Monthly Archives

October 2011

Жас «каспаровтарда» жаңа инвентарь!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас «каспаровтарда» жаңа инвентарь! Кезінде еліміз тек қана көп кітап оқығаннан ғана емес, шахмат ойнағаннан әлемнің алдыңғы қатарларында болған еді. Бұрынғы заманымызда ойлау қабілетін тәрбиелеу мақсатында осы ежелгі ойынға көп көңіл бөлінген. Шахматтар тәртіпке үйретіп, шоғырлануды және зейінді дамытады. Бүгінгі күнде өкінішке орай, осын ойынмен шындап айналысып жүрген адамдарды сирек кездестіреміз. Олардың көбісі, жастары келген үлкен кісілер болып табылады, ал балалар мен жастар арасында шахмат кеңінен таралмаған. рине, қазіргі таңда, адамның жеке даралығын дамытатын одан да басқа көптеген тәлімдер, ойындар және көркемөнерлер бар, бірақ шахматтың орны бөлек екені бәрімізге мәлім.

Өткен ғасырдың ең жақсы дәстүрін жалғастыру мақсатымен, «Сәби» Қайырылымдылық Қорының басқармасы Алматы қаласының Шахматшылар Одағына ескірген инвентарьлардың орнына жаңаларын алып беруге қолдау көрсетуге шешім қабылдады.
Бұл үшін Мәскеуден кәсіпқойлық шахмат сағаттары (Голландиялық) және фигуралары (Ресейлік) сатып алынды, ал қазақстандық әйгілі жиһаз ұйымдары арнайы турнирлі столдар мен үстелдер жасап берді. Барлық инвентарь халықаралық Ф ДЕ стандартына толығымен сәйкес келеді.

Қазіргі кезде Шахматшылар Одағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін 20-жылдығына орай балалар тәжірибелік турнирына дайындық жүргізіп жатыр, бұл жерде жас гройсместерлер жаңа инвентарьларды қолданып толығымен баға беретін болады. Өз тарапымыздан біз олардың ойындары нәтижелі және қарқынды болуына сенім артып, бәсекенің қорытындылары туралы міндетті түрде болашақта айтып өтеміз.

“Инватаксиге” тапсырыс бердіңіз ба?

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының басталғанына 3 жылдан асып кетті. Бүгінгі күнде, Қорымыздың атынан «инватакси» автокөліктерін сыйға алған қоғамдық ұйымдармен қосыла біз нәтижелерімізді мақтан тұтып жақсы пікірлермен бөліскіміз келіп отыр.



Осы уақытқа дейін «Сәби» Қорының күшімен барлығы 50 автокөлік сатып алынды, оның ішінде 9 машина қазіргі уақытта Германиядағы өндіруші зауытта қайта жабдықтаудан өтуде және, Алматыға келіп түсуіне қарай олар да Қазақстанның әр түрлі аймақтарына үлестірілетін болады.



Бүгінгі күнде, « нватакси» – қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған ақысыз әлеуметтік такси, еліміздің 14 қаласында жұмыс істеуде. р көліктің арнайы гидравликалық көтергіштер арбадағы мүгедектердің отырып түсуін едауір жеңілдедеті. Бұл механизм, арбадан түспей, автокөлікке еш қиындықсыз отырып және шығуына өте ыңғайлы жасалған.

Көліктік қызметтің маңыздылығы және қажеттілігін әр машинаға тіркелген борттық журналда жазылған көптеген алғыс сөздері айғақтап отыр.



«Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Вадим ТОРОПОВ

«Менің ең бірінші айтқым келіп отырғаны, Шымкент қаласындағы « нватакси» қызметінің құрылғанынан бері көп нәрсе өзгерді, әсіресе қалалықтардың қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көзқарасы басқаша болды. Бұрында мүгедектер көзге көрінбей үйінде отырғандықтан, олардың қоғамда аз екені жайлы алданыш стереотип болатын. Енді міне «Сәби» Қорының Президенті сел Тасмағамбетованың іске асырған жобасы, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдар өздерін «қоғамнан аласталған адам» емес, нағыз азамат ретінде сезінуге ықтимал берді. р-түрлі қалалық мәдени-көпшілік шараларда қатысу, қоғамдық, медициналық, оқу және басқа да мекемелерге бару деген сияқты мүмкіншілік туылды. Бұл жайт өз кезегімен біздің мүгедектер қоғамына мемлекеттік құрылымдарынан және Өңтүстік-Қазақстан облысының тұрғындарының көзқарасын өзгертті».[/i]



«Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымының « нватакси» қызметінің диспетчері Марал НУРАЛ НА:

