Monthly Archives

December 2012

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын! Достар! Жаңа жылмен құттықтаймыз!

гі істер жақсылық жасайтын және оны алатын адамдарға қуаныш әкелетіні байқалған. Ендеше, жаңа жылда бір-бірімізге бұдан да көп игі істер тілейік. Өткен жылдың қуанышты сәттері сізбен бірге болсын, ал жаман сәттер артта қалсын. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыз жаңа жыл түнінде жаныңызда болсын, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізерсің деп бекер айтылмаған. 
Шын ниетпен сүйіспеншілік, бақыт, амандық пен ең бастысы, денсаулық тілейміз! 

Сіздің «Сәби» қорыңыз

 

«Сәби» қайырымдылық қоры 2012 жыл

By | Жыл есеп берулер

2012 жыл «Сәби» Қоры үшін айрықша кезең болды. Біз ұйымымыздың 10-жылдық мерейтойын атап өттік. Нью-Йорк қаласында Nomad’s Way атты қайрымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік. Жас қазақстандық ақындардың мемлекеттік тілде жазылған өлеңдерінің шағын топтамасын шығардық. Қордың күшімен балалар әлеуметтік мекемелерінде салынған спорттық нысандардың саны 26-ға жетті. Қазақстанның 16 қаласында орналасқан мүгедектер қоғамдарына сыйға тартқан арнайы «инватакси» көліктері 52 болды. «Балаларға өмір сыйла» СМС-акциясының аясында 2 570 000 АҚШ доллардан астам қаражат жиналып, 374 балаларға көмек көрсетілді. Қордың қаржысына оқып бітірген және оқып жүрген жастардың саны 70-тенасты. Еліміздің алшақ аудандарынан келген 27 дарынды жастар әр-түрлі номинациялар бойынша «Сәби» гранттарына ие болды. Қызылорда қаласында орналасқан Сәбилер үйінің құрылысы және толық замануи жабдықтау жалғасын тапты. Медициналық жобаның шеңберінде ҚР денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетілді. 

Дәстүр бойынша Жаңа Жыл қарсаңында Қордың қызметі бойынша бекітілген жобалар бойынша есеп беріп отырмыз, әрине атқарған жұмыстарымыз бізді қолдап жүрген достарымыздың, серіктестеріміздің және демеушілеріміздің қолдауынсыз болмайтыны бәрімізге мәлім, сондықтан сондай мейірбан адамдарға алғысымыз шексіз.
 
« лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы

Аталмыш бағдарлама қабілетті балалар мен жастарға жан-жақты даму үшін қолдау көрсету үшін жасалды. Ең алдымен Қордың назарын еліміздің алшақ аудандарында тұратын жасөсіпрімдерге аударылды. 

