Monthly Archives

January 2013

O!Cafe мейрамханасының тәтті көмегі

By | Қайырымдылық шаралары

O!Cafe мейрамханасының тәтті көмегі Дүниежүзі бойынша дүр сілкіндіріп келген экономикалық ахуалдық жағдайына қарамастан, көптеген отандық компаниялар қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін аса ұғынып, филантропияның әр түрімен айналысады.

Айтарлықтай белсенділікті көбіне жас бизнесмендер көрсетіп жатыр, олар өз тарапынан қайырымдылық ісін алға тарту үшін түрлі ұсыныстар ойлап тауып жатыр. Солардың бірі ретінде денсаулыққа пайдалы органикалық аспен тамақтандыратын «О!Cafe» мейрамханасының жігерлі де талғампаз командасын атап өтксек болады. Бұл орынның қонақтарына тіл үйірерлік тағамдардан дәм алып қана қоймай, өз денсаулығына күтіммен қараған тұрақты клиенттердің рецептерімен дайындалған жаңа піскен печеньесінен ауыз тиюге мүмкіндік бар.

Алайда, ең басты мақсат бұл жайтқа орайластырылған емес болатын, басты идея болып саудадан түскен ақшаның барлығы «Сәби» Қорының есеп-шотына түсіп, ары қарай Қазақстан Республикасы бойынша қараусыз қалған жетімдерді және әлеуметтік деңгейі төмен жанұялардан шыққан балаларды және мүгедектерді қолдауға жұмсалатын болады.

Осындай қайрымдылық акцияға әр-қайсысымыз қатысып, О!Cafe-ның печеньеге толған қорапшасы арқылы жаны қысылған адамдардың өмірін жақсартуға үлес қоса аламыз.

Тереза ананың өсиеттері

By | Ұлылардың дана сөздері

Тереза ананың өсиеттері Сериямызды бүкіл өмірін адамға көмек көрсету және қызмет көрсетуге арнаған, қызметі ұлты мен дініне тәуелсіз кедей және ауыр сырқат балалар мен ересектерге арналған мектептер, жетімхана, ауруханаларды салуға бағытталған, католик монахинясы, Тереза ананың (1910-1997) өсиеттерін жариялаудан бастаймыз. Тереза ана – «Азап шегушіге көмек көрсеткені үшін» Дүниежүзілік Нобель сыйлығының иегері.

Тереза ананың 10 өсиеті

1. Адамдар жөнсіз, қисынсыз және өзімшіл болады – бәрібір кешіре көріңіз.
2. Егер сіз мейірімділік танытсаңыз, ал адамдар болса құпия жеке пиғылдан деп кінәласа – бәрібір мейірімді болыңыз.
3. Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін – бәрібір табысқа жете беріңіз.
4. Егер сіз адал және ашық болсаңыз, адамдар сізді алдайтын болады – бәрібір адал және ашық болыңыз.
5. Жылдар бойы құрастырғаныңыз, бір сәтте құрып кетуі мүмкін – бәрібір құрастыруды жалғастырыңыз.
6. Егер сіз мұңсыз бақытқа бөленсеңіз, онда басқа адамдарда көре алмаушылық туындайды – бәрібір бақытты болыңыз.
7. Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді, ертең ұмытып кетеді – бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз.
8. Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз – мұның барлығын күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз.
9. Бірге ғибадат қылып, ынтымақта болыңыз.
10. Адамдармен барыңыздың ең жақсысымен бөлісіңіз, бұл оларға ешқашан жеткілікті болмайды – бәрібір ең жақсысымен бөлісуді жалғастырыңыз.

Жалпы ақпарат

By | Бағы жанғандар
Достар!

Осы жылдан бастап сайтымыздың беттерінде «Ұлылардың дана сөздері» және «Бағы жанғандар» атты екі жаңа айдар ашылады, онда қызықты адамдар туралы мақалалар, көрнекті тұлғалардың өмірбаяндарын, классик және замандастардың баға жетпес еңбектерінен үзінділер мен дәйексөздер жариялайтын боламыз. Порталға кірушілерге мәңгілік фразалар мен мәтіндердің тереңдігіне ой-толғап көру қызықты болар, ал айрықша адамдар өмірінің қалыптасуының бірегей тарихтары, жетістіктерге жетудің мәнерлі жолдарының сипаттамалары оқырмандарымызды да үлкен ерліктерге рухтандырады деп ойлаймыз.

