Құрылыс алаңшасын жұмыстардың негізгі кезеңіне арнап әзірлеу

Қызылорда қаласындағы Балалар үйінің жаңа заманауи ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттардың есебі аяқталуға жақын қалды. Наурыз айының бірінші онкүндігінде Қордың мердігер бригадасының құрылыс орнына шығуы жоспарлануда, ол бөлінген телімді негізгі жұмыс көлеміне арнап дайындамақ, яғни қоршауды орнатуға арнап жабдықтар сатып алады, техникалық және қоймалық үй-жайларды тұрғызады, топырақты іргетасты қалау үшін дайындайды.

Сайтымыздың беттерінде біз сіздерді, құрметті оқырмандар құрылыс жұмыстарының барысы туралы үнемі түрде хабардар етіп отыратын боламыз. Естеріңізге сала кетейік, біз сіздерден осы бірегей жобаны жүзеге асыруға арналған кез көмегіңізді қабылдауға дайынбыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English