2012 жыл – 
– ақпан – Атырау облысынан келген Тлепбергенов Берік, ҚазҰТУ-нің бірінші курс студенті, оқу кезінде берілетін грант-стипендия ұтып алды;
2012 жылдың 13-17 ақпан аралығында Нью-Йоркта Nomad’s Way атты қайырымдылық аукционнан және көрмеден тұратын қомақты әлеуметтік-мәдени шарасын өткіздік, айтылған акцияның бенефициары болып « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы болып табылады;
– сәуір – Қызылорда облысының тұрғыны Мақсатұлы Нұрзат, өзінің музыкалық қабілеті ары қарай дамыту үшін, Yamaha Клавинова цифрлі пианиносын сыйға алды;
– мамыр – « лем» бағдарламасы жайлы ролик жазылып, мемлекеттік ақпараттық телеарналарда ротацияға жіберілді;
– наурыз-маусым – Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» компаниясымен екінші рет талантты қазақстандық сценарийшілерді іздеу ортақ жоба – Сценарийлер сайысы жүзеге асырылды; осы жылы басты жүлдену Ұлыбританиялық Файзал Куреши ұтып алды;
– қаңтар-маусым – мемлекеттік тілде жүргізілетін Екінші ақындар сайысы жарияланды, басты жүлдеге Атырау облысының тұрғыны Ақжарқын Мутиева қол жеткізді. Басты жүлде – ноутбук және ҚазҰУ-не оқу гранты;
– маусым – Шыңберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында қолданбалы халық өнері бойынша Республикалық сайыстың бірегей қабілеттері танылғанлауреаттары ақшалай сыйлыққа ие болды;
– тамыз – әр түрлі номинациялар бойынша қабілеттері танылған 15 грантқа үміткеранықталды;
– қыркүйек – ақындар сайысының қорытындылары бойынша ең үздік өлеңдер жинағы жарық көрді;
– қазан – Карате-до Шотокан бойынша Ташкентте өтетін әлем Кубогына балалар командасының қатысуы толығымен ақысы өтелді;
– желтоқсан – Медет Шаяхметов Нью-Йорк киноакадемиясында оқу халықаралық оқу грантына ие болды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба үш жылдан бері жұмыс істеуде, Қазақстанның 25 қаласы мен ауылдарына ақпарат таратылды, 500 өтінімдер қарастырылды, Қордың гранттарына 27 адам қол жеткізді.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

«Nomad’s Way” әлеуметтік-мәдени шарасы

Қазақ елінің тарихи бай мұрасын көрсетуге, әр-түрлі өркениеттердің араласуына байланысты, халықтар мен ұлттардың мәдениеті дамыған Шығыс пен Батыстың табысты үйлескен орны ретінде ұсынуға «Сәби» Қоры өз алдына мақсат қойды. 

Осы мақсаттарды көздеп Nomad’s Way атты екі кезеңнен тұратын жобасы әзірленді: қазақтың көне зергерлік бұйымдардың Christie’s бәссауда үйінде көрме және NYPL Нью-Йорк көпшілік кітапханасында қайырымдылық ауцион өткізілді лемнің орталығы және интеграцияның шоғырланған орны ретінде саналып кеткен Нью-Йорк қаласы осындай идеяларды жүзеге асыруға өте ыңғайлы болды. 

Қазақстаннның мемлекеттік мұражайында лайықты орнын тапқан манғали Тасмағамбетовтың құнттап жинаған қөшпенділердің зергерлік бұйымдарынан тұратын жеке коллекциясы бірінше рет шет елде экспонатталды. 

Антикварлы шедеврлердің әсерінен бүкіл әлемге әйгілі Европа және Америкалық зергерлік үйлер Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila «Сәби» Қорына арнайы қазақ елінің дәстүріне сай бірегей әшекейлер жасады. Бұл әшекейлер лот ретіндеқайырымдылық аукционында сатылымға ұсынылған болатын, кейіннен бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарымен «орасан зор оқиға» және «Қазақстанның жаңалығы» аталып кеткен болды. Аукционның нәтижесінде 1 млн. доллар көлемінде қаражат жиналды. Барлық қаржы «Сәби» Қорының қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін бағытталды.

Нью-Йоркте 2012 жылдың ақпанында өткен қайырымдылық аукцион «Сәби» тарихында екінші рет болып отыр. Бұл Қордың шет елде әрекет жасау үшін жоспарлы да алға басатын саясатты жалғастырды. Шараның табысты өткені біздің мақсатымыздың дұрыс көздеуін дәлелдеп, бағытымыздың түзу екенін және ұйымның қолданылатын тәсілдерін тағы бір рет мойындатты. 

Жобаның қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осы жерден біле аласыз.

«Мүгедектерге – лайықты өмір»

Жоба, қимылдауына қиындық тудыратын адамдарға, әсіресе арбадағы мүгедектерге « нватакси» ақысыз мүмкіндігі шектеулі адамдарды таситын көліктік қызметті ұйымдастыру арқылы, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.

