Monthly Archives

June 2012

«Сәбидің» халықаралық дәрежеде танылуы

By | Біздің марапаттарымыз

«Сәбидің» халықаралық дәрежеде танылуы «Сәби» Қайрылымдылық Қоры үстіміздегі жылдың ақпан айында “Nomad’s Way” («Көшпенділер жолы») атты әлеуметтік-мәдени акциясын өткізген болатын. Бұл шара саяси аренада бірақ тарихи тамыры өте терең бірақ егемендігін 20 жыл бұрын алған болған жас Қазақстанмен таныстыру үшін жасалды. Батыс аудитория еліміздің бай мәдени мирасымен танысқан кезде, үлкен жаңалыққа тап болды.

рине, бұндай іс-шара біздің де Қордың қызметіне назар аудартты: «Сәбидің» қайырылымдылық жобаларына бірнеше шет ел ұйымдары қызығушылық танытып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс берді, бұндай оң бағалар біздің жұмысымыздың халықаралық деңгейде жоғары бағалануына тең келеді.

Осындай жайттарды растағандай болып European Society for Quality Research – ESQR (Европалық Сапа Зерттеу Ұйымы) «Сәби» Қорына «International Diamond Prize for Customer Satisfaction 2012» наградасымен 23-24 маусымда Рим қаласында салтанатты түрде марапаттады.

Жыл сайын бұндай наминацияға «тұтынушылардың үмітін қанағаттардырған және сапаны басқару саласында жақсы нәтижеге жеткен» әр түрлі елдің коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары ғана қол жеткізе алады.

Білікті сарапшылардың берген жоғары пікірі Қордың Президенті Тасмағамбетова сел манғалиқызының бастауында жұмыс істейтін кәсіби мамандардың тәртіпке салынған жұмысын бағалап қана қоймай, біздің ұйымға болашақ жанашырлар мен демеушілердің алдында тартымды болуға мүмкіндік береді.

Біздің марапаттарымыз

Жаздыгүнгі суықтын рахаты

By | Медициналық жоба

Жаздыгүнгі суықтын рахаты Жаздың ыстық күндерінде істен шыққан мұздатқыштың ішінде алдын ала молымен алынған азық-түліктің бүлініп кеткен жағдайлары басыңыздан өтті ма?

Сірә болған шығар, ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін емхана – Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бүгінгі күнде жоғарыда айтылған мәселеге тап болып отыр. Істен шыққан және ешқандай жөндеуге келмейтін мұздатқыш қондырмалар әбден ескіріп бұл медициналық орталықтың қалпынды жұмыс істеуіне қауіп төндірді. р түрлі ауруға шалдыққан адамдардың, әсіресе балалардың бұзылған азық-түлікпен тамақтануы денсаулықтарына кері әсерін туғызып, жан ушығар жағдайларға да әкеліп оқтыруы мүмкін.

Мемлекеттік бюджет тарапынан жаңа мұздатқыш алуға мүмкіндігі болмаған кәсіпорынның басшылығы көптеген демеушілерден сәтсіз қолдау іздеп, «Сәби» Қорынан көп үміт күткен болған.

Қандай да жұмыс болмасын, біз өз тарапымыздан тез орындауға тырысатын команда болғандықтан, барлық жайттарды уақытылы реттеп қойдық: яғни тиесілі техника тауып, жабдықтаушы фирмаға ақысы төлеп қажетті құжаттарды ресімдеп қойдық. Бүгінгі күнде жаңа агрегат толығымен жиналып және оның іске қосылу жұмыстары аяқталып, қолдануға тапсырылды.

Шығыс-Қазақстан облысындағы ең ірі көп профильді ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін медициналық орталықтың бір мәселесі осылай тез шешілді.

Шығармашылыққа бөгет жок

By | Арнаулы көмек

Шығармашылыққа бөгет жок Маусымның 15-ші жұлдызында, қасиетті жұма күні «Эльдани» Қайырылымдылық Қорының ұйымдастыруымен болған Шыңберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында қолданбалы халық өнері бойынша Республикалық сайысының қорытындысы белгілі болды.

Қазылар алқасының назарына саз балшықтан, киізден, қағаздан, теріден және моншақтардан жасалған ұсақ-түйектер, «батик» техникасымен салынған суреттер, кестелер және тағы да басқа көптеген бұйымдар көрсетілді. Жұмыстарды орындаған конкурстанттардың дарындылығы мен ынтасы көрермендерді тәнті қылды.

Былтырғы жылдың тамыз айынан бастап үстіміздегі маусымға дейін, яғни тоғыз ай бойы қалалық мерекелердің көрмелері мен жәрмеңкелерінде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары «ерекше» ұл-қыздарымыздың қолынан шыққан шығармаларын көріп олардың бірегей мүмкіндіктеріне куә болды. Ал ұнаған бұйымдарға баға беру үшін www.eldany.kz сайтында әр адамның дауыстары ескерілді.

Жеңімпаздар Rixos қонақүйінің қабырғасында салтанатты түрде марапатталды. «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты біздің Қордың жобасы бойынша серіктестік болып табылатын «Эльданидің» осындай бір тамаша кешін біз назарсыз өте кете алмадық. «Сәби» Қорының Президентінің жарлығымен 140 000 қаржылай сыйақы құрылған болатын, бұл сома барлық лауреаттардың арасында тепе-теңдікпен таратылды.

