Monthly Archives

December 2011

Жаңа жылыңызбен!

By | Жаңалықтар

Жаңа жылыңызбен!

Сорван листочек последний,
Снят со стены календарь,
Ждет уж давно поздравлений
Стоящий за дверью январь.
В ярких огнях карнавальных
Час наступает его,
Звоном бокалов хрустальных
Входит в наш дом торжество.
Пусть посетят вас удачи,
Пусть вдохновенье придет,
Пусть ваша жизнь станет ярче
В новый 12-ый год!

«Сәби» қайырымдылық қоры 2011 жыл

By | Жыл есеп берулер

2011 жыл – қызметінің 9-жылдығын атап
өткен және онжылдығын аяқтауға жақындап қалған «Сәби» Қайырымдылық Қоры үшін
ерекше, атаулы жылға айналды. Бұл кезең бұрын бекітілген тұрақты жобалар
бойынша, сондай-ақ биылғы жылы әзірленген жаңа жобалар мен бағдарламалар
бойынша қауырт және нәтижелі жұмыспен ерекшеленді.
Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі уақыты, сөйтіп біз де жаңажылдық
мерекелердің қарсаңында өз қызметіміздегі әрбір қадамымызды талдауға көштік.

«Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасын «Сәби» қоры 2011 жылы әзірлеп шығарған болатын.
Бұл «пилоттық» жоба, ол балалар үйі түлектерінің әлеуметке ықпалдасу
проблемаларын шешу мақсатында іске қосылған. Соның шеңберінде жетім жастарға
жеңілдік шартпен тұрғын үй сатып алу жөніндегі күрделі мәселеде көмек көрсету
мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте мынадай шарттың орындалып отыруы маңызды:
бұл «қайырымдылық көмек беруші берді – қайырымдылық көмек алушы алды» деген
дәстүрлі сұлба емес, бұл алушының тарапынан сол көмекке ие болу үшін ұзақ және
қажырлы еңбек етуі. Мұндай жүйе балаларды ойлауға, көптеген жылдар бойы өз
өмірін құруға деген саналы әрі жауапты тұрақты көзқарасын қалыптастыра отырып
барлық күш-жігерін жұмсаумен еңбек етуге мәжбүр етеді. Тұрғын үй алуға
үміткерлер бұл жасы 23-ке толған, білім алған және тұрақты жұмысы бар толық
жетімдер.

2011 жылы жобаға қатысу үшін Алматы қ. Жасөспірімдер үйі түлектерінің
арасынан балалар үйінің 6 түлегііріктеліп алынды. Олармен тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы
үштараптық келісімшарттар жасалған, аталмыш келісімшарттарға сәйкес «Сәби» қоры
Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне әр қатысушының атынаАлматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтер құнының 50%-ы мөлшерінде жарна ақша салды. Бұдан арғы жинақтауларды балалардың өзі салып отыратын
болады.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

« лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы

2010 жылы әзірленген « лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы одан әрі өсіп
және дамуда. Бағдарлама шеңберінде кез келген бала не жасөспірім өзі жайлы
қысқаша мәліметті арнайы құрылғанwww.alemsaby.kzинтернет-порталындажайғастыра алады. рбір өтініш
қабылданып және мұқият қаралады. Үміткердің қабілеті мен шеберлігіне өз
саласының үздік мамандары баға береді. Жоғары дәрежедегі шеберлердің өзі жайлы
мәліметтері шын мәнінде дарынды жастарды табуға мүмкіндік береді, біз солардың
ең жақсы қасиеттерін одан әрі дамытып және келешекке бағыт-бағдар сілтеу үшін
қолдан келер мүмкіндіктің барлығын жасаймыз. Себебі бүгінде өскелең ұрпақты
қолдауға күш салу – бұл біздің ертеңгі ортақ болашағымызға елеулі үлес қосуға
деген мүмкіндіктердің бірі!

Бағдарламаның жұмыс істей бастаған уақыты ішінде комиссиямен еліміздің 25
астам елдімекеніндегі170 астам үміткердің өтініші өңделді; Қор қызметкерлерінің жастарды « лем» бағдарламасы жайлы хабардар етуі
мақсатында 17 елдімекенге сапары ұйымдастырылды; вокал саласындағы ең жоғары
кәсіпқой шеберлерде 8 баланың шығармашылық тыңдалуы ұйымдастырылды; грантты 7
бала ұтып алды, оның төртеуі жоғары оқу орындарында «Сәби» Қорының есібінен оқу
мүмкіндігіне ие болды, бір жас суретшінің Алматы қ. Орталық Көрме Залындағы
2-апталық жеке көрмесі ұйымдастырылды, енді бір «әлемдік» қолданбалы өнердегі
жетістіктері үшін сыйлыққа лэптоп алды, және Қордың « лем»
Бағдарламасының шеңберінде жариялағанБалалар поэтикалық
байқауында
1-орынды иеленген жаңадан бастап жүрген ақын басты
жүлде – ноутбук ұтып алды.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс»
компаниясымен Сценарийлер байқауыбірлескен жобасы жүзеге асырылды, аталмыш жоба Қазақстанның
түкпір-түкпірінен дарынды сценаристерді іздеп және іріктеуге арналған; 650 хат
өңдеуден өткізіліп, 132 өтініш қабылданып, 10 жартылай финалист іріктелді, 2011
жылдың шілде айында фестиваль болып өтті, ол 10 000 доллар мөлшеріндегі жүлдеге
ие болып және Тимур Бекмамбетовпен бірге өз сценариі бойынша фильм түсірудің
керемет мүмкіндігіне ие болған байқаудың жеңімпазын анықтады.

Алматы қ. Шахматшылар одағының жанынан жақында ашылған«Saby-Chess» балалар клубыныңжас шахматшылары да
назардан тыс қалмады. «Сәби» қоры клубты спорттық керек-жарақпен, қажетті
жабдықтар мен жиһазбен қамтыды: барлық FIDE талаптарына сай шахматтық үстелдер,
орындықтар, фигуралар мен сағаттар сатып алынды, сондай-ақ жанкүйерлерге арналған
бөлме жиһазбен жабдықталды; сөйтіп қараша айында клубта
балалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы Қорымыздың қызметіндегі негізгі
жайғасымдардың бірінде берікті орынға ие болды. Ол 2008 жылы іске қосылған және
осы 3 жыл ішінде бүкіл республика бойынша ауқымды өріс алды, ол еліміздің
мақтанышына айналып және соның әр аймағындағы мүмкіндігі шектеулі мыңдаған
адамға салонға кіріп-түсуге арналған арнайы гидравликалық көтергіштермен
жабдықталған мүгедектік креслолардың көмегімен қозғалыс еркіндігін сезінуге
мүмкіндік берді десек артық айтпаспыз. Бұл ретте мұндай арбаларды қолданатын
адамдарға әдеттегідей арнайы бейімделмеген автокөлікті қолданғандай олардан
басқа көлік түріне ауысып отырып жатудың қажеті болмайды.

