Monthly Archives

June 2011

Сіздер балаларға Өмір сыйладыңыздар!

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

2011 жылғы 30 маусымда «Mega» сауда, ойын сауық кешенінде,«Ерікті Мейірімділік Қоғамы» мен «Сәби» Қорларымен бірлесіп өткізетін кішкентай қазақстандықтарды емдеуге жіберетін ақшалай қаражаттарды оқшаулау үшін «Балаларға өмір сыйла» жобасының кезекті қорытындылар бойынша есеп-беру баспасөз конференциясы өтті.



Бұл салтанатты шара айрықша оқиғаға орайластырылған болатын – Акцияның басталғанынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде ғана емдеуге болатын туа біткен жүрек арқауларына операция жасау үшін, Сәби» Қорының есеп-шотына демеушімізден келіп түскен – 26 500 000 теңге мөлшеріндегі ең үлкен қайырылымдылық көмек “Ерікті Мейірімділік Қоғамына” жіберілген. 



Жанға жайлы кездесуде, ұйымдастырушылардан, демеушілерден және бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа жоба бойынша көмек көрсеткен кішкентай пациентер, және оңай емес емделу жолын өтетін балалардың жанұялары қатысты.



Сәлем сөзімен бірінші болып Аружан Саин шықты. Ол қайырымды көмек көрсеткен жомарт ұйымға шын жүректен алғысын айтып, жұмысымыздың қорытындыларымен бөлісті: жобаны бастаған 2007 жылдан бастап 2 036 000 АҚШ доллары жиналып 315 балаға көмек көрсетілді. р төлемнің кішкентай сәбилердің ауыр науқастан жазылуға мүмкіндігін арттыратынын да қайталап өтті. 



Біздің көптеген отандастандарымыз қайырылымдылық жолында қатысып жатыр, және қоғамымыздың үнемі осындай жанашыр болатынына біз шын жүректен үміттенеміз.

Жас ақындарға – жоғары баға

By | «Әлем» бағдарламасы

Сәби» Қорының мекен-жайына « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен келіп түскен сұранымдар арасында, жас ақындардың өлеңдері де бар. Ауылдың жастарын қолдау мақсатымен, біз шығармашылық туындарға баға беруге, әдебиет жөнінде сарапшымыз – ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлын шақырдық. 



Сұлтан Қалиұлы қолына түскен жұмыстарды аса зейінмен қарастырып, өз пікірмен бөлісті: өлеңдердің тақырыбы әр-түрлі, сонымен бола деңгейлері жаман емес, бірақ кейбір шығармалардың аз-маз қателері болғандықтан, түзетуді талап етіп отыр. Шығармалардың арасында Ақтөбе облысында тұратын он бес жасар Сейітова Бағдагүльдің өлеңдерін біздің сарапшы ерекше атап өтті. Бағдагүль өзінің жасына қарамастан өте терең және өмірлік етіп жазған.



Бұндай жоғарғы баға – жас ақынға үлкен жетістік. Сонымен қатар, бұл еңбектері үшін біздің Қор атынан Алматы қаласындағы оқу орындарының біріне төлемақы – Грантына марапатталып отыр.

Кәсіпқой ақынның пікірі мен тілектері балаларды одан ары ынталандырып, әрі қарай шығармашылық ісіне табыс пен жетістіктер әкелетіне үміттенеміз.



«Сәби» Қорының грантына барлық ниеттенушілерге назар саламыз, « лем» бағдарламасына қатысу үшін сіздерге сайтымыздағы www.alemsaby.kz сауалнаманы толтыруыныз қажет.

Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіп шығыңыздар![/i]

«Жасөспірімдер» жобасы – жаңаша биіктерге қадам басу

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасы – жаңаша биіктерге қадам басу Біздің «Сәби» сайтының беттерінде баяндап отырған әрбір оқиға және соның артында тұрған орындалған не жоспарланған іс-шараның Қор үшін маңызы зор. Біз жобаларды маңыздылығы бойынша бір-бірінен бөлмейміз, және біздің соларды жүзеге асыру барысында қабылдап отырған қадамдарымыздың барлығы біз үшін қымбат. Дегенмен де жаңа жобалардың басталғаны жайлы ерекше қуанышпен хабарлап отырамыз, себебі олар көптеген айлар, тіпті жылдар бойы ұзақ және тыңғылықты даярлану шараларының нәтижесі болып табылады.

