Monthly Archives

July 2014

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!«Сәби» Қайырымдылық қоры жас дарындары қолдау « лем» Бағдарламасының аясында алғыр математиктерді тегін оқыту тобына қабылдау жариялайды. Орта мектептің 7 және 8 сынып оқушылары шақырылады. Сабақ 5 оқу жылы бойы аптасына 2 рет жүргізіледі. 



Қатысушыларды іріктеу байқау негізінде жүргізіледі. Математика саласындағы жетістіктеріңізді (үлгерім тізімдемесі, мақтау қағазы, сертификаттар және т.б) баяндап өтінімдеріңізді saby@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.



Қатысушының өтініші

1. Аты – жөніңізді толық жазыңыз

2. Қай мектепте оқисыз?

3. Тұрып жатқан мекен-жайыңызды көрсетіңіз

4. Соңғы жылдағы бағаларыңызды көрсетіңіз (үлгерім тізімдемесінің сканерден өткізген көшірмесін тіркеу керек)

5. Математика саласындағы жетістіктеріңізді көрсетіңіз (мақтау қағаздар мен сертификаттарды тіркеу керек)

6. «Сәби» Қоры жайлы қай жерден білдіңіз ?

7. Сізге математика не үшін қажет?

Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер

By | Отбасылық түрдегі балалар �

Жетім және әке-шешесінің қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасы түріндегі Балалар ауылының салынуына «Сәби» Қайырымдылық Қорына Астана қаласында жер учаскесі бөлінгені туралы хабарлағанбыз. Қазіргі кезде біздің қызметкерлеріміз соған қатысты керекті құжаттарды дайындауда.

Оған қоса, құрылысқа жоспарлау мен дайындық кезеңінде көптеген мәселелерді шешу керек болып отыр. Соның бірі – учаскіде инженерлі-геодезиялық және геологиялық іздеулер жүргізу. Казіргі кезде бұл жұмыс орындалды. Топографиялық түсіру мен жер құйқасын зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған барлық ақпарат келесі кезең болатын жоба-смета құжаттамасын жасау үшін аса маңызды.

Хабарларымызды қадағалап отырыңыздар

Басенов атындағы көше

By | Өңтүстік астананың көшелер

Басенов атындағы көшеБәсенов Төлеу Құлшаманұлы атымен Тимирязев көшесінен оңтүстікке қарай және Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.



Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976) 



Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы.[/i]



Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған.



1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызметтер атқарды. 1937-1941 жылдары – Алматы қаласының бас сәулетшісі. 1944-1954 жылдары – Қазақ КСР Министрлігі Кеңесі жанындағы сәулеттік жайғастыру басқармасының бастығы, 1958-1976 жылдары – Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. Қазақстанның сәулетшілер Одағының жетекшілерінің бірі болды.



Төлеу Құлшаманұлы – еліміздің бұрынғы астанасы Алма-Аты қаласының даму бас жоспарын жасаған алғашқы сәулетшілерінің бір болып саналды. Ол – Қазақстанда, Мәскеуде және Кеңес Одағының көптеген қалаларында бой түзеген ірі-ірі ғимараттардың, алып кешендердің авторы, 25 сәулет кешенінің жетекшісі және жобалау жөніндегі кеңесшісі. Соның ішінде ең үлкендері – Алматының орталығы және Ленин Даңғылы (қазіргі Достық даңғылы), Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақ ССР павильонының ғимараты, Ақтөбе қаласында қоғамдық орталығы, Алматы әуежайының бірінші кешені, Қазақ опера және балет театрының үйі, Амангелді манов ескерткішінің жоспары, «Алатау» кинотеатры және көптеген тұрғын үйлер. 



Басенов Cемей ет комбинатының, Петропавл хром зауытының жобасын жасады, Түркісібтің объектілерін, Қызғыз Республикасындағы Кант-Рыбачье темір жол станциясын жобалады. Қарағандыдағы спорт және мәдениет Сарайы жобаларының жетекшісі болды. Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап архитектуралық ескерткіштерін зерттеді. «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер», «Архитектура және қала құрылысы» атты ғылыми-зерттеу еңбектері, тағы басқа көптеген монографиялары жарық көрген.

