Monthly Archives

April 2016

Жас ақындардың құлақтарына алтын сырға!

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қорымен жарияланған Алтыншы ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.

Басты жүлде – ноутбук және дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының гранты бойынша Қазақстанның қоғамдық ЖОО-ның бірінде тегін оқуға мүмкіндік.

Өздеріңнің үздік өлеңдеріңді alem@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуге асығыңыздар

Толығырақ сілтеме арқылы

Бізге 14 жыл!

By | Жаңалықтар

2002 жылдың 22 сәуірінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры тіркеліп өзінің алғашқы қайырымдылық ісін бастады. Бүгін бізге 14 жыл толды!

Осы уақыт ішінде әлеуметтік маңызды салалардың бәрін қамтитын 8 жобаның іске асыруына шамамен 4 миллиард тенге жұмсалды.

Құрметті достар, серіктестер және демеушілер, жұмысымыз жемісі мен жетістіктеріміз туралы және алдағы жоспарларымыз жайлы сіздерге арнайы дайындалған есепті бейнероликті ұсынамыз!

QIWI – қайырымдылық жарнасына 5 жыл

By | Қайырымдылық шаралары

QIWI - қайырымдылық жарнасына 5 жыл Достар!

2011 жылдың сәуір айында «Сәби» Қоры QIWI төлем терминалдары арқылы (ол кезде ОСМП) қайырымдылық жарнаны қабылдау ашты. Бұл мұқтаж адамдарға көмек көрсеткісі келетіндерге өз уақытын кетірмей тез әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Көбінесе қайырымдылық жарнаның аздығына қарамастан 5 жылдың ішінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 1 000 000 теңгеге жетті. Яғни бұл біздің ұстанымызды тағы да дәлелдейді: жиналған әр тенге маңызды және бірге біз күшпіз!

Арнайы шотта сіздерден түскен қаражатты жинап, біздің Қор үлкен мәселелерді шеше алды:

– 2013 жылы Қызылорда қаласының Сәбилер үйіне жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын, балалардың физиотерапиясына арналған арнайы аппарат және массаж жасайтын құралдың жинағы сатып алынды.

– 2013 жылы Алматы облысының Қарақастек ауылының Сәбилер үйіне медициналық аспаптар мен ыдыстарды стерилдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы әуелі-үрмелі шкаф және стерилдендіруге арналған арнайы қорап сатып алынды;

– 2015 жылы 1 топтағы мүгедек, жас Петропавл тұрғынына күш-қуатты жаттықтырғыш және үйде жұмыс істейтін ноутбук сатып алынды;

– 2015 жылы Алматы қаласының Балалар жұқпалы ауруларды емдеу емханасына тамақтануға және ойын сабағы арналған жиһаздың 8 жинағы сатып алынды;

– 2015 жылы Алматы қалалық балаларды оңалту орталығына кеңсе тауарлардың бір жылдық қоры сатып алынды.

Көріп отырғандай сіздердің қайырымдылық ішкі дүниеңіздің кеңдігін көре тұра сіздерден жиналған әр теңгеден біз барынша пайда шығаруға тырыстық!

Шын жүректен сіздерге ақжүректігіңіз, қайырымдылығыңыз және жылы лебіздеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің үміттеріңізді болашақта баршалықты ақтауға біз бар күшімізді саламыз!

Сіздің «Сәби» қорыңыз

Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды

«Адам баласы мамандық таңдар кезде белгілі бір кажеттіліктерге байланысты емес, озінің жүрек қалауымен тандағаны дұрыс»
Али Апшерони

Жақында «Сәби» Қорының жыл сайын Алматы қаласындағы балалар үйлерінің түлектеріне ұйымдастыратын кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды. детте бұл кезең ақпан айында жүргізілетін, бірақ бұл жылы оқу орталығының әкімшілік себебі бойынша тестілеу наурыз айына көшірілді.

Алайда бұл өзгеріс керекті нәтижелерді алуға кедерегісін тигізген жоқ. Болашақ мамандығы бойынша сәйкестігін және өзінің бейімділігін тексергісі келген 49 бала бір сағаттан астам уақытта Ломоносов атындағы ММУ-мен арнайы құрастылыған компьютерлік бағдарламаның сұрақтарына жауап берді. Аса қуантқаны, балалардың жеке кәсіби артықшылығы тестілеудің ұсынылған мамандықтарымен сәйкес келді.

Енді оқушылардың алдына қояр мақсаты – өздерінің икемін арнайы дайындалған жеке даму жоспарымен алға ұмтылу болып табылады. рине, таңдаған мамандық жоғарғы оқу арындарына сеніммен түсу үшін, ЕНТ-де тапсыратын пәндерімен әлі де жұмыс істеу керек.

Русский

Қазақ тілі

English