Monthly Archives

January 2011

Репетиторлық орталықтағы сабақтар әлден өз нәтижелерін беруде

By | «Білім беру» жобасы

Репетиторлық орталықтағы сабақтар әлден өз нәтижелерін беруде Бұған дейін хабарлаған алты айлық репетиторлық сабақтар жалғасу үстінде. Екі айға дерлік уақыт ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері – бітіруші сыныптардың оқушылары қалалық репетиторлық орталығына келіп қатысуда, мұнда олар ҰБТ-ға кіретін негізгі пәндер бойынша өздерінің білім қорын ұштай түседі.

Балалар лекцияларға ризашылықпен қызыға баруда. р баланың жекелей бабын табу білім алудағы «ақ таңдақтарды» анықтап, жоюға мүмкіндік береді. Алғашқы қорытындылар туралы айтуға да болады: репетиторлық барысында меңгерген даңдыларын тексеру мақсатында ұйымдастырылған байқау сынағында оқушылар өте жақсы нәтижелер көрсетті: ықтимал мүмкіндігі бар 100 балмен алғанда, 99 балдан жоғары!

Осылайша, балалар ақыл-ой қоржынынан бөлек, пәндерге деген сүйіспеншілік пен шыдамдылыққа бой үйретті. Бұдан басқа, болашақ түлектер тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана шыңдалып қоймай, сонымен қатар алдағы уақытта «Сәби» Қорының Білім гранттарының есебінен колледждер мен университтерде білім алу мүмкіндігіне ие болуға мүдделілік танытуда.

Балаларға өмір сыйла» акциясы жөнінде есеп

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Ерікті Мейірімділік Қоғамы мен «Сәби» Қоры бірлесіп өткізген «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша жиналған қаржы мен ақысы төленген операциялардың сомасы 2011 жылдың басына 1 640 538 АҚШ долларын құрады.

Көптеген жаны ізгі адамдар мен ұйымдардың күш салуының арқасында Республикамыздың әр түрлі қалалары мен облыстарынан келген 288 балаға көмек көрсетілді.

Акцияға қатысуға ықылас танытушылардың барлығына өз телефонынан 9099 нөміріне 1санымен SMS-хабарлама жолдау арқылы арнайы шотқа 280 теңге мөлшерінде жарна енгізетіндерін және бұл шоттағы қаражаттың балаларды шетелдік клиникаларда емдеуге жұмсалатынын еске саламыз.

Барлық үн қатушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

«Әлем» бағдарламасының қатысушысы Астанада кімнің жаңа жыл алдындағы Балында өнер көрсетті

By | «Әлем» бағдарламасы

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өткізілген Астана әкімінің Балында концерттік бағдарламамен өнер көрсету Қостанайдан келген вокалист Жасұлан Сыдықов үшін үлкен жетістік болды. Жас өнерпаздың дарындылығы өткен жылы «Сәби» қоқамдық қоры тарапынан қолдау тапқан болатын».

Балғын дарын иесінің осыншалық маңызды мәдени оқиғаға қатысуын ұйымдастырып, оған лібек Дінішев, Нұрлан Абдуллин, Батырхан Шөкенов секілді жұлдыздармен, қазақстандық эстраданың басқа да көрнекті әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетуге теңдессіз мүмкіндік бере отырып, біздің Қор күнделікті күйбең жұмыста барынша зор күш-жігер жұмсау арқылы Жасұланға талпыныс жасауды қажет ететін биік асуларды көрсету мақсатын алдына қойды.

Жасұлан өз сөзінде бұрыннан өзі қызығатын әншілермен, дарынды өнер иелерімен бірге мұндай деңгейдегі Балға қатысу ол үшін үлкен абырой екенін жасырмады: «Мен лібек Дінішев ағамыздың көптеген жазбаларын тыңдадым. Арада ондаған жылдар өтсе де, ол кісінің даусының өзгермегеніне қайран қалдым: өзінің табынушыларын шаттық нұрына бөлеп, бұрынғыша көркем, таза дауыспен ән шырқайды» – дейді қуанышы қойнына сыймаған жас өнерпаз.

Концерт жазбасының трансляциясы 12 қаңтар күні сағат 22:05-те республикалық «Қазақстан-1» телеарнасы арқылы ұсынылады.

«Сәби» қоры Жасұланның тағдырына қалай да болмасын ат салысқандардың барлығына шексіз алғысын білдіреді. сіресе, « лем» бағдарламасының сарапшысы – белгілі қазақстандық сазгер әрі продюсер Ренат Гайсинге алғысымыз ерекше.

Русский

Қазақ тілі

English