2011 жылы «инватакси» паркі қосымша 11 машинамен
қамтылды, және тағы 4 автокөлік Алматыға келесі жылдың басында Германияда қайта
жабдықтаудан өткеннен кейін келетін болады. Бұл машиналар жеті қаланың
мүгедектер қоғамдарына арналған. Осылайша, жоба шеңберінде
сатып алынған автокөліктердің жалпы саны 16 аймақта пайдалану үшін 50 бірлдікті
құрады.

Өздерінің негізінде мүгедектерге біздің машиналарымызды қолданумен тегін
тасымалдау қызметтері ұсынылып отырған « нватакси» қызметтері Қордың
өзге түрдегі қолдауына да ие болуда. Атап айтсақ, биылғы жылы 14 ұйымның диспетчерлік қызметтері азаматтардың
тасымалдау туралы өтініштерін қабылдауды жетілдіру үшін, сондай-ақ арнайы
автокөлікті пайдалану жөніндегі ай сайынғы есептілікті құрастыру ісін қарапайым
ету үшін компьютерлік техникамен жабдықталған
болатын.

Жобаны дамытудың келесі кезеңіне « нватакси» көліктік қызметтерін
мүгедектік арбада отырған адамның баспалдақтар бойынша қозғалуын қамтамасыз
етуге арналған арнайы тасымалданатын көтергіштермен жабдықтау шаралары айналды. Қазіргі уақытта мүгедектік арбаларды
қолданатын және бірінші қабаттан жоғары тұратын адамдарды баспалдақтар бойынша
қолмен көтеріп шығарып-түсіріп отыруға тура келеді. Тасымалданатын
көтергіштерді алғаннан кейін мұндай қиындық жоғалады, бұл мүгедектерге қызмет
көрсету деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар әрбір тасымалдауға арнап
есептелген уақытта едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Қайырымдылық жасаушылардан
қаражаттардың келіп түсуіне қарай көтергіштермен барлық қызметтерді қамту
жоспарланып отыр. Қазіргі сәтте 9 қалаға арнап жабдықтың 10
жинағы 
сатып алынған.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

Білім беру жобасы

«Сәби» Қорының білім беру жобасы 2004 жылы іске қосылған болатын, және
әрине ол тұңғыш және егжей-тегжейіне дейін әбден ойластырылған жоба ретінде біз
үшін ерекше маңыздылыққа ие.
Биылғы оқу жылы білім беру жобасы шеңберінде 2010 жылы басталған балалар
үйлерінің түлектерін өз бетінше өмір сүруге сәтті түрде бейімдеу мақсатында
Алматы қ. үш балалар үйінің балаларымен психологиялық түзету жөнінде 7-айлық психологиялық тренингілер әрі қарай жалғасты.
Семинарларды жоғары кәсіби практикалаушы психолог жүргізді, оларға68 балақатысты.

Сонымен қатар өзіміз қамқорлыққа алған балалар әлеуметтік мекемелерінің
оқушылары қалалық даярлау орталығында БҰТ-ға 6-айлық даярлану сабақтарын әрі қарай жалғастырды. Практика көрсетіп отырғандай,
мұндай сабақтар аса тиімді болып табылады және балалардың оқу мекемелеріне
мемлекеттік грантпен түсуінің жоғары пайызын қамтамасыз етеду.

Қорымыз ұйымдастырған Ломоносов ат. ММУ кәсіптік бағдар жөніндегі
бөлімшесінің Алматылық филиалының негізінде кәсіптік бағдар
жөніндег
і дәстүрлі екі кезеңдік компьютерлік
тестілеуден
биылғы жылы Алматы қаласындағы 3 балалар үйінің 107 баласы өтті.

Және ең бастысы, «Сәби» Қорының жоғары және орта оқу мекемелерінде оқуын
төлеуге арналған білім гранттарына Қазақстанның 4 аймағындағы 8 балалар үйлері мен интернаттарының 33 түлегі ие болды, ал
бұрын түскендердің арасында 6 адам биыл маманның дипломын
алып шықты
.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы

Қорымыздың өзінің шеңберінде балалар әлеуметтік мекемелерінде спорттық
және ойын алаңшалары салынып жатқан «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы
бойынша қызметі биылғы жылы ерекше жемісті болды. Биылғы жылы балалар үйлеріне,
мектептер мен интернаттарға сыйға берілген спорт нысандарының
саны 
бес есе өсіп 22-ге жетті.
Петропавл қ. №2 Түзету мектеп-интернатына арнап үлкен ойын
кешенінен, әткеншектер мен орындықтары бар 12 орындық үстелдерден тұратын 150
шаршы м. КС Л балалар алаңшасы салынды.

Тура сондай, алайда кіші жастағы тәрбиеленушілерге арналған, және
спорттық жабдықтарымен толықтырылған алаңша Алматы қ. Үміт Үйінің бүлдіршіндеріне сыйға ұсынылды.

Спорттық бағыттағы тағы бір осыған ұқсас нысанды Алматы қ. «Данашым» ФММ оқушылары сыйға алды, мұнда
турниктер, теннистік үстел, сатылары, шыққыштары бар түрлі спорттық жабдықтар,
баскетболдық сақина мен өзге де элементтер қамтылған.
рине, Қорымыздың ерекше мақтанышы 4 метрлік қорғағыш тормен
қоршалған ауданы 450 шаршы метрлік көп салалық алаңшалар, олар мини-футбол, баскетбол және волейболға арналған, қыс кезінде мұз
айдынын қатыруға арналған арнайы материалмен қапталған. Мұндай алаңша биылғы
жылы Өскемен қ., «Үміт» Балалар Үйінде салынды.

Ал Алматы қ. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері
ауданы 800 шаршы м., жарақаттан қорғайтын арнайы «жасанды шөп» жабыны мен
контурлық прожекторлық жарықтандыруы бар кәсіби футбол
алаңшасын сый ретінде алды.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

Медициналық жоба

«Сәби» Қоры өзінің «Медициналық жобасы» бойынша жұмысын одан әрі
жалғастырды, аталмыш жоба шеңберінде медицина мекемелерін жабдықтар мен
дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емделіп жатқан пациенттерге емдеу
мекемелерінде тиісті жағдай тудыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда науқастарға
жәрдем көрсету ескерілген, бұл тұрғыда орасан зор жұмыс атқарылуда: палаталар
мен ойын бөлмелерін күрделі жөндеуден бастап операциялық және диагностикалық
блоктарды толықтай жабдықтауға дейін. Жобамен республикамыздың 14
мекемесі 
қамтылған.

