Monthly Archives

February 2012

«Сәби» Қазақстанды «ашады»

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қорының Президенті сел Тасмағанбетованың идеялық дем берушілігімен, ұйымдастырушылығымен және демеушілік көрсетуімен, 2012 жылдың 13 мен 17 ақпаны арасында Нью-Йоркте «Nomad’s Way» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Іс-шараны ең жоғары деңгейде дайындап және өткізу үшін тұтас командаға тоғыз ай бойына тізе бүкпей жұмыс істеу қажет болды. Сіңірілген еңбек елеусіз қалмады – шетелдік БАҚ өкілдері «Nomad’s Way» іс-шарасын «орасан зор оқиға» және «Қазақстанды ашу» деп атады.



Аталмыш іс-шара біздің Республикамыздың мерейтойлық датасы – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылып, күллі әлемге Қазақстанның бай тарихи мұрасы мен өзіндік мәдениетін ұсынуды мақсат етіп қойды. Іс-шара өз ауқымына ежелгі қазақ шеберлері – зергерлердің қолданбалы өнерінің көрмесі мен қайырымдылық аукционын біріктірді.



Қазақстанның мәдениетімен таныстығы аз американың әлеуметі үшін қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан лайықты орынды иеленген манғали Тасмагамбетовтың бірегей жеке жиынының экспонаттары нағыз жаңалық болды. Қазақ халқының бабалар өнері көп ғасырлық тарихқа ие және жоғары деңгейге қол жеткізгені белгілі. Ерекше орынды негізгі түрде, әйелдер киімінің бұйымдарын жасауға арналған және өзінің шығармашылық шабыты мен көп деңгейлі технологиясымен көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар иеленеді. Шебердің әрбір жұмысы өзінің тарихи құндылығымен ғана емес, сонымен бірге бірегейлікті паш ететін бейнешілікке толы тереңдігімен таңдай қақтырады: жасаудың әрбір деталы, әрбір штрихы өзіне белгілі бір мағынаны біріктіреді. 



Осы бір сирек кездесетін туындылармен рухтанған Еуропа мен Американың әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері, «Сәби» Қоры үшін арнайы түрде, қазақ халқының ең тамаша ұлттық дәстүрлері желісімен дүниеге келген бірегей әшекейлік туындыларды жасады. Бүгінгі күнгі әшекейлік өнердің майталман шеберлері, өздерінің жұмыстарында көне үлгілердің, археологиялық олжалардың, жартасқа салынған көне суреттердің сарынын пайдалана отырып, зергерлік бұйымдарда ғаламат ұлттың тарихи бай мұрасы мен қазіргі заманғы суретшілердің жеке түрде танылатын қолтаңбасын, ақыл жетпейтін шеберлікпен астастыра отырып, теңдесі жоқ бұйымдарды жасады. 



Бұл әшекейлер қазіргі уақытта «Сәби» қорының қызметінде елеулі орынды иеленген және қазақстанның түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан жас дарындар мен болашағынан көп үміт күттіретін балалардың зерделілік және шығармашылық дамуы, өмірде қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі таныту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттар жасау мақсатына бағытталған « лем» атты жас дарындарды қолдау бойынша Бағдарламасы бенефициар болған, қайырымдылық аукционында лоттар сапасында ұсынылды. 



Бұлтарыссыз зор жетістік болған бұл іс-шара, біздің Қорымыздың таңдалған қызметінің бағыты дұрыс екендігін тағы да бір рет қуаттады.

Сәбилер үйіне «жұмсақ» көмек

By | Қордан сыйлықтар

Шыны керек, шағын қайырылымдылық акциялар біздің Қорда жиі кездеспейді. Ереже бойынша біз алдын ала әзірлеген және бекітілген жобалар бойынша жұмыс атқарамыз. Бірақ та, мүмкіндігінше қарай біз өз тарапымыздан қамқорлығымыздағы ұйымдарға қажет болатын аз да болса көп көретін сыйлықтардан бас тарпаймыз.

Осыны айт келе, «Меркурий 1999» ЖШС-нің қатысуымен, біздің бұрыннан бері келе жатқан Алматы облысындағы Жамбыл ауданы, Қаракастек ауылында орналасқан Сәбилер үйі 30 адамға саналған үлкен көлемді итальянды жиһазын сыйға алды. Енді сол жердегі кішкентай балақайлардың барлығын шеңберлетіп қатарынан отырғызса болатын болды.

Демеушілердің назарынан тыс қалып жүрген осы әлеуметтік мекеменің жұмыскерлері бұл сыйлықты аса қуанышпен қабылдады. Өйткені бұндай үлкен ғимаратта жиһаздар жеткіліксіз болған еді.