Сондай-ақ Т.Бәсенов Қазақстанның архитектуралық ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру үшін ат салысқан. Оның тапсырмасы бойынша Тараз қаласының жанындағы, Айша Бибі мазарының аумағы өлшенді, Түркістандағы Қожа-Ахмет Яассауи мазарын қайта қалпына келтіріп жобасы жасалынды.



Төлеу Құлшаманұлы алғаш рет 1961 жылы сәулетшілер тобын ұйымдастырып, Қазақ политехникалық институтынан «Сәулет» факультетін ашқызуға көп еңбек сіңірді. Соңынан Қазақ политехникалық институтында құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттері құрылды.



Төлеу Құлшаманұлының елімізде өзіміздің мамандарымызды тәрбиелеу меселесін тақылауға әрқашанда көтерді және өзінің де қосқан еңбегі аз емес. Бүгінде есімі елге танылған оқушылары көп, олар -Қазақстанның еңбегі сіңірген сәулетшілері Рүстем Сайдалин, Адамбек Қапанов, тағы басқалары Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосып келеді.



Сондай-ақ алғашқы сәулетші Т.Бәсеновтің 100 толуына орай 50 теңгелік шақалар шығарылып айналымға енгізілді. Мерейтойлық шақалардың авторы мен дизайнышысы болып Төлеу Құлшаманұлының немересі Алмат Бәсенов табылады. Сәулетшінің түған жерінде, қазіргі кезде деректі телефильм түсірілуде. Фильм авторлары болып тележурналистер Аманбай Жұбаев пен Болат Нүсіпбековтердің табылады, фильм Шалқар, Мұғалжар, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласының өзінде түсірілмек.



Еңбек Қызыл Ту орденімен, КСРО-ның «Еңбектегі ерлігі үшін», “1941-1945” жж, Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.





http://biografia.kz/famous/4056 сайтының мәліметтері бойынша

Сәбилер үйінің тынысы

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Сәбилер үйінің тынысы Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап “Сәби” Қорының көмегімен салынған жаңа үйде тұрып жатқанына екі жаз болды. Жетім балалар үшін бұл үй тура мағынасында оларға жылылық пен жайлылық сыйлаған туған үйіне айналды, оған қоса сәбилердің ойларынан ескі үйдің қызықсыз дымқыл бөлмелері ұмытылды.

Балалардың жаңа қабырғаларда өмірінің қаншалықты жақсарғанын қадағалау біздерге аса қуанышты. Бұдан басқа бүлдіршіндерге таза ауада демалыс аймағын қалай ұйымдастырамыз деген сұрақ ойымызды мазалады. Басында құрылыс жобасының алғашқы кезеңінде жер учаскесін көгалдандыруға көп көңіл бөлінді, өйткені сәбилерге арналған мекеме жас көшеттерден қоршау жасалынып іргелес жатқан аймақтардан және көшелерден барынша алшақ болу керек. Бір өзгешелік болды, ол жергілікті климат және топырағының құнарсыздығы өнгіштігімен аса қуанта алмайды.

Дұрыс таңдалып отырғызылған өсімдіктер және ұқыпты күтім өз жемісін берді – балалар жасыл шөптін үстімен жүгіріп, атқылап жатқан су атқышының ылғалымен рахаттанып және гүлдердің ашық түстеріне қуанып жатыр. Ал аспазшы оларға өз бақшаларынан жиналған жаңа піскен көкіністерден дәмді тағам даярлап берді.

Балалар үйі жыл сайын көгалдандырылып және мүмкін келешекте көпшіліктің назарын аударатын қаланың жасыл маржанына айналатын шығар.

