Monthly Archives

July 2011

«Инватакси» мүмкіндіктерді ұлғайтады

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Кеше Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығында (МБАҚ), қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ақысыз тасымалдау «инватакси» қызметін жүзеге асыратын “Сәби” Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын дамыту үшін демеушімізден ірі төлем келіп түскеніне орай баспасөз конференциясы өтті.

Аударылып түскен қаражатқа біздің Қор 4 арнайы Volkswagen белгісінің автокөліктері сатып алынды: Transporter шағын автобусын «Эльдани» Қорына, екі Caddy автокөлігін Алматы қалалық мүгедектер қоғамына табысталып, ал МБАҚ Crafter автобусын өз меншігіне алды. Мамандандырылған көлік психикалық және физикалық өрістенбей қалған балалар мен жастарға реабилитациялық, психлогиялық және бейімделу көмек көрсету кезінде тасымалдау жүмысын атқару үшін арналған.

Демеушінің өкілдіктерінің, кімдік және Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің атынан келген спикерлердің, сондай-ақ « нватакси» қызметінің тұрақты қолданушыларының қатысумен болған бұл шарада жоғарыда айтылған әр қоғамға автокөліктердің сый сертификаттары табыс етілді.

Сыйды қабылдап алған ұйымдар шын жүректен өз алғыстарын білдіріп, жұмыстарының жемістерімен бөлісті, сонымен қатар көпшілік назарына қозғалу мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастарды шығармашылық және физикалық дамыту бойынша авторлық бағдарламарын ұсынды. Ауыр науқастар балаларды күнделікті қарапайым тіршіліктен айырып, көп жылдар бойы төрт қабырғадан шығуға мұрсат бермейді. Енді міне, олар мүгедектерге қажетті құралдармен жабдықталған арнайы көліктерді қолдануға мүмкіндік алып отыр.

Сілтемелер:
Общественно-политическая газета «Литер»
« звестия Казахстан»
нформационный портал www.zakon.kz
Комсомольская правда Казахстан

“Әлемдіктің” көрмесінің ашылуы

By | «Әлем» бағдарламасы

Достар,

«Сәби» Қайырылымдық Қоры Петропавл қаласынан келген, жас дарындарды қолдау « лем» Бағдарламасының қатысушысы – балдырған суретші Роман Кузнецовтың Көркем Көрмелер Дирекциясыныңқолдауымен ұйымдастырған екі апталық экспозициясы туралы хабарлаймыз.



9 жасар бала осы ауқытта көптеген жетістіктерге жетті. Оның суреттері мен қол-өнер жұмыстары әр-түрлі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларында көрсетіліп көрерменнің назарын алды. Көптеген алғыс хаттар, грамоталар, альбомдар мен каталогта орналастырылған жұмыстар біздің «әлемдіктің» қабілетін анықтап отыр. Сарапшылардың пікіріне құлақ түрсек, Роман бірегей стильді ұстанып, шеберлігін жылдан жылға арттырып отыр. 


Біз баршалық қауымды 2011 жылғы 29 шілдеден бастап 11 тамызға дейін болатын көрмеге шақырамыз, мекен-жайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көш., 137, Жамбыл көш. қиыл. Экспозицияның жұмыс уақыты: 10.00 бастап 18.00-ге дейін, үзліссіз, демалыс күні – жексенбі. Барлықтарыңызға есік ашық.[/i]

Тимур Бекмамбетовпен сұхбаттасу (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы

Бүгінгі таңда киноиндустрияның беделді адамы, Голливудты бағындырған бірінші қазақстандық Тимур Бекмамбетов «Сәби» Қорының сұрақтарына жауап берді. йгілі режиссердің командасымен біздің Қордың серіктестігі жыл сайынғы өткізілетін Astana экшн-фильмдер кинофестивалінің аясында құрылған Сценарийлер байқауын ұйымдастыруында болатын. Біздің сайтымызда сарапшы жас дарындыларды қалай іздестіру керек және оларды дамыту жайында өз пікірімен бөлісті.

