«Әлем» бағдарламасы туралы Қазақстанның шалғай ауылдарындағы тұрғындар біле бастады

Талантты жастарға өз дарынын ашуға жәрдемдесетін « лем» бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде қолдауға ие болды. Күн сайын біз үміткерлерден, солардың тәлімгерлері мен ата-аналарынан көптеген хаттар алып және телефон арқылы сөйлесіп жатамыз. Осы бірегей Жоба туралы ақпарат көрсетілген мұғалімдерге арналған республикалық журналдар мен газеттердің қаңтар айындағы нөмірлерінің арқасында ол жайлы ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ шалғай аудандарда айтыла бастады.

Ауылды жерлерде дарынды жастардың көптігі ерекше қуантады, себебі « лем» бағдарламасы ең алдымен осындай жастарға арналған емес пе.
Жұмыстың алғашқы нәтижелері де байқала бастады. Жоба шеңберінде «Сәби» қорынан жәрдем алатын конкурсанттардың түйіндемелері жақын арада www.alemsaby.kz сайтында жарияланатын болады.

Жаңалықтарымыздан қол үзбеңіз!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English