2012 жыл – 
Алматы қаласының 3 мүгедектер ұйымдарына 6 «инватакси» автокөліктер сыйға тыртылды:
Volkswagen Caddy – 4 дана 
Volkswagen Transporter – 1 дана
Volkswagen Сrafter – 1 дана

« нватакси» қызметін арттыру үшін 12 қаланың мүгедектер қоғадарына арбаны іліп алып сатымен көтеріліп-түсуге арналған 15 көтергіштер сатып алынып сыйға тартылды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба төрт жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Барлығы Қазақстанның 16 қаласына, яғни 35 000 мүгедектерге арнап 52 автокөлік сатып алынды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

Білім беру жобасы

Жоба әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге, интернат және балалар үйінің түлектеріне қоғамда бейімделіп кетуіне жан-жақты жағдай жасау.

2012 год – 
– желтоқсан – «Жанұяны қолдау орталығы «Берегиня» ҚҰ-ның аясында 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған арнайы жабдықталған Мария Монтессорижүйесімен балаларды ерте жетілдіру және оқыту сыныбы ұйымдастырылды;
– қазан – Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйіне 3 жасқа дейін бүлдіршіндерге арналған арнайы жабдықталған Мария Монтессори жүйесімен балаларды ерте жетілдіру және оқыту сыныбы ұйымдастырылды; айтылған әлеуметтік мекеменің жұмыскерлеріне осы әдіс бойынша тәрбиеленушілермен жұмыс істеу үшін Ресей Федерациясының Ревда қаласындағы Монтессори Аймақаралық Ассоциасының ұстазымен 4 кезеңді семинарларұйымдастырлыды; бірінші кезеңді 17 адам өтті;
– наурыз және қазан айларында жыл сайын өткізілетін кәсіпке бағдарлану тестілеріне біздің қамқормыздағы балалар үйлерінен 70 адам қатысты;
– қазан айынан бастап арнайы дайындау орталықта 8-айлық БҰТ-ге дайындау курстарын Алматы қаласының және облысының 12 тәрбиеленушілері өтуде;
– қазіргі кезде арнайы-орта және жоғары оқу орындарында еліміздің жетімдер үйлерін және интернаттарын бітірген 35 бозбалалар мен бойжеткендер оқып тәлім алуда;
– «2012-2013 Білім беру жобасына» 9-шы және 11-шы сынып бітірген Қазақстанның төрт аймағынан балалар үйлерінің 13 түлек қабылданды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 8 жылы қатарынан жұмыс істеуде, Қазақстанның бес қаласының 10 әлеуметтік мекемелері қамқорлыққа алынды, тәрбиеленушілердің жалпы саны -1 400 адамға жетеді.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

«Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасы

Аталған жобаның аясында еліміздің балалар әлеуметтік мекемелерінде тәрбиеленушілердің денсаулығын дұрыстау үшін, спортпен шұғылдануға және болашақ атлеттерді тәрбиелеуге спорттық кешендер тұрғызылып жатыр. 

2012 жыл – 
Семей қ. көмекші мектеп-интернат
Көпфункционалды спорттық алаң, аумағы 450 шаршы метр, мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнау үшін арналған, «жасанды шөппен» төсенген және контур бойынша прожектермен жарықтанған, қолдануға 2012 жылдың тамызында берілді.

Ақтөбе облыстық оңалту орталығы, Алға қаласы
«Ксил» балаларға арналналған ойын алаңшасы, аумағы 150 шаршы метр, қолдануға 2012 жылдың тамызында берілді.

Теміртау қ. облыстық арнайы мектеп-интернат
Көпфункционалды спорттық алаң, аумағы 450 шаршы метр, мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнау үшін арналған, «жасанды шөппен» төсенген және контур бойынша прожектермен жарықтанған, қолдануға 2012 жылдың қыркүйек айында берілді.