Жаңа жылдың қарсаңында Маңғыстау областық инфекциялық
ауруханасы Қордан 
сый ретінде Швейцарияда өндірілген, жан сақтау бөлімшесінде
қолдану үшін Hamilton-C2 өкпені жасанды желдету аппаратын алды. Аурухананың сұрату хатында ӨЖЖ аппараты кішкентай пациенттер
үшін қажет деп көрсетілгенімен, біз аталмыг мекеменің қызмет саласын және мұнда
барлық аймақтан келген ересектер мен балалар емделіп жататынын ескердік. Осы
орайда Қор барлық жастағы науқастарға арнап қолдануға мүмкіндік беретін
кеңейтілген құрамдағы жабдықты сатып алу туралы шешім қабылдады. Оны салмағы
жарты килограмм жаңа туылған нәрестелерге арнап қолдануға болатынын атап
кеткіміз келеді. Hamilton-C2 аппаратын қолдану жедел
медициналық жәрдем көрсету кезінде ЖК мен ЖРВ -дан болып
отыратын балалар мен нәрестелердің арасындағы өлім-жітімнің азаюына ықпалын
тигізуі тиіс.

БЦС себебіне орай терең мүгедектігі бар өзіміз қамқорлығыққа алған Никита
да назарымыздан тыс қалған жоқ. деттегідей, ол және оның әжесі бірнеше айға жететін
азық-түлік қоры мен қажеттеріне арнап жұмсау үшін аздаған ақшалай сома 
алды.
Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелерменмына жердентанысуға
болады.

«Жаңа ұя» Құрылыс Жобасы

«Сәби» Қоры жүзеге асырып отырған Қызылорда қаласының
Нәрестелер үйіне арнап жаңа заманауи ғимарат салу 
жобасы
жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бүгінде аталмыш мекеменің 60 жетім бүлдіршіні
ескі апаттық күйдегі қаңқа-қамыстық үйде тұрып жатыр. Ауыр ауа-райы жағдайлары,
Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, ауыз судың тұрақты тапшылығы және соның
салдарынан жергілікті тұрғын халықтың, әсіресе балалардың төмен тіршілік және
денсаулық деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөліп отыруға
итермелейді.

Қазіргі уақытта құрылыс салынатын жер бекітіліп қойған, жобалау-сметалық
құжаттар әзірленген және біздің мамандарымыз оларды көптеген мемлекеттік
инстанцияларда келісіп және сараптамасын жүргізуде – бұл нысанның құрылысы мен
оған сыртқы коммуникацияларды жалғау үшін қажетті рұқсат ету шараларының кешені.
Жобаны жүзеге асыруға арнап түсіп жатқан қаражат шотта жинақталып және құрылыс
жұмыстарын жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ ішкі жабдықтау мен сыртқы
инфрақұрыылмын дамытуға жұмсалуда.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

«Балаларға өмір сыйла» SMS – жобасы

«Сәби» Қоры мен «ҮЙ» Қорының бірлескен «Балаларға өмір сыйла» SMS-Шарасы
2007 жылы іске қосылған болатын. Соның шеңберінде әрбір адам қысқа 9099
нөміріне SMS – хабарлама жіберу арқылы арнайы шотқа аздаған жарнасын аудара
алады, аталмыш шотта ауруы елімізде емделмейтін кішкентай қазақстандықтардың
шетелде емделуіне арнап жұмсалатын ақшалай қаражаттар жинақталады.
2011 жылдың соңына қарсы «Балаларға өмір сыйла» Шарасы бойынша алымдар мен
ақысы төленген операциялардың сомасы жуықтап алғанда 2 150 000 АҚШ $ құрады. Көптеген адамдар мен ұйымдардың күш-жігерінің
арқасында Республикамыздың әртүрлі қалалары мен облыстарындағы 342 балаға жәрдем көрсетілді.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды
нәтижелермен мына жерден танысуға
болады.

Біздің наградалар

«Сәби» Қорының 2011 жылғы Қайырымдылық қызметі жұртшылықтың назарынан тыс
қалмады.
Еуропаның Бизнес Ассамблеясы ұйымдастырған және наурыз айының басында
Лондонда болып өткен «Энергетикалық Саммит 2011» біз үшін ерекше оқиғаға
айналды. Саммиттің жұмысының ажырағыссыз бөлігі болып табылатын жыл сайынғы
Халықаралық Сократтық Салтанатында «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті
Тасмағамбетова сел манғалиқызына құрметті Виктория Ханымның
Наградасы 
(«Queen Victoria Commemorative Medal») – абырой,
қадір-қасиет және қажырлық үшін берілетін эксклюзивті ағылшын наградасы берілді,
ол Қордың қазынасында ерекше орынды иеленді.

Чернобыль АЭС-дағы апаттың 25-жылдығына арнап «Сәби» Қайырымдылық Қорының
Президенті . .ТасмағамбетовағаЧернобыль мен
Жергілікті соғыс Ардагерлері Одағының 
естелік медалі берілді. Қайырымдылық саласындағы жұмыс үшін осындай
қаһарман адамдардың марапатына ие болу екі есе құрмет.
Бұл наградалар өзіне сауатты және дарынды басшы жетекшілік етіп отырған
«Сәби» қорының өз қызметін дұрыс бағытта жүргізіп отырғанын растауда.


Біздің барлық наградаларымыз жайлы мына жерден оқуға
болады
.

Қаражат жинау

Көптеген жаны ашық адамдар жетім, ауыр науқасы бар адамдар туралы, әсіресе
балалар туралы телехабарларды көріп не газеттерден мақалаларды оқыған кезде
соларға шын көңілден жәрдем беріп, солардың тағдырына ат салысуға дайын болып.
Алайда уақыттың әрдайым жетіспеушілігі мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмекті
беру үшін банкіге дейін жетуге не редакцияға барып келуге мүмкіндік бермейді.
Сөйтіп жақсы ниеттер сол жүзеге асырылмаған күйінде қала береді.

Алайда 2011 жылы «Сәби» Қоры қазақстандық төлемдік терминалдарға қызмет
көрсету жөніндегі компаниямен бірлесе отырып қол жетімді әлеуметтік сервисті
іске қосты, сол арқылы еліміздің әрбір тұрғыны өзінің жетім балаларға, науқас
және мүгедек балаларға арналған жәрдемін жылдам әрі тиімді түрде бере алады.
Қайырымдылық жарнасын жүргізу үшін кез келген«QIWI» терминалының жанына тоқтап және шотқа ақша аудару керек, ол үшін
интерфейстен “Өзге қызметтер” жолын таңдап, артынша
“Қайырымдылық” түймешігін басып, қорды таңдап және жарнаны салу
қажет. Біз үшін әр теңге маңызды!
Жәрдем көрсетудің өзге әдістері жайлы сайтымыздың басты парағынан білуге
болады.

