Monthly Archives

September 2010

Мұқан Төлебаев атындағы №5 балалар музыкалық мектебі

By | Алғыс хаттары
«Сәби» қайырымдылық қорының
Президенті . . Тасмағамбетоваға

Құрметті сел манғалиқызы!

Сізге М.Төлебаев атындағы №5 БММ дамыту мен өсіп-өркендеу ісіне қосқан орасан зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз.
Мектепті жөндеу. Балалар музыка мектебінің келесі жылы атағалы отырған 50-жылдық мерейтойының қарсаңында көрсетілген Сіздің қолдауыңыз бен түсінігіңіздің белгісі.

кімшілік, педагогтар ұжымы, оқушылар мен ата-аналар Сізге алғыс білдірумен басын иеді. Сізге үлкен рақмет!

Көп жылдан бері мектебімізде күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сіз сыйлаған жайлы, жарық, жылы атмосфера мен жағдайлар шығармашылық жағдайды тудыруға, оқушылардың шығармашыл қиялының шарықтауына, оларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге ықпал етуде.

Құрметті сел манғалиқызы!

Сізге және балаларға қуаныш пен үміт сыйлайтын Сіздің Қайырымыдылық қорыңызға одан әрі өсіп-өркендеуін және барлық жақсылықтарды тілейміз. Сізді келе жатқан Жаңа 2010 жылмен құттықтаймыз. Сізге, Сіздің балаларыңызға, отбасыларыңызға, Жақындарыңызға денсаулық, ашық өмір жолын тілейміз. Жаңа жыл Сізге жақсы бастамалар, шарықтаулар мен өмірлік жеңістер әкелсін.

Сізге деген құрметпен және үлкен ризашылығымен
№5 БММ Директоры Чалдаева Ш.Х.

Балалар құқығын қорғау комитеті

By | Алғыс хаттары
Білім және ғылым министірлігі
Қазақстан Республикасы
Балалар құқығын қорғау комитеті

Алғыс хат
Құрметті сел манғали қызы Тасмагамбетова!

Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті Сізге балаларға жасап жатқан қамқорлығыңыз үшін шын жүректен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің балалардың өзекті мәселелерін шешу ісіне қосып отырған үлесіңіз – жоғары мәдениетіңіз бен мемлекетіміздің болашағы үшін азаматтық жауапкершілігіңіздің белгісі.
Адамгершіліктік мақсаттарыңызға қол жеткізуде бұдан арғы уақытта да әріптестік жасап отырамыз деген үміттеміз.

Комитет Төрағасы Ж. Жукенов

Қоғамдық бірлестігі Мүгедектер реабилитация орталығы

By | Алғыс хаттары
«С Б » қайырымдылық қорының
ПРЕЗ ДЕНТІ
. .Тасмағамбетоваға
Құрметті сел манғалиқызы!

Біздің ұйым мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық қызметпен айналысады және қызмет бабымен мен Алматы қаласына жиі барып тұрамын.

Мен 1 топтағы мүгедекпін және мүгедектік арбаның көмегімен қозғаламын. Алматы қаласында Сіздің қорыңыз сыйға берген мүгедектер арбаларына арналған көтергіш құрылғысы бар арнайы автокөлікті пайдаланатын мүгедектік такси қызметі пайда болғанша мүгедектер арбасымен қозғалатын менің және мүмкіндігі шектеулі өзге адамдардың қала бойынша қозғалуы өте қиынға түсетін. Жеңіл автокөлікпен жүріп-тұру өте ыңғайсыз, мүгедектік арбадан машинаға және кері қарай отырып-түсуге тура келеді, ал қоғамдық көлік арбадағы адамдарды тасымалдауға арнап бейімделмеген.

Сізге мүгедектігі бар адамдарға көңіл бөлгеніңіз үшін және Алматы қаласында мүгедектер таксиі қызметін құруға жасаған көмегіңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды және алғысымызды білдіреміз.

Сізге және Сіздің қорыңызға ойлаған армандарыңызды іске асыруда және алға қойылған мақсаттарыңызға қол жеткізуде сәттілік тілейміз!

Құрметпен,
Төраға вкин А.М.