Қызылорда қаласындағы Сәбилер Үйі
«Ксил» балаларға арналналған ойын алаңшасы, аумағы 150 шаршы метр, жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөппен» төсенген, қолдануға 2012 жылдың қазан айында берілді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 10 жыл жұмыс жасап келе жатыр. 2700 балалар үшін 10 қаладағы 17 әлеуметтік мекемелерге 26 спорттық нысандар тұрғызылды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

Медициналық жоба

Аталмыш жобаның аясында медициналық мекелерге қажетті жабдықтармен және медикаменттермен қамтамасыздандыру, емделіп жүрген пациенттерге қолайлы жағдайлар ұйымдастыру және қатерлі ауруға шалдыққан адамдарға уақытылы көмек көрсету.

2012 жыл – 
Қарақастектегі Сәбилер үйі
– тальяндық жұмсақ жиһаздың екі жинағы берілді, барлығы 30 адамға есептелген.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– Тамақ жасайтын блокқа мұздатқыш агрегаты сыйға тартылды, оның ішінде жеткізу және орнықтыру жұмыстарын қоса.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ
– Кішкентай пациенттер үшін балалар ойын бөлмесі жабдықталды.

Арнаулы көмек

– Церебральді салға шалдыққан Никитаға қамқорымызды ары қарай жалғастырудамыз, оған мүгедектерге арналған арба, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен алып бердік;
– Арианна, 10 жаста – энетеровирусты этиологиялық энецефалитқа шалдыққан, оған емделуіне қаржылай көмек көрсетілді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 10 жыл жұмыс істеп келе жатыр, еліміздің 7 қаласындағы 16 емханаларына көмек көрсетілді, 290 000 жуық пациенттер жобаның бенефициары болды.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

Жасөспірімдер жобасы

Бұл жоба жетімдер үйлерінің түлектерінің социуамға кіру кезінде болатын мәселелерді шешуге бағытталған. Оның аясында үй-жайсыз қалған жастарға жеңіл шарттармен өз баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

– шілде – тұрғын-үй жинақ келісім-шарттары жетімдер үйінің екі түлегімен, «Сәби» Қайырымыдылық Қорымен және «Қазақстанның тұрғын-үй жинақтау Банкі» АҚ-мен жасалды. «Сәби» Қоры Қазақстанның тұрғын-үй жинақтау Банкісіне әр қатысушының атынан Алматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтердің құны тұратын соманың 50 пайызын өтеді.

Ендігі салымдарды қатысушылардың өздері жүргізетін болады. Бенефициарлардың жалпы саны 8-ге жетті.

Жобаның барлық кезеңдерінің қорытынды нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осыжерден біле аласыз.

«Өркендеу» құрылыс жобасы

Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде емханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларын көтеруге бағытталған. Жаңа ғимараттар салынып, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және жабдықтау жұмыстары атқарылады.

2012 жыл – 
Қызылорда қ. Сәбилер үйі мемлекеттік мекемесі үшін жаңа ғимаратты салу бойынша қомақты жұмыстары жүргізілді. Қазір бүлдіршіндер қаңқасы қамыстан тұрғызылған апаттық ескі құрылымдарда тұруда. «Сәбидің» тапсырысы бойынша құрылыстың ең жаңа шарттары мен технологиялары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды. Қазақстанның

“Сәби” Қорының президентінің алғы сөзі

By | Жаңалықтар

"Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі Асель Тасмагамбетова
«Сәби» қорының президенті

[i]Осы жылы біздің Қорға 10 жыл толды. Маңызды шек пен қорытындыларды өткізу уақыты. Есептің бірнеше бетіне барлық жасалған жұмысты жүйелей отырып, әсірелемей-ақ, біздің елімізде әлеуметтік маңыздылыққа ие, «Сәбидің» идеядан үлкен жобалармен салмақты ұйымға айналып, қаншалықты өскенін түсінесің. 