«Сәби» Қорының қайырымдылық көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алған
қаражаттары түгелдей айқын түрде, арналуы бойынша, Қордың концепциясы мен
Жарғысына сәйкес жұмсалып отырады. Оқиғалар жайлы толығырақwww.old.saby.kzсайтындағы жаңалықтар мұрағатынан оқып білуге болады, ол сонымен қатар
қазақ және ағылшын тілдерінде «тіл қатуда».

«Өркендеу» құрылыс жобасы

By | «Өркендеу» құрылыс жобасы

«ӨРКЕНДЕУ» ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ

Жобаның ұйымдастырушысы және орындаушысы:
«Сәби» Жекеменшік Қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйымы

Мақсаты:
Ғимараттар мен құрылыстарды салу, үй-жайларды күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру және жабдықтау бойынша жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Іске асырылу мерзімдері:
Тұрақты әрекет етуші жоба.

Мәселелердің қойылуы:
рі медициналық, әрі білім берудің әлеуметтік маңызы бар нысандардың қызметін қамтамасыз етуді бюджетті қаржыландырудың мөлшері жылдан-жылға өсуде. Салаларды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірленуде. Мектептерге, ауруханаларға, интернаттарға күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыс істеп тұрған нысандар үшін жаңа ғимараттар салынуда. Жақсы жаққа қарай өзгеруі әрбір мекемеден-ақ көрінеді.

Алайда осы саладағы жекеменшік капиталды жете бағаламауға болмайды. Өйткені, әлеуметтік мекемелердің күрделі қажеттіліктерін елеп-ескеру мемлекеттік сатып алудың ұзаққа созылған рәсімдерінен өту қажеттілігінің болмауы есебінен коммерциялық құрылымдар мен коммерциялық емес ұйымдардың тарапынан барынша жедел болуы мүмкін.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры бірнеше жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелеріндегі тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстарды нәтижелі түрде жүргізуде. 2003 жылдан бастап Қазақстанның 3 өңіріндегі 8 мекемесіндегі 8 нысан салынды және жөндеуден өткізілді. Қазіргі уақытта жаңадан туылған баладан 3 жасқа дейінгі жетім балалар тұратын Қызылорда қаласының Балалар үйіне арналған жаңа қазіргі заманғы ғимаратты салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс істеп тұрған ескі ғимаратты Алматы қаласынан келген көшпелі комиссия авариялық және жөндеуге жатпайды деп таныды. Жоба барлық жаңа құрылыс технологиялары мен талаптарын ескере отырып, «Сәби» тапсырысы бойынша әзірленді.

Жобаның тарихы:

2003 жыл –
Алматы қаласы Бегалин көшесіндегі № 3 Балалар үйі қамқорлығындағы тәрбиеленушілеріне арналған жаңа асхана кешенінің құрылысы.

Жұмыс істеп тұрған асхананың жағдайын және оны жөндеу және жайластыру мүмкіндіктерін тексеру жеке бөлік тұратын жаңа кешенді салу қажеттілігі туралы қорытындыға әкелді. Басшылық аумақтағы ескі, едені, терезелері мен есіктері жоқ, қараусыз үй-жайды қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. 5 айдан соң нысан өткізілді. Құрылысты салу кезінде ең жаңа және сапалы материалдар қолданылды: итальяндық гранит, әдемі қабырға және еден кафелі, жарқыраған сантехника, қайта жабдықталған тағам бөлімі және қосымша үй-жай: қосалқы бөлімше және қойма.

2004 жыл –
Қор Нүсіпбаев атындағы Қазақ облыстық № 4 мектеп-интернатына көмектесе бастады. Мектепте оқу жылының ішінде Алматы облысының алыс ауылдарының көп балалы, тұрмысы төмен қазақ отбасыларының 300-ден аса оқушысы оқиды және тұрады.

Мамандар мекеме асханасын күрделі жөндеу сметасын жасады, демеушілер тартылды. Жұмыс істеу үшін уақыт аз болды, олар үш ауысымда жұмыс жүргізді. Шатырды толығымен алып, едендерді ауыстырды, жаңа есіктер мен терезелер қойды, қоршауын жасады, жаңа коммуникациялар жүргізді. Күрделі жұмыс 1,5 айдың ішінде атқарылды. Жаңа асхана жаңа оқу жылының басында балаларға берілді.

2006 жыл –
«Жанұя» (бұрынғы № 3 балалар үйі) кешенінің ең кішкентай тәрбиеленушілеріне арналған жаңа бөлімшесі – балабақшаның құрылысы жасалды.

Ғимараттың барлық шатыры балалардың қажеттілігіне қарай толығымен қайта жаңартылды. Жатын және ойын бөлмелері, жуынатын бөлмелер және дәретханалар: барлығы ең жоғары сапа стандарттары бойынша орындалды. Жаңа жиһаз бен сантехника орналастырылды, перделер, кілемдер және көптеген ойыншықтар жайлы жағдай жасады. Балабақша балалар үйінің негізінде ұйымдастырылып жатқан уақытта осы нысан қаладағы алғашқы жоба болды.

2009 жыл –
№ 1 Қызылорда мектеп-интернатындағы асхана кешенін күрделі жөндеу.

Жоғары сапалы жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді, кешеннің барлық ескі үй-жайлары фойе мен тамақтану залынан бастап асүй, қосалқы және ыдыс жуатын қосалқы бөлімшелерге дейін толығымен қалпына келтірілді. Асүй жабдықтары ауыстырылды, жаңа жиһаз бен сантехника сатып алынды, терезелерге аппақ перделер ілінді. Сондай-ақ оңтүстік астанадан арнайы шақырылған кәсіби суретшілердің залдардың қабырғаларына салған өрнектері де жағымды көзге көрінетін ерекшеліктер болып табылады.

Мұқан Төлебаев атындағы Алматы музыкалық мектебін күрделі жөндеу.

Қордың жас талантты қазақстандықтарға ерекше ықыласты қарым-қатынасын ескер отырып, балалардың шығармашылық және рухани даму маңыздылығын түсіне келе, «Сәби» музыка мектебіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады. Осы беделі бар оқу орнында жүргізілген жөндеу-құрылыс жұмыстарының нәтижесі оқушылардың жылы батереялары, тегіс едендері мен төбелері, шуылды оқшаулайтын қабырғалары, үлкен жарық терезелері бар жайлы кабинеттерде шығармашылықпен айналуына мүмкіндік туғызды.