Ойын және спорт алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ойын және спорт алаңы Алматы қаласындағы «Данашым» физико-математикалық мектебінің оқушылары, жазғы демалыстарынан келген бетте керемет сыйлыққа кенелетін болады, өйткені бүгінгі күнде оқу орнының аумағында «Саби» Қорының күшімен жаңа ойын алаңының құрылысы басталды.

Жапырақтары жайылған ағаштардың көлеңкесінде, алтыбақандар мен бастауыш сыныптар оқушыларына арналған ойын кешендерімен бірге, белтемірлері, тенис столы, өрмелеушілері, сатысы, баскетбол шеңбері бар әр-түрлі спорттық қондырғылар, балалардың шымырлығын және күшін дамытатын болады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында тұрғызылатын бұл нысан, енді балаларға дене шынықтыру сабағын қызықты өткізіп, бос уақыттарында спортпен шұғылдандырып қана қоймай, сонымен қатар олардың денсаулықтарына орасан зор пайда тигізеді.

Фоторесурстер

2010-2011 – Бiлiм беру жобасының қорытындылары

By | «Білім беру» жобасы

Бірнеше жылдар бойы сәтті жұмыс атқарып келген, «Сәби» Қорының Білім беру жобасы, 2010-2011 оқу жылында да жалғасын тапты. Бұл жобаның басты кезеңі – қазақстандық жетімдердің, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың, көп балалы не жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқу ақысын төлеуi болып табылады.

Соңғы қоңырау соғылып, енді нәтижелерді қорытындылауға болады: Білім беру жобасының 10 қатысушылары осы жылы бiрiншi курсты тамамдап, екiншiсіне өтті, 15-і үшiншi курске бет алып, ал 6 оқушыларымыз көптен күткен маман қағазын қолға алды.

Өкiнiшке орай, мәреге дейiн барлық балаларымыз жеткен жоқ. Кейбiр түлектер студенттiк өмiрдiң қиындықтарымен соқтығысып, әрі қарай оқуды жалғастыруға жігерлік таба алмады. Дегенмен, үздік үлгерімі және белсенді қоғамдық ұстанымы үшін оқу орындарының басшылығы атынан ақысыз бөлімдерге ауысқан балаларды біз мақтан тұтып отырмыз.

Біз жас мамандарымызды құттықтап, оларға кәсіби өсіп және мансаптарының алға басуына, ал білімді жалғастыратын, студеттерімізге – оқу барысында сәттілік пен талпыныс тілейміз.

«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы еліміздің әр түрлі аймақтарында жалғасын табуда. Үстіміздегі жыл да жобадан тыс қалған жоқ. Алдымен Петропавл қаласындағы балалар ойын кешені № 2 мектеп-интернатының кішкентай тәрбиеленушін қуантты.

Енді міне, Өскемен қаласында орналасқан «Үміт» Балалар үйінің оқушыларына арналған көп функционалды спорт алаңы құрылысы бітіп те қалды. Үйлесімді нысандарды тұрғызу бойынша Қормен бекітілген үлгілік шарттарға сай, 450 шаршы метрлік алаң 4 метр қорғаныс торымен қоршаланған, баскетбол шеңберлері, шағын футбол қақпалары, және алаңды басқа спорт түрлеріне, тез және оңай, қайта жабдықтауға мүмкіндік беретін ауыспалы тор салатын волейбол бағанасы орнатылды. Сонымен қатар, алаңның арнайы резиналық төсемі, жазғы кезде құлағанда жарақаттанудан сақтап, ал қыста мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнағанга мұз айдынын құюға ынғайланған. Тағы айтып кететін жайт – нысанды периметрмен жарықтандыратын күшті прожекторлар, балаларға күн батқанда да спортпен әрі қарай шұғылдануға мүмкіндік береді.

Көптен күткен жазғы дем алыс келіп те қалды және балаларға жасаған бұл сыйлық орнымен болып отыр.

Фотосуреттер

Русский

Қазақ тілі

English