Өкінішке орай, қайта құру жылдарында «Қайырымдылық» сөзінің өзі өзінің беделін түсіріп, қазір жым-жылас және лепіріп естіліп тұр. Бірінші тоқсанда қызметімізді талдай отырып, оның – игілік жасау деген тікелей мәнінен аулақ кетіп алмағанымызды қанағаттанарлықпен байқаймыз. 

«Сәби» қорының лейтуәждемесі, немесе, егер осылай айтуға келетін болса, девизі, бір данагөй адамның қайырымдылықтың шуыл мен қол шапалақтауға шыдамайтыны туралы пәкірі болып табылады, әйтпесе барлық іс пен рухани ұмтылыс құнсызданып, бар мағынасынан айырылады. Мұнымен біздің жұмысымыздың жарияланбайтыны және анонсталмайтыны түсіндіріледі. 

[/i]

[i]Мен жақын адамға көрсетілетін көмекті адамның күші жетпейтін сапалардың қатарына жайғастыруға немесе жатқызуға болмайтынына нық иланамын. Бұл, шынында, өркенді қоғамда норма болуы тиіс.[/i]
 

[i]Сондай-ақ адал әрекеттердің жұмсалған соманың мөлшерімен бағаланбайды деп есептеймін. Бір адамның тағдырына адал жүректен және жан-сезіммен қатысу өте маңызды және қымбатырақ болатыны даусыз. 

Ерте ме, кеш пе, елімізде қайырымдылық қозғалыстары мен жебеушілік мәдениеті сапалы жаңа деңгейге шығатынына үтім артқым келеді. 

«Сәби» қоры, өз тарапынан, екінші он жылдыққа өте отырып, көмек қажет ететін адамдардың игілігі үшін өз жұмысын жалғастырады. 

Барлық достарымызға, қайырымды адамдарға, осы жылдарда қасымызда болған және қолдау көрсетуінсіз жасаған істеріміз мүмкін бола алмаған,, әрбір бей-жай қалмаған адамға шын жүректен алғыс білдіремін!

[/i]

[i] рқашанда сіздің,
Асель Тасмагамбетова[/i]





10 жылда атқарған жұмыстардың нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осы жерден біле аласыз: chn-pb-10-cn.pdf [2.84 Mb] (cкачиваний: 8)[/i]

“Өркендеу” жобасының басты жаңалығы

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
«Қызылорда қалалық сәби үйі» ММ үшін
аумақ пен жаңа ғимаратты салу және жабдықтау жөнінде
ЕСЕП БЕРУ

«Сәби» қайырымдылық қоры
Алматы, 2012

Қызылорда қаласы. Ауыр климаттық жағдайлар, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, таза ауыз суының тұрақты тапшылығы және нәтижесі ретінде, жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі, Қорымыздың ерекше назарын осы аймаққа аударуға түрткі болды.

Облыстық орталықта Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайында орналасқан Сәби үйі – техникалық тұрғыдан қаланың ең қауіпсіз емес әлеуметтік мекемелерінің бірі. Бұл – 1956 жылы салынған каркас-қамыштан жасалған апаттық күйдегі, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген ғимарат. Сазбалшықпен сыланған қабырғаларды мекеме қызметкерлері жете ағартады, бірақ бұл тұрақты су өту және ішінара опырылып құлаудан қорғамайды. Ондаған рет боялған терезе жақтаулары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ – тат басқан шіріп біткен құбырлар бойынша жартылай қираған қазандықпен жылытылады. Міне осындай қиын жағдайларда кішкентай балалар өмір сүреді, мұнда онсыз да ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынан айырылған балалар өз өмірін бастайды.