2010 жыл –
Нүсіпбаев атындағы Қазақ мектеп-интернатының асхана кешенін жөндеу.

Жөндеу жұмыстары тамақтануға арналған залда және шағын форматта мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған бөлмеде жүргізілді. Қабырғалары кәсіби суретшілердің өрнектермен безендірілген асхана Кішкентай Ханзаданың ертегілер еліне айналды.
«Жанұя» мамандырылған кешеніндегі балабақша мен асхана кешенін жөндеу мақсатында қажетті құрылыс материалдарын сатып алу үшін ақша қаражаттары бөлінді.

2011 – 2012 жылдары
Қызылорда қаласы Балалар үйі мемлекеттік мекемесі үшін жаңа заманауи ғимарат салу бойынша ауқымды жұмыстарды орындау.

Қызылорда қаласы. Ауыр климаттық жағдайлар, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, таза ауыз суының тұрақты тапшылығы және нәтижесі ретінде, жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі, Қорымыздың ерекше назарын осы аймаққа аударуға түрткі болды.
Облыстық орталықта Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайында орналасқан Сәби үйі – техникалық тұрғыдан қаланың ең қауіпсіз емес әлеуметтік мекемелерінің бірі. Бұл – 1956 жылы салынған каркас-қамыштан жасалған апаттық күйдегі, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген ғимарат. Сазбалшықпен сыланған қабырғаларды мекеме қызметкерлері жете ағартады, бірақ бұл тұрақты су өту және ішінара опырылып құлаудан қорғамайды. Ондаған рет боялған терезе жақтаулары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ – тат басқан шіріп біткен құбырлар бойынша жартылай қираған қазандықпен жылытылады. Міне осындай қиын жағдайларда кішкентай балалар өмір сүреді, мұнда онсыз да ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынан айырылған балалар өз өмірін бастайды.
2009 жылы осы ұйымның инспекциясын ұйымдастырып, «Сәби» қайырымдылық қоры ескі құрылысты жөндеудің мақсатсыздығы жөнінде қорытындыға келіп, балалар үшін жаңа қазіргі заманға сай үй салу туралы шешім қабылдады. Қызылорда қ. Сәби үйі үшін жаңа ғимарат салу бойынша «Өркендеу» жобасы ең ауқымды, ресурс шығынды және қымбат жобаға айналды, оның жүзеге асырылуына 300 000 000 теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Нысанның әлеуметтік маңызына қарамастан, Қордың бастамасы бірден қабылданған жоқ. Қызылорда қ. әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының мақұлдауы тек бір жылдан кейін ғана алынды. 2010 жылдың тамыз айында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес құрылыс үшін қалалық әкімшілік Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайы бойынша жер телімін бөлді. «Сәби» қоры дереу ЖСҚ әзірлеуге кірісті.
Алайда төрт айдан кейін, жұмыс жобасы дайын болғанда, қала билігі шешімін өзгертіп, құрылысқа Бейбарыс н/с көшесі бойындағы басқа жер телімін ұсынды. Осы шешім жаңа инженерлік-геологиялық іздеулерді қоса алғанда, ЖСҚ 100 %-на жуық қайта жасалуына әкеп соқтырды. Осымен проблемалар аяқталған жоқ.
Жер телімінде даярлық-жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде, топырақта қалалық сызбаларда ескерілмеген 3 коммуникация құбыры анықталды. ЖСҚ-ны 3 рет толығына жуық қайта өзгертуге мәжбүр болдық, себебі құбырлар, соның ішінде жоғары қысымды газ құбырының болуы ғимараттың тұрғызылуын бірнеше ондаған метрге тасымалдануын қажет етті.
Жобаның мемлекеттік сараптамасынан өту үрдісі де оңай болған жоқ. Мамандар көптеген ескертулер жасады. Олардың жартысына жуық турасынан айтқанда ойдан шығарылған болды. Сараптама комиссиясының қорытындысын алу үшін тоғыз қажет болды.
Бірақ енді барлық қиыншылықтар артта қалды. Қазіргі таңда қорытынды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2013 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Ал көктемде ағаш, гүлдер, көгал алаңын отырғызу арқылы аумақты көгалдандыру жоспарланған.
Дизайны мен сәулет құрылысынан бастап жабдықталуы мен абаттандырылуымен аяқтай отырып, Қазақстанның әлеуметтік мекемелерінің арасында осы ғимарат жобасының баламасы жоқ. Пайдалану кезеңінде ғимаратты күтуге арналған бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мәселелері дейін ескерілген. Бұл үлгілік ғимарат емес – біз сәбилер үшін барынша мүмкін жайлылық пен үй жағдайын құра отырып, «жауапсыздықтан» алыспыз. ЖСҚ жалпы ауданы 1717 ш.м. кірпіштен салынған 3 негізгі корпус (2 екі қабатты, 1 бір қабатты) құрылысы, отынның екі түрімен жылытылатын, автономды қазандық, қосалқы және техникалық бөлме-жайлар, үлкен жазғы павильондар құрылысы, балаларға арналған ойын алаңдарын, су бұрқағы бар және көгалдандырылған демалу аймақтарын бөлу, сплиттерлі блоктармен периметрін қоршау, барлық коммуникациялар өткізу, асфальтталған кіреберіс жолдарын және тас төселген жүргінші жолын төсеу, аумақты аймақтық және периметрлік жарықтандыру қарастырылған.
Ғимараттың іші қазіргі заманға сай, сапалы, экологиялық материалдарды қолдана отырып, ҚНжЕ және СанЕжН барлық нормативтерін ескере отырып, өңделген. Нысанды барлық қажетті жабдықпен, жиһазбен, интерьер заттарымен жабдықтауды да, құрметті мейірбандар қаражаты есебінен «Сәби» қоры өзіне жүктеді.
Бұдан басқа, жаңа мекемеде балаларды М. Монтессори жүйесі бойынша ерте дамыту бойынша жергілікті орталықтың ұйымдастырылуы қарастырылған. Оған РФ, Омск қаласынан арнайы жабдық пен материалдар сатып алынған, сонымен қатар Сәби үйі қызметкерлері үшін ресейлік Монтессори-Қауымдастығы оқытушысымен оқыту семинарлары өткізілген
Сөйтіп, бұл жай ғана жаңа ғимарат емес – бұл ең заманауи стандарттар бойынша салынған, сәбилер өз өмірін жылылықта, күтім мен үндестікте бастайтын мүлде басқа үй.

2013 жыл–Қордың басшылығымен Балалар ауылының нобайлық жобасы келісілді. Барлық кажетті құжаттарды ресімдеу жұмыстарын өткізгеннен кейін «Сәби» Қоры жобалау-сметалық құжаттарын жасауға бірден кіріседі.