Енді үлкейген балалар теледидар көретін бос болған холлдар және балалар мен ата-аналардың көрісетін бөлмелер әр-түрлі бөлшектерін қалауынша қоюға мүмкіндік беретін үлкен жұмсақ дивандармен толықтырылды.

Қосымша стипендия – жаңа мүмкіндік

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының қатысушылары жайлы біз бүкіл әлемге жария салуымыз әдетке айналғандай болды. Жақында ғана бізде бір жаңалық пайда болды, ол Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттын Техникалық Университеттің 1-курс студенті Тілепбергенов Беріктің «әлемдіктердің» қатарында пайда болуы туралы болып шықты.



Бұл бозбала үшін өзінің оқыған мектебіндегі оқутышулар құрамы өтініш берген еді. Бұл мектепті Атырау облысында іс-сапар кезінде біздің жұмыскеріміз көрген болатын. Берікті ұстаздары оның мақсаткерлігін, сауаттылығын және отаншылдығын айта келе мақтады. Көптеген бәйгелердің және олимпиадалардың жеңімпазы, өз күшімен Алматы қаласындағы ЖОО-ның болашақта маңызы зор техникалық мамандығы бойынша оқуға түсті. Жас бозбаланың жақсы жағынан сипаттайтын тағы бір жайт, оған ұстаздарының қаржылай көмек ретінде, үлкен қалада бой көтеруіне себеп болсын деп азын-аулақ ақша жинап жіберуін айтсаңызшы. Өкінішке орай туған анасы денсаулығын нашар болғанынан өз баласын көмекті көрсете алмай отыр.



Біраз ақылдасқаннан кейін, Қор бұл жас балаға оқу барысында көмек ретінде грант-стипендия бөліп «әлемдіктер» қатарына қосты. Енді қаржылық қиындық артта қалып, Берікке еліміздің ең үлкен қаласында жаңа мүмкіндіктер туылып отыр, оған енді оқуын жақсылап оқып, ары қарай дамуы керек, ал Қор өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеді. 

Алматы қалалық мүгедектер қоғамы

By | Алғыс хаттары

Президенту Благотворительного Фонда «Саби»
Тасмагамбетовой А. .
Уважаемая Асель мангалиевна!

В соответствии с проектом Благотворительного Фонда «Саби» « нвалидам – достойную жизнь» ОО «Алматинское городское общество инвалидов» на безвозмездной основе получены два подъемных устройства. Данные подъемные устройства будут использованы службой « нватакси» для транспортировки инвалидов по лестничным маршам.

Ваша поддержка очень важна и актуальна в свете положений Конвенции о правах инвалидов, которая требует, чтобы инвалиды не исключались из общественно-политической жизни по причине инвалидности и имели доступ ко всем объектам социальной инфраструктуры. спользование данных подъемных устройств для транспортировки инвалидов по лестничным маршам с разных этажей и позволит им на более качественном уровне получать транспортные услуги « нватакси».

Правление ОО «Алматинское городское общество инвалидов» благодарит Вас за предоставленные подъемные устройства!
скренне желаем Вам и Вашим коллегам по работе здоровья и благополучия, бодрости духа и неувядаемой энергии, успехов во всех Ваших делах!

С уважением,
Председатель АГО А. Аманбаев

Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағдарламасының басқармасы

By | Алғыс хаттары

Выражаю слова искренней благодарности коллективу Благотворительного Фонда «Саби» за взаимное сотрудничество и оказанную помощь.
Благодаря поддержке Фонда стало возможным осуществление проектов и программ, направленных на оказание помощи людям с ограниченными возможностями.

Начальник Управления занятости и социальных программ А. Кульмаханов.

«Инватакси» автокөліктермен толықтырылды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Біздің қаламызда мүгедектерге транспорттық қызметтер атқаратын көгілдір «шашкалары» бар автокөліктер көзге үйреншікті болып қалды.

« нватакси» қызметінің диспетчерлік орталығына келіп түскен сұранымдардың көбеюіне байланысты және біздің Қормен Алматы қалалық мүгедектер қоғамына сыйға тартылған арнайы машиналардың жетіспегеніне орай, біз қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұтынушылық қажеттілігін көліктік қызметтің толығымен қанағаттандырылмағанын түсіндік. Осыған байланысты алматылық қызметтің тұрағын тағы екі Volkswagen Caddy автокөліктерімен толықтыруға «Сәби»шешім қабылдады.

Бұл шешілген қадамымыз біздің демеушіміз «КазРосГаз» ЖШС-нің арқасында іске асырылды. Өз бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін ұғынған бұл компания, біздің «Мүгедектерге – лайықты өмір» Жобамыздың алға басуына себепкер болып қажетті сома бөлді.

Келе жатқан жаз айларының бірінші жартысында Алматы тапсырыс берілген машиналар жеткізіліп, дереу пайдалануға берілетін болады.

Русский

Қазақ тілі

English