Monthly Archives

October 2013

Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Cәби үйі ең таңдаулылардың қатарында Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет туындаларының Республикалық сынақ байқауы өтті.

Қатаң іріктеудің нәтижесінде 2012 жылы Сәби Қорының күшімен тұрғызылған Қызылорда қаласындағы Сәби үйінің жобасы «құрылыс» номинациясында І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жобаның авторлары, сәулетшілер мен конструкторлар тобы Лауреат атақтарына ие болды.

Қазақстанның сәулет өнері мен қала құрылысы саласындағы беделді сарапшылар, сонымен қатар Ресейден арнайы шақырылған кәсіпқойлардың пікірі бойынша әлеуметтік нысан ең жоғарғы сапа стандарттарына сай орындалса, азаматтық құрылыс нысандарымен бірге бағаланып қана қоймай, жеке алынған қаланың ғана емес бүкіл мемлекеттің нағыз әшекейі болып саналады.

Біз салған Сәби үйді мақтан тұтамыз!

Өз өзіңе сенімді бол

By | «Білім беру» жобасы

Өз өзіңе сенімді бол Жоғарғы сыныптарда оқитын оқушылардың әр қайсысы мектепті тамамдаған уақытқа жақын кезде болашақта қандай мамандықты таңдау туралы шешімнің алдында болады. Көптеген жағдайларда жастар мамандықды өздерінің қалауы бойынша емес, ата-аналары немесе достарының айтқан кеңестеріне сүйенеді. Өкінішке орай осылай жасаған таңдау әр кезде дұрыс болып жатпайды. Cоның арқасында оқу орнын бітіргеннен кейін берілген дипломы шкафтың ішінде шаңданып жатады, ал жаңа піскен қызметкер өз тағдырын мүлдем басқа салада тәуекел етеді.

Мамандықты таңдау – түлектердің болашақ өмірлеріне тікелей әсер ететін және алдарына қойылған ең маңызды сұрақтардың бірі болып келеді. Сондықтан «Сәби» Қоры жыл сайын Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағыттау бойынша компьютерлік тестілеуді 2 кезең бойы қазан және ақпан айларында ұйымдастырып отырады. Балалар өздерін сынап көргісі келеді және өздерінің таңдаған жолының дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін осындай бастамаға үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарайды. Ломоносов атындағы МҰУ-мен жасалған компьютерлік бағдарлама қатысушыларға болашақ мамадықтарын таңдауға нақты ұсыныс беріп оған қоса қабілеттерін жетілдіріп ЖОО-ны түсуге дайындалуға кеңес береді.

Бірнеше күннен кейін тестілеудің 1 кезеңі басталады, тестілеуді өтіп болғаннан кейін балаларымыздың әр біреуі шын сеніммен «Мен … болғым келеді» деп айтатына сенеміз.

Әрқашан кітаппен!

By | Қайырымдылық шаралары

 рқашан кітаппен!  нтернет технологиясының өрістенуіне байланысты, қазіргі уақытта басым көпшілік, әсірсе балалар көркем әдебиетті аз оқитын болды. Түгелге жуық адамдар әлемдік ғаламторға қосылуға мүмкіншілікке ие.  рине күрделі ақпаратты ұғынудың орнына, сенсорлы экранға саусақпан жүргізіп, суреттерді ары-бері «созып», онлайн-беттерді ауыстырып немсе жай ғана компьютердің «тышқанын» басып қана қойып отырған қайда қызық емесе па? Бас кейіпкердің тағдырын немесе мәселесін талқылауға қарағанда, одан да қысқа ролик немесе фильм көріп қызықтау оңай ғой.

Осы жағдайдың себебін бірден анықтау қиын. Біздің күдігіміз, адам мен кітаптыңарасында сезіну байланысы жоғалғанына орайболып отыр. Баспалық өнімдер қазір тым қымбаттап, көпшіліктің қолы жетпей қалды. Солай оқыған кезде баспахананың бояуының иісін сезінген кезде, парақтардың сылдырын естігенде, қағаздың сапасын сезінгенде бөленетін рахат жоғалып кетті. Бәлкім оқырмандарды нағыз кітаптармен, газеттермен және журналдармен қайта достатсақ, «әлемдегі ең оқымысты ел» деген атақты қайта алармыз ба?

 

Сапалы баспалардың өнімдеріне бай Қазақстанның рыногында өз балаларымыздың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіншілік бар. Олардың ішінде үздіктер қатарында 80 жылдан астам тарихы бар «Ұлан» газеті, биыл 55 жылдығын атап өткен«Балдырған» журналы, «Айгөлек» журналы және тағы басқалары да жетіп жатыр.



«Сәби» Қайырымдылық Қоры өз тарапынан Қазақстанның балалары мен жастарының жаппай оқылымға тартуға шешім қабылдады. Біз еліміздің 33 әлеуметтік мекемелеріне арнап аталған басылымдардың 100 данасына тапсырыс берді. Енді 2014 жылдың әр аптасы бойынша тәрбиленушілерге қызықты да әуесті «Ұлан» газетін және әр ай сайын «Балдырған» журналын алатын болады. 