Жоба 407 шаршы метр құрайтын екі қабатты коттеджде әр-түрлі жастағы 10-14 балалардың және екі тәрбиешінің (тәрбиеші-ана және көмекші-апай) толыққанды тұруын қарастырды.

Бұл замануи, қолаулы үй Қазақстан Республикасының барлық құрылыс нормаларымен ережелеріне сай, мықты функционалды жиһаз және технологиялық жабдықтардың керекті тұрғын және қосалқы бөлмедерден тұратын болады. Бас жоба бойынша сыртқы инфруструктура да қарастырылған: балалар павильоны, ойын және спорт алаңшалары, шаруашылық және техникалық құрылымдар, жасылжелек.

Барлық қажетті құжаттарды ресімдеп болғаннан кейінгі жұмыс уақыты 2 жыл шамасын құрайды.

2014 жыл

– қаңтар – Астана қаласындағы отбасылық үлгісіндегі жетім қалған және ата-анасының қамқорынсыз қалған 100-140 балаларға арналған ауылын салу жобасы басын бастады;

қазіргі кезде бөлінген жер телімінің шекаралары белгіленді, мемлекеттік инстанциялардан жер теліміне қажетті барлық құжаттары ресімделді, инженерлік-геодезиялық және геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді, тиісті қызмет жеткізушілерден барлық техническалық шарттар және сәулет-жобалау тапсырмасы алынды, Балалар ауылының эскиздік жобасы жасақталды және оны Астана қаласының Қалақұрылысы кеңесі бекітті;

– желтоқсан – Ақтөбе қ. әкімдігімен арнайы мектеп-интернат жетім балаларына арналған әлеуметтік жатақхана құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілді.

 

 

2015-2016 жыл 

сәуір 2015 жыл – «Сәби» Қайырымдылық Қоры«Өркендеу жобасының аясында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, денсаулығының ауытқуына бейімделген леуметтік жатақханақұрылысын салуды бастады.

Бұл шешім Ақтобе қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органдарына арнайы іс-сапаралармен кеңестердің нәтижесінде, деректердің талдауының нәтижесінде сонымен қатарАқтобе облысы мен қаласының әкімдеріменкеліссөздер жүргізілген кезде және олардың қолдаумен біздің ынтамыз қабылданды.

Алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ақтобе облысында тек қана бір Жастар үйі жұмыс істейді, сол үйге облыстың интернаттық мекемелерінен кейін әлеуметтік бейімделу мақсатымен ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар түседі. 1971 жылы салынып сапасы жағынан және табиғи әбден ескірген ғимарат, 100 орынға арналған, бірақта балаларды облыстың әр түкпірінен үздіксіз қабылдап толып кеткен. Бос орындардың тапшылығынан басқа балалар үйлерінің түлектерінің ерекше бір мәселесі бар ол дамуының шектеулігінде, сондықтан оларға бөлек тұру керек сосын әлеуметтік бейімделу уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ және әрдайым әлеуметтік – психологиялық сүйеуде қажет. Осындай балалар санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа ғимараттың салынуы өткір қажет облып тұр.

леуметті – экономикалық дәлелдемелер бойынша жалпы сыйымдылығы 80 орын болатын, соның ішінде бірінші қабаты арнайы арбалы мүгедектерге арналған 2 қабатты таунхаустардың сериясын тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар түлектердің еңбектерін сауықтыру, оларға бастапқы қаржылық ауқаттылықты қамтамасыз ету мақсатындакішігірім цехсалу жоспарлануда. Бұдан басқаспортзал мен мәжіліс залы салуды және спорт алаңын салудықарастыруда. Барлық нысандар ҚР заманауи нормативті құжаттардың талаптарына сай болады. Салынатын ғимараттың жалпы ауданы шамамен 6000 шаршы метрді құрайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры леуметтік жатақхананың жобалауын, тұрғызылуын, толықтай жабдықтандыруын, сондай-ақалаңның абаттандыуы мен көгалдандыруынөз басына алды. Барлық жұмыстардың аяқталуынан кейін және нысанқолданысқа тапсырылғаннанкейін ол болашақтағы қаржыландырумен оның жұмысын қамтамасыз ету үшін облыс әкімшілігінің есебіне тіркелінеді.

– маусым 2015 жыл – «Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақханасының нобайлық жобасы дайын болды;

– тамыз 2015 – қадағалау және бақылау инстанцияларына қажетті
келісім қабылданып, құқықтық құжаттар мен жер құрылысының жобасыдайындалды және
аймақта топографо-гедеозиялық жұмыстар
жүргізілді;

– тамыз 2015 – аймақтағы
инженерлік-геологиялық тексеру жұмыстары жүргізілді;

– қазан 2015 – ғимараттың
сәулеттік жоспарына сай техникалық шарттары қабылданды;

– желтоқсан
2015 – жобаның бағалау жөніндегі
құжаттары жүзеге асты;

– ақпан-наурыз – жоба
туралы келісімнің барлық этапы орындалды;

– мамыр 2016 – жобаның
сметалық құжаттамалары сыртқы желілері және жобасының негізгінде ведомстводан
тыс жүргізілген кешенді сметалық сараптамасының оң нәтижесі алынған;

– мамыр 2016 –
аймақтағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының басталуы жөнінде ГАСК-ге хабарлама
жіберілді;

– маусым 2016 –
бірден 4 тұрғын үй кешені мен әкімшілік мекеменің іргетасын қалау жөнінде
жұмыстар жүргізілді;

– желтоқсан 2016 –
шағын цехы бар әкімшілік мекеменің жабдықтау жұмысы жүргізіліп, 16 пәтерден
тұратын 1 тұрғын үй кешенінің құрылысы толығымен аяқталды.

  

2015-2016 жыл

қыркүйек 2015 –
«Өркендеу» жобасы аясында «Сәби» Қайырымдылық Қоры тағы бір үлкен жобаның
құрылысын бастады: Алматы қаласы, Наурызбай батыр ауданы, Ақжар поселкесінің
батысында орналасқан 1200 орындық орта мектептің құрылысын бастады.

Бұл жоба Алматы
қаласының әкімдігімен арадағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда. Яғни, Қор
әкімшілік ұсынған жобаның шығынын өз есебіне ала отырып, қайтарымсыз қаланың
игілігіне ұсынады.

Қазіргі уақытта
жобаның сметалық құжаттамалары мемлекеттік тапсырыспен әзірленіп, мемлекеттік
экспертизадан оң нәтиже алынды.