Бұл жыл сайын өткізіліп жүрген сайыс дәстүрге айналып, мүмкіндіктері шектеулі жастарға өз дарындарын ашуға және сонымен қатар потенциалды сатып алушылар мен инвесторларға жол ашатын болатын.

Сәбилер үйінің жаңа ғимараты

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Сәбилер үйінің жаңа ғимараты Достар!

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Сәбилер үйінің ғимаратын салу үшін бекітілген жобаны іске асыру бойынша «Сәби» Қайрылымдылық Қоры қызу жұмыс үстінде. Өз тарапымыздан біз бар күшімен ат салысып және қаржылай көмек жасап жатқан барлық филантроптарға алғысымызды шын жүректен білдіргіміз келіп отыр.

Болашақта бұл жоба екіқабатты, замануи, жайлы бөлмелері қарастырылған, жиһаз бен технологиялық қондырғылармен жабдықталған, барлық құрылыс нормалары мен ережелеріне сай, көлемі 1700 шаршы метрден асатын әсем ғимаратқа айналатын болады. Сонымен қатар, бас жоспармен балалар ойнайтын арнайы павильон, шаруашылық және техникалық құрылыстар, жасыл желек сияяқты сыртқы инфрақұрылым да қарастырылатын болады.

Айтылған әлеуметтік орынның кішкентай тәрбиеленушілері Қордың атынан тағы да қосымша сыйлықтарға ие болады, олар: бүкіл әлем қолданып жүрген Монтессори материалдарымен жабдықталған бөлме және таза ауада ойнау үшін Ксил балалар алаңы. Ал жұмыр тасты жылғалардан ағатын бұрқақ ыстық күндерде жайлы микроклиматты жасайды.

Қазіргі Сәбилер үйінің құлағалы тұрған күйін көре тұра біздің Қорға жаңа ғимаратты салу идеясы туылды. Бірақ та көздеп тұрған мақсаттарымыз жобаны одан ары қомақты етіп отыр: Балалардың туған үйдің тұрмысындағы жайға жақын орын-жайлар олардың физикалық және психологиялық түрдегі саулығын арттыра түседі, сонымен қатар ары қарай дауына ықпал етеді.

Жұмыскерлерге келетін болсақ, олардың тәрбиелеу және логопедтік қызметін жақсарта тұрып, баланың әлеуметтік түрде ешкімнен кем қылдырмай өсіріп, туған немесе жаңа жанұяда тұрып кетуіне мүмкіндік береді.

Егер де сіздер осы жобабызды ары қарай дамуына ниет білдірсеңіз, онда бізбен пошта немесе телефон арқылы хабарласыңыз!

Біздің есеп-шот.

Ғимарттың эскизді жобасын осы жерден тамашалай аласыз.

«Экшн» ырғағындағы финалистер

By | «Әлем» бағдарламасы

«Экшн» ырғағындағы финалистер Атақты Альфред Хичкок: «Жақсы кино түсіру үшін тек қана үш нәрсе қажет: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» деп айтқан болатын. Осындай дана ойды ары қарай жалғастырмақ мақсатында Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің аясында біздің отандастарымызбен бүкіл әлемнің қатысушыларына үш жыл бойы қатарынан жоғары деңгейде Сценарийлер сайысы өткізілуде.

Қазақстанда осындай күрделі байқау Астана қаласының басшылығының және «Сәби» Қайырылымдылық Қорының « лем» Бағдарламасының қолдауымен өтуде.

Бүгінгі күнде әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясымен жұмыс жасауға және 10 000 $ көлеміндегі ауқымды қаражаттай сыйлықты ұтып алуға мүмкіндік алған 10 ең мықты сценаристердің есімдері белгілі болды (оның ішінде 5 қазақстандық және 5 халықаралық).

2012 жылдың 1-ші және 3-ші шілденің аралығында Астана қаласында өтетін фестивальда финалистер өздерінің «экшн» жанрында жазған сценарийларын білікті аудиторияның алдына талдауға береді.

Басты жүлдені ұтып алатын адамның есімін біз кейіннен төменде көрсетілген тізімнен таба алатын боламыз:

Қазақстандық финалистер

Арман Калбаев, ПРАВДА ВОЙНЫ
Нурбек Каменов, DJ АПОКАЛ ПС СА
Ольга Нагаева, СОКРОВ ЩЕ Ч НГ СХАНА
Сейтжан Спанов, ПОБЕГ С ЗЕМЛ
Тимур Ессентаев, СНЕЖНЫЙ ЧЕЛОВЕК

Халықаралық финалистер

Адам Кристофер Порровеччио, ТОЧКА СОХРАНЕН Я, АҚШ
Евгений Бысов, ОСТРОВ УБ ЙЦ, АҚШ
Файсал Оуреши, ПРОТ ВН К, Ұлыбритания
Кит Ворд, МЕРТВЫЙ ВОЗДУХ, АҚШ
Ржван Кабани, ДЕТ ЭВОЛЮЦ , Канада

Русский

Қазақ тілі

English