«Қарақастек» балалар үйіне арналған қайырымдылық шарасы

«Қарақастек» балалар үйіне арналған қайырымдылық шарасы Біз Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылында орналасқан өз қамқорлығымзға алған Балалар үйімен жұмыс істеуді жалғастырудамыз.

Балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген «Сәби» қорының достары арнайы түрде қайырымдылық шарасын өткізіп, соның нәтижесінде 800 мыңнан астам теңге жиналған болатын. Барлық сома түгелдей Балалар үйінің есепшотына аударылды.

Бұл ақшаға жаңа балалар жиһазын, спорттық керек-жарақ, тұрмыстық тоңазытқыштар мен оргтехника сатып алу жоспарлануда. леуметтік мекеменің басшылығы шығындар туралы толық есеп беруді ұсынуға міндеттенді.

Біз осы қайырымдылық шарасына қатысқандардың барлығына, сондай-ақ оны ұйымдастырушыларға олардың кішкентай тәрбиеленушілерге деген мейірімді және кішіпейіл көзқарасы үшін алғыс айтамыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English