2009 жылы осы ұйымның инспекциясын ұйымдастырып, «Сәби» қайырымдылық қоры ескі құрылысты жөндеудің мақсатсыздығы жөнінде қорытындыға келіп, балалар үшін жаңа қазіргі заманға сай үй салу туралы шешім қабылдады. Қызылорда қ. Сәби үйі үшін жаңа ғимарат салу бойынша «Өркендеу» жобасы ең ауқымды, ресурс шығынды және қымбат жобаға айналды, оның жүзеге асырылуына 300 000 000 теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Нысанның әлеуметтік маңызына қарамастан, Қордың бастамасы бірден қабылданған жоқ. Қызылорда қ. әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының мақұлдауы тек бір жылдан кейін ғана алынды. 2010 жылдың тамыз айында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес құрылыс үшін қалалық әкімшілік Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайы бойынша жер телімін бөлді. «Сәби» қоры дереу ЖСҚ әзірлеуге кірісті.

Алайда төрт айдан кейін, жұмыс жобасы дайын болғанда, қала билігі шешімін өзгертіп, құрылысқа Бейбарыс н/с көшесі бойындағы басқа жер телімін ұсынды. Осы шешім жаңа инженерлік-геологиялық іздеулерді қоса алғанда, ЖСҚ 100 %-на жуық қайта жасалуына әкеп соқтырды. Осымен проблемалар аяқталған жоқ.

Жер телімінде даярлық-жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде, топырақта қалалық сызбаларда ескерілмеген 3 коммуникация құбыры анықталды. ЖСҚ-ны 3 рет толығына жуық қайта өзгертуге мәжбүр болдық, себебі құбырлар, соның ішінде жоғары қысымды газ құбырының болуы ғимараттың тұрғызылуын бірнеше ондаған метрге тасымалдануын қажет етті.

Жобаның мемлекеттік сараптамасынан өту үрдісі де оңай болған жоқ. Мамандар көптеген ескертулер жасады. Олардың жартысына жуық турасынан айтқанда ойдан шығарылған болды. Сараптама комиссиясының қорытындысын алу үшін тоғыз қажет болды.

Бірақ енді барлық қиыншылықтар артта қалды. Қазіргі таңда қорытынды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2013 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Ал көктемде ағаш, гүлдер, көгал алаңын отырғызу арқылы аумақты көгалдандыру жоспарланған.

Дизайны мен сәулет құрылысынан бастап жабдықталуы мен абаттандырылуымен аяқтай отырып, Қазақстанның әлеуметтік мекемелерінің арасында осы ғимарат жобасының баламасы жоқ. Пайдалану кезеңінде ғимаратты күтуге арналған бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мәселелері дейін ескерілген. Бұл үлгілік ғимарат емес – біз сәбилер үшін барынша мүмкін жайлылық пен үй жағдайын құра отырып, «жауапсыздықтан» алыспыз. ЖСҚ жалпы ауданы 1717 ш.м. кірпіштен салынған 3 негізгі корпус (2 екі қабатты, 1 бір қабатты) құрылысы, отынның екі түрімен жылытылатын, автономды қазандық, қосалқы және техникалық бөлме-жайлар, үлкен жазғы павильондар құрылысы, балаларға арналған ойын алаңдарын, су бұрқағы бар және көгалдандырылған демалу аймақтарын бөлу, сплиттерлі блоктармен периметрін қоршау, барлық коммуникациялар өткізу, асфальтталған кіреберіс жолдарын және тас төселген жүргінші жолын төсеу, аумақты аймақтық және периметрлік жарықтандыру қарастырылған.

Ғимараттың іші қазіргі заманға сай, сапалы, экологиялық материалдарды қолдана отырып, ҚНжЕ және СанЕжН барлық нормативтерін ескере отырып, өңделген. Нысанды барлық қажетті жабдықпен, жиһазбен, интерьер заттарымен жабдықтауды да, құрметті мейірбандар қаражаты есебінен «Сәби» қоры өзіне жүктеді.

