Балаларға өмір сыйла» акциясы жөнінде есеп

Ерікті Мейірімділік Қоғамы мен «Сәби» Қоры бірлесіп өткізген «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша жиналған қаржы мен ақысы төленген операциялардың сомасы 2011 жылдың басына 1 640 538 АҚШ долларын құрады.

Көптеген жаны ізгі адамдар мен ұйымдардың күш салуының арқасында Республикамыздың әр түрлі қалалары мен облыстарынан келген 288 балаға көмек көрсетілді.

Акцияға қатысуға ықылас танытушылардың барлығына өз телефонынан 9099 нөміріне 1санымен SMS-хабарлама жолдау арқылы арнайы шотқа 280 теңге мөлшерінде жарна енгізетіндерін және бұл шоттағы қаражаттың балаларды шетелдік клиникаларда емдеуге жұмсалатынын еске саламыз.

Барлық үн қатушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English