Бүгінде біз өзіміздің жаңа – «Жасөспірімдер» жобасын іске қосқанымыз жайлы хабарлаймыз. Ол балалар үйі түлектерін азаматтық қоғамға ықпалдасуы мәселелерін шешу мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта балалар үйлерінің түлектері 1997 жылдың 16 сәуіріндегі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алудың жеңілдіктеріне ие болғанымен іс-жүзінде бұл тұрғын үйді сол ала алмаған күйінде қалып отыр, себебі халықтың өзге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған аз қамтылған топтарымен бір кезекте тұр.

Соған орай, «Жасөспірім» жобасы шеңберінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры жетім -жастарға жеңілдік шарттарымен өз тұрғын үйін сатып алудың күрделі мәселесі бойынша жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл жағдайда мынадай шарт принципиалды болып табылады: бұл «қайырымдылық жасаушы беріп – қайырымдылық көруші алды» деген үйреншікті сұлба болмай, алушы соған ұзақ уақыт бойы және қажырлы еңбегімен қол жеткізуі тиіс. Мысалы, тұрғын үй алуға 23 жасқа толған, жоғары білімі бар және қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген панасыз жетімдер ғана үміткер бола алады. Мұндай жүйе Жетімдер үйінің түлегін көптеген жылдар бойы өмірін құруға деген жан-жақты ойластырылған және жауапты көзқарасын қалыптастыра отырып, бар жігерімен еңбек етуге, ойлауға мәжбүр етеді. Аталмыш концепцияға сәйкес жетімдер үшін тұрғын үйге қол жеткізудің барынша шынайы нұсқасы «Сәби» қорының, Тұрғын үй алушы мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үш жақтан бірлескен қызметі болып отыр.

Ынтымақтастықтың мұндай әдісі өте сындарлы болып табылады. Ол жастарға Жасөспірімдер үйінің түлегі өз бетінше жинай алмайтын бастапқы жарнаны, әдетте, өте ірі соманы алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, содан кейінгі қаржылай төлемдер өзінің қалыпты болуына орай оның бюджетіне сондай бір елеулі жағымсыз әсерін тигізе қоймайды. Оған қоса, банкі мен қормен ақырғы есеп айырысуды ол өзінің меншікті тұрғын үйінде тұрып жатып, отбасын құрып, өзінің әл-ауқатын арттырып үлгерген күйінде жүзеге асыруы мүмкін, бұл несиегерлермен есеп айырысуды жылдамдатуы мүмкін. 2011 жылғы жобаға қатысуға арнап Алматы қ. Жасөсөпірімдер үйі түлектерінің арасынан 7

«Жасөсөпірімдер» жобасы жайлы толығырақ түрде осы жерден білуге болады

Қазақстан Республикасы қалаларының « нватакси» қызметтерінің байланыс телефондары

By | Без рубрики

«Сәби» Қорына « нватакси» қызметінің потенциалды қолданушыларының көптеген сұранымдары бойынша, «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының аясында құрылған қозғалу мүмкіндіктері шектелген адамдарды ақысыз тасымалдау қызметінің диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондарын хабарлап отырмыз:

Ақтөбе +7 (7132) 53-29-24, 53-29-25
Алматы +7 (727) 272-10-11
Астана +7 (7172) 35-19-20, 33-60-33, 33-60-85
Атырау +7 (7122) 36-68-42
Көкшетау +7 (7162) 33-33-87, 33-31-88
Қостанай +7 (7142) 50-30-49, 50-44-38, 50-26-63
Қызылорда +7 (7242) 27-81-49
Павлодар +7 (7182) 67-39-21
Семей +7 (7222) 52-47-64
Тараз +7 (7262) 43-57-69
Орал +7 (7112) 50-77-43, 50 05 06
Өскемен +7 (7232) 22-42-64
Шымкент +7 (7252) 32-52-65
Екібастұз +7 (7187) 22 12 89

“Әлемдіктерді” іздеу жалғасуда

By | «Әлем» бағдарламасы
Шығыс-Қазақстан облысына « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасын дамытуға бағытталған іс-сапардан «Сәби» Қайырымдылық Қорыөкілінің оралуына 2 апта толмай жатып, енді міне Ақтөбе облысындағы талантты балалармен кездесуге тағы бір мүмкіншілік болды.