«Ақтөбеде қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналаған осындай арнайы қызметтің ашылуы барлығымызға үлкен прогресс болды! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының сыйға тартқан арбадағы адамдарды тасымалдайтын арнайы екі автокөлігі қаламыздың әлеуметтік жағдайын дамыту үшін үлкен бір қадам болып отыр. Қазіргі уақытта, қоғамдық таксиді қолданып көптеген мүгедектер орнында отырмай көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік береді». [/i]



Шахан ЖУЛДАСБАЕВ, Ақтөбе қаласындағы « нватакси» қызметінің тұрақты қолданушысы:

«2007 жылдың маусым айында ойламаған жерде сәтсіз оқиғаға тап болдым: автокөлік дөңгелегінің астына түсіп қалдым. Диагноз: мойын омыртқасының сынығы. Көп уақыт бойы мен Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында емделіп және сауықтырылдым. Бастан кешкен сұмдық пен жақындарымның азабын айтқым да келмейді. Қазір оның бәрі артта. Мен І-топ мүгедегімін, және мен ары қарай толық қарқынды өмір сүргім келеді. Жақында мен «Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына жұмысқа орналастым. Тұрғылықты үйім қаладан 20 шықырым жерде болғандықтан, күн сайын « нватакси» қолайлы машинасы алып апарып тұрады. Білетінім осы қызметті көптеген мүгедектер қолданып жүр, ал одан көбі қолданғысы келіп жүр. Өз тарапымнан азаппен күресуге көмектескен туғандарыма, жақындарыма, қала әкімшілігіне, Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына, және міндетті түрде «Сәби» Қайырылымдылық Қорына жаңадан өмір бастағаныма алғысымды білдіргім келіп отыр. Өздігінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ адамдардың ауыртпалығын жеңілдедетін осындай асыл адамдар қаламызда көбее берсін. Ал мен болсам сіздердің және өзімнің үмітімді ақтау үшін бар күшіммен ат салысам».[/i]



« нватакси» қызметін пайдалану үшін, сізге бір күн бұрын диспетчерлік бөлімге телефон соғып тасымалдау жұмысына тапсырыс беруге болады (әр қаланың телефон номерлері біздің сайттың «пайдалы сілтемелерінде» көрсетілген).

Футбол алаңы пайдалануға берілді!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Футбол алаңы пайдалануға берілді! Өзі жайлы біз тамыз айының басында жазған Алматы қ. Жаөсөспірімдер үйінің аумағында салынып жатқан футбол алаңы жұмыс істей бастады. Алғашқы матч ойналды, сөйтіп тәрбиеленушілер «жасанды шөп» кәсіби жабынын бағалап та үлгерген .

Алаңның айналасында орналасқан контурлық прожекторлық жарықтың арқасында балалар енді түнге дейін доп теуіп жүре алады, себебі олардың басым бөлігі тәуліктің жарық кезінде оқып не жұмыс істейді.

Футбол – «жастарлықтардың» басым бөлігінің сүйікті спорт түрі, және жаңа алаң – өзінің бос уақытын салауатты өмір салтымен байланыстырған балалар үшін таптырмас сыйлық.

Алға балалар! «Сәби» қоры Сіздерге спортта жаңа жетістіктер тілейді!

Фотосуреттер

Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда

By | «Әлем» бағдарламасы

Қазақстанның шалғай аймақтарында жас таланттарды іздестіруді жалғастыру мақсатында, «Сәби» Қоры жас дарындарды қолдау жөніндегі « лем» Бағдарламасының менеджерін жаңа іссапарға жіберу бастамасын көтерді. Барар жер – Қызылорда облысы болды, біздің Қор онда өз қызметін біреше жылдан бері жүзеге асыруда.



« лем» Бағдарламасымен таныстыру мақсатында, бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларымен кездесулер өткізілді. Қазалы ауданындағы йтеке би кентінің екі мектебі, № 170 және № 249 мектеп, сапар тізімінде бірінші орында болды. Балалар өздерінің таланттарын паш ету үшін, сондай-ақ, Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша көптеген сұрақтарды қою үшін осы кездесуді тағатсыз күткен еді. Құшақ жая қарсы алу және оқушылармен ыстық ықыласпен тілдесу – өте үлкен әсер қалдырды және жылы лебіз ретінде есте қалып қойды. 



Келесі барар жер – Қызылорда болды, дәлірек айтқанда, біздің қамқорлығымыздағы мекеме – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Мектеп-интернат болды. Біздің жобамыздың ұсынатын керемет мүмкіндіктері туралы әңгіме интернаттың түлектерін де, оның қызметкерлерін де сөзсіз қызықтырды.



Сапардың нәтижесінде, «әлемдіктердің» қатарына кіруге және өздерінің біртума қабілеттерін дамыту үшін «Сәбиден» жан-жақты қолдау алуға үлкен мүмкіндіктері бар, келешегі мол бірнеше баланы алдын ала іріктеу жүзеге асырылды.

Русский

Қазақ тілі

English