Жалпы ақпарат

By | Ұлылардың дана сөздері
Достар!

Осы жылдан бастап сайтымыздың беттерінде «Ұлылардың дана сөздері» және «Бағы жанғандар» атты екі жаңа айдар ашылады, онда қызықты адамдар туралы мақалалар, көрнекті тұлғалардың өмірбаяндарын, классик және замандастардың баға жетпес еңбектерінен үзінділер мен дәйексөздер жариялайтын боламыз. Порталға кірушілерге мәңгілік фразалар мен мәтіндердің тереңдігіне ой-толғап көру қызықты болар, ал айрықша адамдар өмірінің қалыптасуының бірегей тарихтары, жетістіктерге жетудің мәнерлі жолдарының сипаттамалары оқырмандарымызды да үлкен ерліктерге рухтандырады деп ойлаймыз.

Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық

By | Қордан сыйлықтар

Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық Бірнеше күн бұрын № 1 алматылық жетімдер үйінің шебер қолдар үйірмесінің тәрбиеленушілері біздің Қордан перфоратор, дискті электр ара, ажарлағыш машина, электр қыл ара және оларға қосалқы бөлшектерді сыйға алды. Аталған саймандар жаңа жыл қарсаңында алынған 2 ұсталық жинаққа қосымша берілді.

Ер балалардың тұрмыста бейімділігін арттыру үшін біз осындай сыйлықтар жасадық. Өйткені осындай үй шаруасындағы жұмыс істейтін құралдармен еппен қолдану болашақта азаматтарымызға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар жұмысқа тұрған кезде де икемшілік орынды болады. Мүмкін балалардың кейбіреулері кейіннен өз өмірін жиһаз жасаушы, ұста немесе ағаш шебері мамандығымен байлайтын да шығар.

Балалық шақтан бастап еңбекке баулу – интернатты мекемелердің түлектерді әлеуметтендіріп және бейімделуге көп үлесін қосады. Сондықтан «Сәби» Қорына келіп түскен сұраныстардың арасында осындай, «пайдалы» көмек сұрағандарға әрқашанда қолдау көрсетіп отырамыз.

ҮШІНШІ БАЛАЛАР ӨЛЕҢІНЕН АҚЫНДАР САЙЫСЫ

By | «Әлем» бағдарламасы

ҮШІНШІ БАЛАЛАР ӨЛЕҢІНЕН АҚЫНДАР САЙЫСЫ «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Үшінші балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Конкурсты өткізу мерзімдері
Конкурс 2013 жылғы 01 қаңтар мен 2013 жылғы 01 мамыр аралығында өткізіледі. 

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.

Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2011 жыл.
 
Конкурстың мақсаты

1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.

2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.

3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау. 

4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну. 

5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.



Марапаттар 

Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.



Конкурс шарттары

Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.

рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.



Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

– лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;

– экстремистік сипаттағы;

– нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін; 

– порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;

– балаларға жағымсыз кері әсер ететін;

– ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;

– дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;

– өмірден түңілген сипаттағы.



Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.



Қатысушының өтінімі

Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:

– конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді

– өлеңдер тіркелген файлдар

– қатысушының фотосы (ықылас бойынша)



Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.



Конкурстың жұмыс органдары

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.



Конкурс редакциясының:

онкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.

Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды. 

Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді. 



Конкурс ұйымдастырушыларының:

рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.



Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

– конкурс жеңімпаздарын анықтауы;

– жүлдені – ноутбукты беру;

– конкурстың сайттарында шығару;

– конкурстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу. 

Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.



Қайырымдылық жасаушыларға

Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.



Байланыс 

Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz

Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес:[email=saby@old.saby.kz” style=”color: rgb(175, 151, 108); text-decoration: none; border: 0px; font-family: Tahoma, Arial, Helvetica, sans-serif; text-align: justify; word-spacing: 0px;]saby@old.saby.kz[/email], [email=alem@old.saby.kz” style=”color: rgb(175, 151, 108); text-decoration: none; border: 0px; font-family: Tahoma, Arial, Helvetica, sans-serif; text-align: justify; word-spacing: 0px;]alem@old.saby.kz[/email]

Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38



Өтініштің үлгісін осы жерден жүктеуге болады otiniw.doc [25 Kb] (cкачиваний: 25)

Русский

Қазақ тілі

English