Байланыстар

By | Без рубрики

Мекенжайы: 050020,Алматы қ., Достық даңғ., 250 | Телефонфакс: 311 29 38

Банкілік есепшот:

теңгемен:

Некоммерческая организация «Частный Благотворительный Фонд «Саби»
АО «Казкоммерцбанк»
РНН 600700503063
рс KZ799261802120357000
Б К KZKOKZKX
Кбе 18
Б Н 02 044 000 1779

валютамен ($):

Saby Chastniy Blagotvoritelniy Fond NO
Валютный счет (USD)
KZ529261802120357001
Kazkommertsbank, Almaty,
Kazakhstan
KZKOKZKX
Bank of New York
New York, USA
IRVT US 3N

Қор Президенті – сел манғалиқызы Тасмағамбетова

Қордың серіктестері

By | Без рубрики

Қордың серіктестері мен достары

Қордың серіктестері

«SAT & Company» АҚ

Қордың серіктестері

«Mercur AUTO Ltd» ЖШС

Қордың серіктестері

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Қордың серіктестері

«Казкоммерцбанк» АҚ

Қордың серіктестері

«Қазақстанның жинақтауыш банкі»

Қордың серіктестері

Алматы Қалалық Мүгедектер Қоғамы

Қордың серіктестері

Мейірімдік ерікті Қоғамы

Қордың серіктестері

«GSM Казахстан» ЖШС «Қазақтелеком» ААҚ «K-Сell» сауда белгісімен

Қордың серіктестері

«Кар-Тел» ЖШС «Beeline» сауда белгісімен

Қордың серіктестері

«ТДК» ЖШС

Қордың серіктестері

«Skiff Co Ltd» ЖШС «КС Л» сауда белгісімен

Қордың серіктестері

«ТЕЛЛ » Биобутигі

Қордың серіктестері
«Калугин и К» ЖШС

Қордың серіктестері

“Отан” ҚЗҚҚ” АҚ

Қордың серіктестері

«UNIGLOBE» ЖШС

Қордың серіктестері

«Мұғалім.kz» баспасы» ЖШС

Қордың серіктестері

“КазРосГаз” ЖШС

Қордың серіктестері

“Достык” оқу орталығы

Қордың серіктестері

O!Cafe органикалық кафесі

Қордың серіктестері

Тимур Ербаев

Симонов ЖК

ТОО “Независимое коллекторское агентство “ULTIMATUM”

“Бурсервис-Плюс” ЖШС

“Бюро по работе с дебиторами” ЖШС

Көркемдік Көрмелер Дирекциясы

СМП оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры Талтенов Абзал

Бердимуратова Аида

Скендирова Сауле

Жанарбек Аман

Гумир Джамилов

Ренат Гайсин

Акан Сатаев

Қор жайлы

By | Без рубрики

«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйымы 2002 жылы құрылған, оның қызметі «балалар айрықша қамқорлық пен көмек алуға құқылы» деген «Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясын» бекітуге негізделген.

Қор қызметінің негізгі бағыты осыдан туындауда:
• балалардың денсаулығы және оларды дене шынықтырумен дамыту;
• білім алудың руханилығы мен қол жетімділігі.

Өзінің күш-жігерін қоғамның ең қорғаусыз топтарына арнап жұмсаумен «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы дарынды балаларға, денсаулығында елеулі кемістігі бар балаларға, сондай-ақ негізгі мақсаттарының аумағын кеңейтумен мүмкіндігі шектеулі кемтар адамдарға көмек көрсетумен айналысады.

Өзінің ауқымды жұмысын ұйым «Білім беру жобасы», «Медициналық жоба», «Спорт – денсаулық – жетістіктер», «Мүгедектерге – лайықты өмір», « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы және “Жас өспірімдер” атты әзірленіп бекітілген жобалар шеңберінде және арнаулылық пен айқындылық принциптеріне сүйенумен және қайырымдылық көрсетушілер мен қамқорлық жасаушылардың алдында қатаң есеп берумен жүзеге асырады.

«Сәби» қорының штаты – өз жұмысына берілген және Президенті сел манғалиқызы Тасмағамбетовамен басқарылып отырған шағын, жұмылдырылған ұжым.

Мүгедектерге арналған жоба

By | Без рубрики

«МҮГЕДЕКТЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»

Жобаның мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау. 

Жобаның негізгі міндеттері:
1. Барлық мұқтаждардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына еркін қол жетімдігін қамтамасыз ету және Қазақстан қалаларында қозғалу кезінде ерекше қиыншылықтар туындайтын адамдарға, бірінші кезекте, арбамен жүретін мүгедектерге тегін көліктік қызметтер көрсету бойынша « нватакси» мамандандырылған автопарктерін ұйымдастыру арқылы өмір сапасын едәуір арттыру. Арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған көліктер мүгедек арбаларындағы адамдарға көп күш жұмсамай және орын ауыстыру қажеттілігісіз автокөлік салонына кіруге мүмкіндік береді. 
2. Қозғалу кезінде ерекше қиыншылықтары бар адамдарға қоғамға ықпалдасу және белсенді болу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қозғалу қабілеттігі, мүмкіндігі шектеулі кемтар адамдарға қоғам өміріне, соның ішінде жұмыс істеу мүмкіндігі арқылы белсене қатысу мүмкіндігін береді. Мектептерге, дамытушы үйірмелерге және мәдени іс-шараларға қатыса алатын адамдарға ерекше назар аудару қажет. 
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына қатысты Қазақстан азаматтарының дүниетанымын қалыптастыру.

