшін «Сәбиден» жан-жақты қолдау алуға үлкен мүмкіндіктері бар, келешегі мол бірнеше баланы алдын ала іріктеу жүзеге асырылды.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English