Бұдан басқа, жаңа мекемеде балаларды М. Монтессори жүйесі бойынша ерте дамыту бойынша жергілікті орталықтың ұйымдастырылуы қарастырылған. Оған РФ, Омск қаласынан арнайы жабдық пен материалдар сатып алынған, сонымен қатар Сәби үйі қызметкерлері үшін ресейлік Монтессори-Қауымдастығы оқытушысымен оқыту семинарлары өткізілген

Сөйтіп, бұл жай ғана жаңа ғимарат емес – бұл ең заманауи стандарттар бойынша салынған, сәбилер өз өмірін жылылықта, күтім мен үндестікте бастайтын мүлде басқа үй.

Сәбилер үйінің бұрынғы ғимаратының фотосуреттері
Сәбилер үйінің жаңа ғимаратының фотосуреттері

Монтессори – Аяз атадан сыйлық

By | «Білім беру» жобасы

Монтессори - Аяз атадан сыйлық Жаңа жыл, ең алдымен балалардың мерекесі болып табылады. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз атаға хат жазып, армандарымен бөлісіп, шын көңілімен ғажайыпты күту үстінде болады. Көп хаттарда олар, әрине ойыншықтар сұрайды.

Біз бірде-екілі баланың емес, бір қаланың тілегін орындауға бел будық. Өскемен қаласының кішкентай тұрғындарына жай ғана ойыншықтар емес, Монтессори жүйесі бойынша оқу-ойын жабдықтарын сыйға тарттық. Оның жинағына кіретін материалдар үлкендердің күнделікті қолданатын тұрғындық, интерьерлік, табиғаттық және техниканың кішірейтілген формалары болып табылады.

Біздің қамқорымыздағы «Берегиня» жанұяны қолдау орталығы» ҚҰ аясында «Сәби» Қоры 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды ерте дамыту сыныпын ашты. Өйткені дәл осы кезеңде қыз бала мен ұл баланың қарым-қатынасы орнатыла бастайды, ең бастысы осындай алтын уақытты жіберіп алмау керек.

Ойынмен танымдық процесс тез әрі қарқынды өтеді. Ашық түсті, көркем, экологиялық таза үйреткіш ойыншықтар оқу орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне бүкіл әлеммен танысуға мүмкіндік береді.

«Инватакси» мәселесі жоғары деңгейде талқыланды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Бүгін Алматы қаласында
мүгедектер қоғамдық ұйымдардың, қорлардың және мемлекеттік құрылымдардың
басшыларыменҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірі Абденов С.С.кездесу
өткізілді. Бейресми жағдайда болған отырыста қазіргі қоғамда мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың әлеуметтік деңгейін жоғарылату үшін мәселелер талқыланды.

Өзекті түрде
арбадағымүгедегектерге көлікпен жүруінемүмкіншілік ашу туралы тақырып көтерілді.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының«Мүгедектер – лайықты өмір» атты жобасы бойынша
атқарған жұмысы жайлы, «инватакси» қоғамдық такси жүйесін дамыту туралыҚордың Президенті сел Тасмағамбетоважиналыста сөз сөйледі.

Баяндаманың толық
мәтінін осы жерден оқи аласыз.kaz.report.pdf[170.64 Kb] (cкачиваний: 5)

Тақырып бойынша сілтемелер:
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінің сайты

bnews.kz бейнепорталы
Премьер-Министр сайты
Казахстанская правда газеті
inform.kz интернет-портал
Хабар телеарнасы
Закон.кз заң порталы

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық.

Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығын әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Ауызбіршілігімізді сақтап, халқымыздың ырысын және гүлденіп өсуін, сыйласуы мен түсінісуін, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.

Барша қазақстандықтарға тілейтініміз зор-денсаулық, сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан қуаныштар сыйлай берсін!

«Алем» Бағдарламасының бірінші халықаралық гранты

By | «Әлем» бағдарламасы

«Алем» Бағдарламасының бірінші халықаралық грантыНью – Йорк… Бұл қаланың атын естігенде ойларыңа не келеді? әрине, шексіз мүмкіншілік!



