«Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымыдылық саласын түсінуіне ықпал етуге, филантропияны қайырымдылық көмегін алушылар үшін тиімді етуге және демеушілер үшін тартымды етуге негізделген.

Біз 50-60-шы жылдары ең ірі қорлардың адептілері қайырымдылықты адамның міндетті құқықтарының біріне айналдырған қайырымдылық қозғалысының тарихи қателіктерінен аулақ болуға тырысудамыз. Мұндай қор саясаты тәуелділікке әдеттенген және әлеуметтік дербестікті қаламайтын адамдардың бірнеше ұрпақтарының өсуіне әкеп соқтырды.

Алайда филантропия дегеніміз – бұл қайырымдылық ретінде берілген ақшаның өлшемінен анағұрлым артық нәрсе. Оның мағынасы тұтынушы игіліктерді емес,өздері арқылы адамдар сол игіліктерге өздері қол жеткізетін қаражаттарды үлестіруде жатыр. Ежелгі Қытай философы Лао Цзы айтқандай: «Егер мұқтаж адамдаға балық берсеңіз, оның күні бойы тамағы тоқ болады, егер оған қармақ берсеңіз – ол өмір бойы тоқ болады».

Біздің көзқарасымызға негізделсек, адамдар өз өмірін активист-филантроптардың күшімен емес, өз күшімен өзгертуі тиіс, – филантроптар осы өзгерістердің бастамашысы ғана болып табылады.

Миссияны осылайша ұғыну Қордың қоғамдық маңызы бар және мақсатқа лайықты қызметті нәтижелерді мониторингілеу, жоспарлау, технологиялылығы мен бақылау принциптеріне сүйенумен жүргізуін белгілейді.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English