Monthly Archives

December 2015

Жаңа 2016 жылдарыңызбен!

By | Жаңалықтар

Жаңа 2016 жылдарыңызбен! Шын жүректен барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймыз!

2016 жыл әр жанұяның бақыт және береке жылы болсын, әр үйге сәттілік, қуаныш әкелсін және жақсы өзгерістерге толы болсын.

Еліміз келе жатқан жылда аман-сау болып, жаңа жеңістерге жетелеп өркендеу берсін!

Құттықтаумен, сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Әлемдіктерден» тағы бір табысты түлек шықты

By | «Әлем» бағдарламасы

« лемдіктерден» тағы бір табысты түлек шықты Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана іске қосылған « лем» Бағдарламасы өз қамқорлығындағы балалардың жеке өмірге шығарып салудамыз. Мына жерде біздің алғашқы түлектеріміз туралы ақпарат жазылған.

Жақында Лос-Анджелес Калифорния Университетін (UCLA) «Микроэлектроника, нанотехнология және олардың биология мен медицинадағы практикалық қолданылуы» атты магистрлік бағдарламасын бітірген тағы бір «әлемдік» туралы айтқымыз келіп отыр.

Бір жарым жыл бұрын «Сәби» Қорының қолдауына ие болған Ахажанов Аблайхан қазіргі кездеде магистратурада оқу керек болатын, бірақ оқуды тездетуді жөн көрді. Бар ынтасын сала оқып және бүкіл жаз бойы университеттің зертханасында жұмыс істеп ғылыми зерттеулерде әсерлі жетістіктерін көрсетті. Көп еңбегі мен үлкен ынтасының арқасында Аблайхан магистрлік бағдарламасын уақытынан бұрын аяқтап PhD-ге ауысып үлгерді. Сөйтіп 1 жыл уақытын үнемдеді. Қазір электронды-импедансты томография сұрағын одна әрі зерттеуде.

Оған қоса Аблайханның дарындылығын мен әлеуетін Калифорния Университетінің мамандары жоғары бағалап «әлемдіктің» болашақ оқуын UCLA-ның машина жасау факультетінің Ұлттық Ғылыми Қорының шотынан төлейтін болады. Сөйтіп білім гранты бөлінеді.

Тәуелсіздік күнімен!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен! Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Барлық мейірімді бастауларыңыз табысты болуына тілектеспіз, зор денсаулық, жақсылыққа сенім және үлкен бақыт тілейміз.

Елімізге татулық пен өркендеу, халқымызға бірлік пен амандық тілейміз!

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

SMS өмір сыйлайды

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

SMS өмір сыйлайды«Балаларға өмір сыйла» атты акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік, өткізіліп отырған науқанда «Сәби» Қоры 2007 жылдан бастап серіктес болып келеді, сонымен қатар қол ұшын берген жанашырларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Біздің отандастарымыздың қазақстандық балалардыңемделуіне жұмсалатын СМС көмектерінің арқасында, еліміздің әр түкпіріндегі 1359 балаға көмек көрсетілді. Жалпы 1884 операция жасалынды (кейбір сәби науқасқа бірнеше рет операция жасалынуы керек болды). 2015 жылдың 23 қарашасына төленген операцияларды сомасы 11 057 975 АҚШ долларын құрады.

Осы акцияға қатысу үшін ACTIV, KCELL и BEELINE абонентері 9099 қысқа нөміріне СМС ретінде «1» санын жіберу керек. Сол кезде ұялы теңгеріміңізден 280 теңге арнайы шотқа аударылады.

Қосылыңыздар, дәл сіздің көмегіңіз дәл бүгін бір бүлдіршінге аса қажет!

Математиктер алға!

By | «Әлем» бағдарламасы

Математиктер алға! Біздің Қормен ұйымдастырылған математикалық курстағы балалардың жетістіктеріне шабыттана, біз қатысушылардың санын тағы үш адамда ұлғайтуды шештік.

Іріктеу тестілеуін сәтті тапсырып, осы нақты ғылыммен өз өмірін байланыстырғысы келген дарынды үш баламыз «алғыр» математиктер тобына қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, сіздерде болашақ ғалымдар тобының осы 5 жылдық математикалық курстарына қосылуыңызға мүмкіндіктеріңіз бар. Толығырақ жоба туралы мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

«Әлем» Бағдарламасының сайты – Казнеттің ең үздігі атанды!

By | Жаңалықтар

« лем» Бағдарламасының сайты – Казнеттің ең үздігі атанды! Достар!

Қуанышты хабармен бөлісуге асығудамыз. Жыл сайын өткізіліп отыратын AWARD.kz Ұлттық нтернет – Жүлдесі бойынша біздің Дарынды жостарды қолдау « лем» Бағдарламасы» Казнеттің кең байтақ желісінде 2 номинация бойынша үздігі болып танылды: «Қоғамдық мекемелер» және «Екі тілді сайт»!

AWARD.kz – бұл ең тәжірибелі, ыңғайлы және сәнді интернет – порталдарды ұсынатын сенімді ресурс болып табылады.

26 қазанда салтанатты түрде бізге сыйланған жүлдені аса қуанышпен қабыл алып қалған жүлделер мен марапаттармыздың арасында өзінің құрметті орын табады.

Жыл сайын өткізіліп отыратын XIII Ұлттық нтернет-Жүлдесі туралы Толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Русский

Қазақ тілі

English