Бұл кездегі сапар облыстың бірнеше мектептеріндегі балалармен кездесуді көздеді, оның ішіне: Шалқар қаласындағы, Ойыл мен Қобда аудан орталықтарындағы және Ақтөбеқаласындағы оқу орындары кірді. Балалармен жүргізілген сұхбат сәтті өткізіліп, енді«әлемдіктер» санының артуы әбден мүмкін болып отыр. Мектеп басшылықтары болса«Сәби» Қорының өкілін аса тартыммен қарсы алып және бұндай алыс аумақтарғаАлматыдан қонақтар жиі келмегендіктен бе, біраз қобалжып та қалды. Келіссөз жүргізу барысында өзара қызметтесу туралы ұсыныс білдірілді, ол жайлы енді Қордың басшылығы аса ұқыппен қарастыратын болады, өйткені « лем» Бағдарламасы жас ұрпақтар үшін белсенді дамып өсуі қажет.

Егер сіз бірегей дарыннын иесі болсаңыз, онда біздің « лем» Бағдарламамыздың қатысушысы болып, грант иегері атануға мүмкіндігіңіз бар екенін тағы да қайталаймыз, ол үшін сізге келесі мекен-жай бойынша сауалнаманы толтыруыңыз қажет:http://www.alemsaby.kz/index.php?newsid=19 [/i]


Қалыптасқан дәстүр бойынша, іс-сапар кезінде «Мүгедектерге – лайықты өмір»жобасы аясында тағы бір қамқорлығымыздағы «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғаудын Ақтөбе калалық қоғамына» соға кеттік, ол жерде ұйыммен тереңірек танысып « нватакси» қызметінің жұмысын қадағалап кеттік.

Никитамен көрісу

By | Арнаулы көмек

Тағдырдың салған ауыр сынақтарымен бетпе-бет кездескен, Никита Базолев пен оның әжесiне «Сәби» Қоры сегіз жыл бойы қол ұшын тигізіп жүр. Сайтымыздың беттерінде біз бұл кісілердің басына түскен ауыртпашылықтары туралы бiрнеше рет айтып өткенбіз.

Шағын ғана Базолевтер тату жанұясымен жыл сайын көріскен кезде, олардың құдыретті рухына шын көңілмен бас иеміз. Никитаға жолыққанда, біз оның серуендеп жүрген жерінен, ал үй иесі – әжесін, күнделік үй тіршілігінің айналысында таптық. Жалғыз немересінің арқауы – деген ұғыну Лидия Александровнаға күш-қуат береді: жасы сексеннен асқан үлкен кісі қан қысымының артуына қарамасатан өзін-өзі белсенді ұстан жүр.

Қамқорлығымыздағы адамдарға, өткен жылдар сияқты біз бірнеше айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуға қажетті қаржы сомасын және азық-түлік беріп жібердік. Бұл азын-аулақ көмек Базолевтердің мұқтаждығын уақытша болса да, сездірмеуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай Ұлттық Тестілер тапсырылды!

By | «Білім беру» жобасы

р жұмыстың ең басты шартысы – ол нәтиже, белгіленген мақсатқа қол жеткізу болып табылады.



«Сәби» Қорының «Білім беру жобасы» аясында, қамқорлығымыздағы балалар үйіндегі алты ай бойы репетиторлық орталығында дайындалған түлектердің жетістіктерінің көрсеткіші болып не табылады? рине, – БҰТ қорытындылары. 



Түлектеріміздің тестілерді жаксы бағамен орындап, енді жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грантпен түсуге үмітті болып отырғанын біз аса қуанышпен хабарлап отырмыз.



Біз болашақ студенттерімізге үлкен жетістіктер тілеп және әрқайсысының таңдаған оқу орнында жаңа білімдерді аса ынтамен және ұқыптылықпен игеруіне сенім білдіреміз.

Өскемен қаласында «инватакси» презентациясы (видео )

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Қозғалу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға тегiн көлiк қызметтерiн көрсету үшін Өскемен қаласында « нватакси» қызметі басталды. Алдымыздағы жаңалықтарда хабарлағандай, «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы аясында Шығыс-Қазақстан облысының орталығы «Сәби» Қорынан екі арнайы автокөліктерін сыйға алып отыр.

Русский

Қазақ тілі

English