Жобаға сай
мектептің ғимараты 3,0026 га жер аумағында орналастырылады. 2-3 қабатты жертөлесі бар. Ғимараттың жалпы
аумағы – 11625 кв.м.

– қараша 2015 – аймақішілік
дайындық жұмыстары жүргізіліп, аймақтың өсімдік қабатын тазарту жұмысы жүргізілді,
периметр бойынша қоршалып, техникалық шарттар алынды, қажетті қуатты
коммункациялар жүргізілді;

– желтоқсан 2015
– іргетастың монолитті жұмыстары басталды;

– маусым 2016 – іргетасын
және негізін қалау жұмыстары аяқталып,
бетондау мен арматуралау жқмысы басталды;

– желтоқсан 2016
– 10 блоктың бетондау жұмысы аяқталып, сыртқы қабырғаны жасақтау жұмыстары
жүргізілуде.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 13 жылдан бері жұмыс жасайды, Қазақстанның 5 аймағында 9 балалар әлеуметтік мекемелері қамтылды, 7 нысан салынып және жөнделді, 2 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тәуелсіздік күніне – беделді үлес!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Тәуелсіздік күніне – беделді үлес! Өтіп бара жатқан осы желтоқсан айында Қазақстан өзінің бас мекересін – Тәуелсіздіктің 20-жылдығын атап өтуде. Бүкіл халық өздерінің жеткен ең үздік жетістіктері мен табыстарын көрсету және болашақтағы жоспарларымен бөлісу үшін екпіндік танытып біртұтастығын көрсетті.

Осы жағдайды айта келе «Сәби» Қоры игілік істер көрсету жөнінде шетте қалмай, артық сөзсіз мақтан тұтатындай көп дәрежеге жеткенін айтқысы келіп отыр. Еліміздің 16 елді мекендерінде таралған біздің «Мүгедектерге-лайықты өмір» жобамыз арнайы орында тұр. Айтып өтіп кететіндей тағы бір жайт, ол әр-түрлі деңгейлі мемлекеттік орындардың осы жобаны республикалық маңыздылығын ескере отырып баршылыққа ұсынуы көрсеткіштің бірі болып саналады.

Тәуелсіздік Күніне, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдау бағдарламасының дамуына «Сәби» Қоры беделді үлес қосты: екі жаңа қатысушылар, Орал және Екібастұз қалалары, қос қостан сыйға тартылған арнайы «инватакси» автокөліктеріне ие болды. Енді осы айтылған қалаларда мүгедектер қоғамдарының қолдауымен арбадағы мүгедек адамдарға еш проблемасыз көлікпен қатынасуына қамтамасыз ететін бұрын-соңды болмаған қызмет құралады.Сонымен қатар, 1,5 жыл бойы « нватакси» қызметі жұмыс істеп келе жатқан Тараз қаласына қосымша Volkswagen Caddy машинасы берілді.

Айтып отырған көліктік тасымалдау жұмыстары мүгедектердің қайсібір ұйымдарда тіркелуіне қарамастан, диспетчерлік қызметке келіп түскен өтінімдеріне қарай рет-ретімен орындалады (диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлерін осы жерден көре аласыз). Қызметтер әр-түрлы аймақтардың ережелері мен шектеулеріне сай ақысыз түрде жұмыс істейтін болады.

Орал және Екібастұз қалаларындағы ” нватакси” қызметінің фотосуреттері

Армандар орындалуы тиіс!

By | «Әлем» бағдарламасы

Армандар орындалуы тиіс!«Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.



Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды. 



Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады. Олардың ішінде, біздің екі дарынымыз қатысқан трионың орындаған жан түршігерлік «Арман» атты әнімен сүйемелдеген жарықтық 3D графика арқылы ғарыш кемесін «ұшырған» көрсетілім ең көз тартарлық болды. 



ннің аталуы «әлемдіктердің» жан дүниесінің күйін сипаттап отырғандай болды, өйткені барлық телеарнада трансляцияланған көрсетілімде өнер көрсету олардың аңсаған арманы болған еді. 



Бұл концерт аса ірі деңгейімен, сонымен қатар трионың бірінші даусын қазақстандық атақты опералық әнші, халықаралық сайыстардың лауреаты атанған, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы – Медет Чотабаев орындағандығымен және керемет әннің әуенін дарынды музыкант, композитор және аранжировщик, « лем» Бағдарламасының сарапшысы – Ренат Гайсин осындай ерекше оқиғаға арнайылап жазғандығымен Тимур мен Жасұланның естерінде мәңгілікке қалатын болады.



Біз өз тарапымыздан отандастарымызды тағы бір рет Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, ардақты тілкетеріңіз қабыл болып Алланың нұры жаусын деген тілек білдіргіміз келеді!



Армандар орындалуы тиіс!Армандар орындалуы тиіс!












Армандар орындалуы тиіс!

By | Жаңалықтар

Армандар орындалуы тиіс! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.

Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды.

Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады. Олардың ішінде, біздің екі дарынымыз қатысқан трионың орындаған жан түршігерлік «Арман» атты әнімен сүйемелдеген жарықтық 3D графика арқылы ғарыш кемесін «ұшырған» көрсетілім ең көз тартарлық болды.

ннің аталуы «әлемдіктердің» жан дүниесінің күйін сипаттап отырғандай болды, өйткені барлық телеарнада трансляцияланған көрсетілімде өнер көрсету олардың аңсаған арманы болған еді.

Бұл концерт аса ірі деңгейімен, сонымен қатар трионың бірінші даусын қазақстандық атақты опералық әнші, халықаралық сайыстардың лауреаты атанған, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы – Медет Чотабаев орындағандығымен және керемет әннің әуенін дарынды музыкант, композитор және аранжировщик, « лем» Бағдарламасының сарапшысы – Ренат Гайсин осындай ерекше оқиғаға арнайылап жазғандығымен Тимур мен Жасұланның естерінде мәңгілікке қалатын болады.

Біз өз тарапымыздан отандастарымызды тағы бір рет Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, ардақты тілкетеріңіз қабыл болып Алланың нұры жаусын деген тілек білдіргіміз келеді!

Армандар орындалуы тиіс! Армандар орындалуы тиіс!

Сілтемелер:
Астана қаласының ресми сайты
Егемен Қазақстан

Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті отандастар!

Сіздерді ең басты мемлекеттік мерекесімен – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі таңда, артымызда 20 жыл өткеннен кейін Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта толық құқықты, жауапты және құрметті қатысушы екені ретінде танылғанын біз аса сеніммен және мақтанышпен жария етеміз.

Біз сіздерге бейбітшілік, жақсылық, табыс және Отанымызбен бірге жаңа шыңдарға жетулеріңізді тілейміз.
Жақындарыңызбен бірге бақытты және өркенді өмір сүріңіздір, дендеріңіз сау болсын!