Электронды ойыншықтарыңды тастап жаттығуға кірісіңдер!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Электронды ойыншықтарыңды тастап жаттығуға кірісіңдер! Спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау және әлеуметті осал топтағы халықтың балаларын денсаулыққа пайдалы өмірлік салтына итермелеу – Қорымыздың аттас жобасының басты мақсаты.

Соның аясында «Сәби» Алматы қаласының әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы “Жастар үйіне” керемет сыйлық ретінде спортзалының ішкі көрінісе тамаша үйлескен бірнеше заманауи жаттығу құрылғыларын табыс етті.

Осы орталықта тұрып жатқан балалардың көбісі оқуларымен кәсіби ауырпалыктарына қарамастан денсаулықтың дамытуына деген көқарасы байыпты. Сыйлық дәл соларға арналады.

Велотренажерда жүздеген шақырым жүріп өту, жүгіру жолында нағыз марафоншы атану, әртүрлі ондаған кардиожаттығулар жасап шығу – осының бәрі енді қол жетімді.

Алға – деніміздің саулығына және жақсы көңіл күйге!

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері

By | Ұлылардың дана сөздері

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері ХХ ғасырда тәрбиелеуден тек қана төрт педагог төңкеріс жасай алды деп есептелінеді.
Олар, американдық Джон Дьюи, неміс Георг Кершенштейнер, италиялық Мария Монтессори және кеңестік педагог Антон Макаренко.

Мария Монтессори ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған еске салу өсиеттерін қысқаша тұжырымдады. Олардың қарапайым болғанымен, әр біреуіне мұқият көңіл бөлсеңіз екі сөзбен айтылған көптомды дана сөздер. Осы тізімді жылына бер рет болсада оқып шығуға кеңес береміз, сол кезде баламен деген қарым-қатынас жаңа деңгейге шыға алады, ал бала болса едәуір дамып үйлесімді тұлға болып өседі.

1. Баланы қоршаған орта үйретеді.

2. Баланы көп сынай берсең – кінәләуді үйренеді.

3. Баланы мақтай берсең – бағалауды үйренеді.

4. Егер балаға жаулықты көрсетсең – ол төбелеске жақын болады.

5. Баламен адал болсаң – әділдікке үйренеді.

6. Егер баланы жиі мазақтаса – ол жасқаншақ болуды үйренеді.

7. Егер бала қауіпсіздік сенімімен өмір сүрсе – ол сенуді үйренеді.

8. Егер баланың абыройын төге берсе – ол өзін кінәлі боп санауды үйренеді.

9. Егер баланы жиі қоштаса – ол өзіне жылылықпен қарауды үйренеді.

10. Егер балаға жиі мейірімді болса – ол шыдамды болуды үйренеді.

11. Егер баланы жиі көтермелесе – ол өзіне сенімді болады.

12. Егер бала достастық ахуалында өмір сүріп біреуге керек екендігін сезінсе – ол осы өмірде махаббат сезімін табуды үйренеді.

13. Көзінше, өзі жоқта – бала туралы жаман айтпаңдар.

14. Нәтижесінде жаманға уақыт болмағандай назарыңызды баланың жақсы қасеттерін дамуына салыңыз.

15. Сізге сөйлеп тұрған балаға әрқашанда назар аударыңыз және жауап беріңіз.

16. Қателік жіберген және ол қателікті қазір болмаса сосын түзейтін баланы сыйлаңдар.

17. Ізденуде болып жатқан балаға көмек беруге және бәрін тапқан балаға елеусіз болуға дайын болыңыз.

18. Бұрын игерілмегенді игеруге көмектесіңіз. Осыны қоршаған ортаны қамқорлыққа, байсалдылыққа, жайшылық пен махаббатқа толтыра жасаңыз.

19. Баламен қатынасқан кезде өз бойыңыздағы ең жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге тырысыңыздар.

http://www.adme.ru/vdohnovenie-919705/19-zapovedej-marii-montessori-dlya-roditelej-682705/
http://www.perunica.ru/vospitanie/7754-19-zapovedey-marii-montessori-dlya-roditeley.html

Русский

Қазақ тілі

English