Тони Гуэрраның «ауаға ілінген» кофесі

By | Ұлылардың дана сөздері

Тони Гуэрраның «ауаға ілінген» кофесі Тонино Гуэрра (1920 -2012) – итальяндық ақын, жазушы және сценарист. Ол жүзден аса фильмдердің сценарийлерінің авторы, олардың басым көпшілігі әлемдік кинематографтың алтын қорына енген, мысалы: « тальянша некелесу», «Блоу-ап», «Забрийлік Пойнт», «Амаркорд», «Кеме жүзеді», «Джинджер мен Фред» және тағы басқалары. Екі «Оскарға», үш «Алтын арыстан» сыйлығының иегері, Каннада өткен фестивальдің алты рет және Донателла сыңының екі рет үміткері болған. 



Жиырма жастағы бозбала кезінде ол неміс концлагеріне түсіп, өмір мен ажалдың ортасында жүріп, еш қиындыққа қарамастан өлең шығарып, барлығын жатқа білген, өйткені шығармалын жазуға не қаламы не қағазы да болмаған. Осындай шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі жылдар өте Гуэрраны кино әлеміне жеткізді. Өмірдегі өткен күйзелістер жарқын адамды қажытпады, керісінше ол ұзақ және бақытты ғұмыр кешіп, айналысына тек жақсылық таратқан.


Мәскеу қаласында соңғы кездесулерінің бірінде, радиода одан сұхбат алған кезде, кинодраматург осындай бір керемет әңгіме айтып берген болатын:
 
«Атақты режиссер Де Сикидің « тальянша некелесу» фильміне сценарий жазып жүрген кезімде, мен Неапольға келіп, онымен бірге бір кафеде кезіккенмін. Сыртынан қарасаң, вокзалдың төірегінде орналасқан жай ғана кафе , жаз кезі болғандықтан есіктері айқара ашылған. Ішке қарай екі адам кірді, отыра салысымен: «Бізге бес кофе беріңізші, екеуін әзір ішіп аламыз, ал үшуі ауаға ілініп тұра берсін», деп тапсырыс берді Осыны айтқан соң кассаға барып бес кофе үшін төлеп, екеуін ішіп алып, өз жолдарымен жөнеле берді. Түкке түсінбеген мен Де Сиккиден сұрадым: «Бұнысы несі? Ауаға кофені қалай ілмекші?» Ол: «Кішкене кідіре тұр. Кішкене дейін бәрін түсінесін» деді. Содан кейін тағы бірнеше адамдар кірді. Арасында болған қыздар екі кофе ішіп екеуіне төледі, ал үш адвокат жеті кофеге тапсырыс беріп, үшеуін ғана ішті, қалғанын «ауаға іліп» кетті. ңгіме үстінде түс ауа бастады. Есік сол қалпынша ашық, күннің шуағы кафенің бет жағына барынша төгілген, бір мезетте мен аулаға көз алмай қарап қалдым, осы кезде есікке қараңғы көлеңке жақындап келе жатқан сияқты болды, қарасам ескі-құсқы киінген кедей адам, біраз кідіріңкіреп есіктен басын ғана сұғып: «Ауаға ілінген кофелеріңіз бар ма?», деп сұрады…»[/i]



Осындай ғажап әдет Неапольдан келіпті, ол жер тек кофе ғана емес, жарлы адамдарға тамақ та қалдырып жатады. Осындай қайырымдылық істер, аз ғана шығын шығарса да күнделікті өмірдегі іс-әрекеттін ілтипатын ерекшелендіреді.

БҰТ – марафоны – ұпай бәйгесі

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ - марафоны - ұпай бәйгесі Жаңа оқу жылының алғашқы қиын апталары, яғни көңіл – күйсіз, белсенді мектеп өмір ағымына кіру ауыр күндер артта қалды. Барлық балалар оқуға бел буа кірісті, енді оларға академиялық ауыртпалықты көбейтуге болады.

Сондықтан, дәл қазір қазан айынан бастап жыл сайын «Сәби» Қорымен Алматы қаласының балалар үйлерінде тәрбиеленетін он бірінші сынып оқушыларына ұйымдастырылатын БҰТ тапсыруға 8 – айлық дайындық курсы басталады. Бұл сабақтар болашақ түлектерден мол зейінділік пен қайырымыдылықты талап етеді, өйткені олар оқу орталығында аптасына 2-3 рет келіп кетуден басқа үй жұмысын орындау керек. Сонымен қатар мектептіңде талаптарын орындау керек.

Болашақ талапкерлерді бұндай қиыншылықтар қорқытпайды. Керісінше олар білімін жетілдіруге бар күшімен салып ұмтылуда және БҰТ жақсы балл алуды армандайды. Өйкені бұл олардың ЖОО-дың студенттер қатарына косылып, жоғарғы білім алып сондай және еңбек нарығында лайықты орын алатын жалғыз үміті.

Бағдарламаға қатысу үшін, Қордың іріктеп алған қыздары мен ұлдары өздерінің БҰТ марафонын бастайды. Қайраттылығын жоғалтпай соңына дейін алдына қойылған мақсаттарына жетуге тілектеспіз.

Русский

Қазақ тілі

English