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының ұжымы.

Hamilton тыныс алуға көмектеседі

By | Медициналық жоба

Hamilton тыныс алуға көмектеседі «Сәби» Қоры өзінің «Медициналық жобасы» бойынша қызметін жалғастыруда, оның аясында медициналық мекемелерге жабдықтар мен медикаменттермен қамтамасыздандыру, пациенттерге лайықты емделу шараларын өткізу, сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқастарға көмек көрсету сияқты үшін зор жұмыстар атқарылып отыр: палаталар мен ойын орындарының күрделі жөндеуден бастап операциялық және емделу-диагностикалық блоктарды толығымен жабдықтаумен бітеді. Жоба бойынша республикамыздың 14 мекемесіне көмек көрсетілді.

Жаңа жылдың қарсаңында Маңғыстау облыстық инфекциалық емханасына Фонд атынан реанимациялық бөлімде қолдануға арналған Швейцариялық Hamilton-C2 атты өкпені жасанды түрде вентиляциалау аппараты сыйға тартылды. Емхананың өтінішінде бұл аппарат кішкентай пациенттер үшін керек деп түсіндірілгенмен, дегенмен біз мекемеде ересектер мен балалардың емделіп жүрген ерекшілігін ескердік. Осыған байланысты әр түрлі жасты науқастарға көмек көрсету үшін Қор осы қондырғыны ұлғайтылған құрамдығымен сатып алуға шешім ұйғарды.

Тағы бір айтылып кететін бір жайт салмағы жарты килограммнан бастап жаңа туылған балаларға бұл аппаратты қолдануға болады. Hamilton-C2 қолдана келе кейіннен жедел медициналық жәрдем көрсету барысында асқынған ішек және тыныс алу жолдарының вирустық инфекциалардан балалар мен нәрестелердің өлімін азайтуына мүмкіндік арттырады.

«Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла»
атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»

Жобаны ұйымдастырушылар мен орындаушылар:
«Сәби» жеке меншік қайырымдылық қоры»
Коммерциялық емес ұйым
«ДОМ» қайырымдылық қоры

Жобаның мақсаты:
Қазақстанда емделмейтін аурулармен сырқаттанушы,
балаларды шетел емханаларында емдеу және операцияларды қаржыландыруға
қаражаттар жинау.

Жобаның іске асырылу мерзімі:
Тұрақты әрекет етуші жоба

Мәселені белгілеу:
Алғашқы қадамдарын жасаған 2002 жылдан бастап
«Сәби» қайырымдылық қоры біздің еліміздің көп тұрғындары біле бермейтін бір
күрделі мәселеге тап болды.
Бұл қандай да бір себеппен науқастары
Қазақстанда емделмейтін емделушілерге сауатты білікті және нәтижелі медициналық
көмек көрсету мәселесі. Ондай адамдар арамызда аз емес. Олардың арасында үлкен
пайызын балалар алып отыр. Шетелде қымбат ем қабылдау үшін көп адамның қалтасы
көтермейді. Мемлекеттік квоталар туралы айтатын болсақ, олардың өзін көбіне
тарата бермейді және бағалы уақытын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар талай
өмірлерін қия отырып, кейде айлап-жылдап күтуге мәжбүр етеді. Балалардың ауыр
кезеңінде көмегін көрсете алмай шырылдаған ата-аналар тұрарға жер таппай
мазалары кетеді. Олар өздерінің меншіктерін – пәтерлерін, машиналарын,
жиһаздарын сатуға бел буады. Бірақ шетелде бір операцияны немесе толық емдеу
курсын өту үшін бұл жеткіліксіз. лбетте, отбасының сата алатын мүлкі болса жақсы, өйткені мұндай
жағдайларға өмірлік жағдайы қиын отбасылар жиі ұшырап жатады.

Шешу жолдары:
Амалы таусылған ата-аналардың жан айқайын біздің
Қор жерде қалдырмайтын. Қысқа уақыт ішінде таныс-жолдастардан және
туған-туысқандардан керекті соманы жинаған уақытымыз да болған.
Жағдайды мұқият толығымен зерттеп, талдап шығып,
«Сәби» осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұқтаж адамдарға уақытылы, кезегімен
және оперативті немесе басқа да көмектің еш тоқтаусыз көрсетілуін қамтамасыз
ететін тұрақты Қорды қалыптастыру туралы шешімге келді.

Жобаның жүзеге асырылу тарихы мен сызбасы:
Осы идеяны жүзеге асыру үшін 2007 жылдың ақпан
айында «Сәби» қайырымдылық қоры және «Ерікті Мейірімділік Қоғамы» қорымен
бірікті. Ұялы телефондарды пайдаланатын және SMS-хабарламалар арқылы көмек
көрсету ниетін білдірген азаматтардан қаржылай көмек жинау бойынша «Балаларға
өмір сыйла» атты ортақ жоба әзірленген болатын.

«Сәби» қорының Президенті сел Тасмағамбетованың қатысуымен үлкен ауқымды
жұмыстар атқарылды. Телекоммуникация нарығындағы екі ірі бәсекелес компаниялар
– Beeline мен K-mobile сауда маркасын ұсынушы «Кар-Тел» және K-Cell сауда
маркасын ұсынушы «GSM Қазақстан Қазақтелеком ААҚ» алғаш рет бірігіп бірыңғай
9099 SMS нөмірін ашты, ол арқылы ұялы телефоннан хабарлама жібергеннен кейін
жіберушінің теңгерімінен 280 теңге алынып, акцияның арнайы ашылған есепшотына
аударылады.

Бұндай акция Қазақстанда бұрын-соңды болып
көрмеп еді. Он мыңдаған қазақстандықтар жұмыла бірігіп бұл үндеуге ат салысып
қатысты. Осымен 6 жыл бойы «Балаларға өмір сыйла» акциясына БАҚ да, сонымен
қатар көпшілік қауымның да қызығушылығы бәсеңдемей жатыр. Өкінішке орай,
бүгінгі күнде біздің елімізде емделуге келмейтін балалардың саны күннен күнге
асып бара жатыр. Алайда оларға көмек көрсетуге дайын жомарт адамдардың да саны
көп болып отыр.

2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА М ЛІМЕТТЕР БОЙЫНША ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРАЛЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Басты нәтижелер:
Жоба 9 жыл бойы қызмет етіп келеді, Қазақстанның барлық қалалары қамтылған,
жиындардың жалпы сомасы
2016 жылдың 20 желтоқсанға қатысты 2 216 378 454 тенге құрады, ҚР әр түрлі қалалары мен
облыстарынан 1447
балаға көмек көрсетілді.

 

Русский

Қазақ тілі

English