Тренинг өткізілді «Сұхбаттасу кезінде өз-өзін қалай ұстау керек»

Тренинг өткізілді  «Сұхбаттасу кезінде өз-өзін қалай ұстау керек» Балалар үйлерінің түлектерін психологиялық және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы шеңберіндегі практикалық сабақтардың бірі «Сұхбаттасу кезінде өз-өзін қалай дұрыс ұстау керек» тақырыбына арналған болатын. Тренингіге қатысушыларды Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істейтін, өз саласының білгір маманы болып табылатын оқытушы жұмысқа орналасуға себін тигізетін белгілі түрдегі ережелермен таныстырып шықты.

Сабақтың басында маман өзі жайлы, өзінің жұмысы жайлы, табысты қызмет жолын бастау үшін жақсы білім алып және шет тілдерін үйрену қажеттігі жайлы айтып кетті.
Ары қарай потенциалды жұмыс берушімен сұхбаттасу кезінде әңгіме өзі жайлы жағымды көзқарасты қалай қалыптастыру керектігі жайлы, жұмыс істегісі келетінін қалай көрсету керектігі жайлы және өзімен бірге қандай құжаттарды алып келу керектігі жайлы өрбіді.

Тренингінің екінші жартысында келешек мамандығын таңдап қойған балалар «ізденушілер» ретінде шықты. Сәулетші, ұстаз және сату жөніндегі менеджер ретінде жұмысқа «орналасушылар» елеулі қиындықтарға тап болды. Балалардың аталмыш мамандықтар жайлы білімі олардың кең таралуына қарамастан ақиқатқа сай емес болып шықты.

Аспаздар лауазымына «үміткерлер» анағұрлым «табысты» болып шықты. Алайда мұнда да қиындықсыз болған жоқ. Сабақтың қорытындысы белгілі болатын – оқу мекемелері мен жұмыста алған білімі мен практикалық шеберлікпен қатар өз дағдыларын үнемі жетілдіріп, өздігінен білім алуды жалғастырып және эрудициясын дамытып отыру қажет.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English