18 жасар бозбаланың атақты Нью-Йорк киноакадемиясында оқитынын білгендегі ішкі сезімін көз алдарыңа елестету қиын емес! Медет Шаяхметов « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасыныңаясында «Саби» қорының халықаралақ грантыныңиегері болды. Жаңа жылдан бастап Медет оқуын «Кино режиссері» мамандығы бойынша үш жылдық бағдарламамен Академияда жалғастырады. 


Белгілі киномектеп қазіргі заманға сай, атақты оқытушылардың оқу методикасын үйренуге, атағы дүниежүзіне тараған әртістермен мастер класс жүргізіп, сынақ мерзімінде профессионалды жабдықтарды қолданып, ерекше тәжірибе және тереңдей білім алуға ұсынады. Бүгінгі кезде көптеген голливудтық режиссерлармен мен әртістер өз балаларына осы атақты оқу орнын таңдайды, солардың қатарында Стивен Спилберг, Питер Богданович, Ал Пачино, Джимми Фокс, Джоди Фостер, кіші Роберт Дауни, Стивен Фрис и Джордж Ромео, Сьюзан Сарандон и Тим Робинсон, Кевин Кляйн, Пирс Броснан, және т.б.
 
Бір ай болмай жас « лем иегері» жер шарының жартысын озып, миллиондаған адамның арман қаласының бизнес, сән, өнер әлемінің ортасына түседі.



Біздің отандасымыз қазақ кинематографиясының намысын жерге қарайтпай және де күннің бір күнінде «Оскар» сыйлығын ең үздік шетел киносы бойынша жеңіп алатына үміттенеміз.

Ризашылыққа бөленген күн бекерге кетпейді

By | Қордан сыйлықтар

Ризашылыққа бөленген күн бекерге кетпейді Біздің көп ұлтты еліміз әртүрлі мерекелерді аса қуанышпен өткізетіні бәрімізге мәлім. Мемлекеттік және діни мейрамдардан басқа, қазақстандықтардың арасында батыстан қабылдап алған басқа да тематикалық думандар өткізіледі, оның арасында Хулиен Валентин Күні, Хэллоуин және Ризашылық Күні. Соңғысы бізге үш жыл бұрын енген болатын, ол оқу орындардың арасында, әсіресе балалар үйлері және интернаттарда тойланады. Осы күні жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өмірде аяқтан тік тұғызуға көмектескен адамдарға деген, яғни тәрбиешілерге, волонтерларға, филантроптарға және тағы да басқа қолдау көрсеткен кісілерге өз алғысын білдіретін кез болып табылады.


29 қарашаның жұлдызында Алматы қаласындағы қамқорымыздағы № 1 балалар үйінде қонақтар өте көп болды. Тәрбиенушілер ересектерге мерекенің құрметіне концерт көрсетіп, қолөнерлерлік көрмені ұйымдастырып және алуан-түрлі тәтті-дәмдімен сый көрсетті. Жылдан жылға келе жатқан бұндай жылы кездесулер балалардың сана-сезіміне оң әсерін тигізіп, өнегесін көтеріп, борыштық сезімін арттырып, шығармашылық қабілеттерін және еңбекке деген бейімін дамытады. Осындай қызықты, жанұялық деп те айтуға болатын іс-шаралар оларға сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезінуге мүмкіндік береді. 
 
рине келген қонақтар жас жеткіншектерге құр қол келуі мүмкін емес қой. «Сәби» Қайырымдылық Қоры әрдайым игілікке жетектейтін сыйлықпен келді – ағашпен жұмыс істейтін құрал-саймандардың екі жинағын әкелді. Бұндай тарту шебер қолдар үйірмесінде айналысып жүрген жасөсіпірмдерге орынды болды. Жас ұсталар өз қолдарымен балалар үйіне қажетті аяқ-киім қоятын сөрелер құрастырып, ендігі кездесуде жасалған заттарын міндетті түрде көрсетуге уәде берді.

Русский

Қазақ тілі

English