Мәселені белгілеу:
Біз күнделікті өмірімізде, көшеде мүмкіндігі шектеулі, мүгедектер арбаларындағы адамдарды көреміз бе? Өте сирек. Дегенмен бұл жайт, мұндай адамдардың аз екенін білдірмейді. Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі 40000-ға жуық адам тұрады, соның ішінде 2000-ға жуығы балалар. Егер дені сау адам, өзінің жеке істерін шеше отырып, машина, такси немесе қоғамдық көлікті пайдалана алса, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған, мүгедек адамға мұндай қозғалыс түрі қол жетімсіз болып табылады. Бұл осындай қозғалыстың қымбатқа түсуіне, сондай-ақ мүгедектер арбасын тиеудің қиындығына байланысты. Өз үйінің төрт қабырғасында мәжбүрлі қамалып отыру салдарынан, мүгедектер адам үшін қарапайым жерлерге – дүкенге, ауруханаға, банкке шыға алмайды, ал театр, кино және мұражайды айтып та керегі жоқ. Сонымен қатар, олар жұмыс істеу және оқу, мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігінен айырылады, яғни – қоғамнан толықтай оқшауланады, бұл олардың тек моральдық күйіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар кепілді конституциялық құқықтарын да бұзады. 

Жобаны жүзеге асыру сценарийі:
Мәселенің бар қиындығын назарға ала отырып, «Сәби» қайырымдылық қоры өзінің дербес мониторингін жүргізіп, Қазақстан қалаларында арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автопарктерді ұйымдастыру қажет деген қорытындыға келді. Арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған көліктер мүгедек арбаларындағы адамдарға көп күш жұмсамай-ақ автокөлік салонына кіруге мүмкіндік береді. Қозғалу қабілеті мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғам өміріне, әсіресе балаларға аса маңызды, мектептерге, дамытушы үйірмелерге және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігін береді. 

Жобаның іс-шаралары:
1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған атвокөліктерді сатып алу және оны одан әрі пайдалану үшін Қазақстанның Қалалық Мүгедектер Қоғамдарына сыйға тарту (Орындаушы – «Сәби»);
2. Ғимарат пен құрылыстардың сатыларынан мүгедек арбалардың қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы сатылы көтеріп-түсіргіш механизмдерін сатып алу және « нватакси» автокөлік қызметтерін онымен жабдықтау (Орындаушы – «Сәби»);
3. Жұмыс істеу мүмкіндігі бар мүгедектерді жұмыс орындарындағы жұмыспен қамти отырып, Қазақстан қалаларындағы « нватакси» автопарктерін және диспетчерлік қызметтерді ұйымдастыру (Орындаушы – ҚР Қалалық Мүгедектер Қоғамы);
4. « нватакси» қызметтер базасында ұйымдастырылған диспетчерлік материалдық-техникалық базаларды қалыптастыру, соның ішінде мүгедектерден тасымалдау өтінімін қабылдау үрдісін автоматтандыру үшін және бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы бойынша есептілік қалыптастыру үшін компьютерлік техника жинақтамаларымен және бағдарламалық жабдықтаумен жабдықтау (Орындаушы – «Сәби»);
5. Қазақстан қалаларында « нватакси» ұйымдастырылған қызметтер жұмысын қаржыландыру (Орындаушы – ҚР қалалық әкімдіктері)

Жобаның тарихы:
Жобаның ауқымды жоспарларын жүзеге асыру мақсатында, 2008 жылдың маусым айында Алматы қаласында «Сәби» қоры Көркемөнер көрмелерінің дирекциясымен бірлесіп «Арт Номад» көрмесін ұйымдастырған болатын, оның мақсаты жұртшылықтың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына аудару, сонымен қатар шетел қонақтарын Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнерімен таныстыру болатын. Ең танымал Christie’s аукцион үйінің төрағасы лорд Дэвид Линлидің осы іс-шараға қатысуы жобаның келесі кезеңін жүзеге асыруға – Лондонда Christie’s аукцион үйінде қайырымдылық аукционын және көрмені ұйымдастыру мүмкіндігін берді. Бұл оқиға 2008 жылдың қазан айында өтті және тек Қор үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл еліміз үшін елеулі оқиғаға айналды, себебі әлемге Қазақстан мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірін ашты. Қазақстан өнері осындай жоғарыда деңгейде тұңғыш рет ұсынылған болатын. Аукцион және көрменің нәтижесінде 1 000 000 АҚШ долларға жуық қаражат жиналды. Барлық қаражаттар озық технология бойынша жабдықталған алғашқы 20 Volkswagen маркалы « нватакси» мамандандырылған автокөліктерін сатып алуға жұмсалған. 

Жобаның қаржыландырылуы:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ ҚЕҰ қайырымгерлерінің ерікті салымдары арқылы қаржыландырылады.

Күтілетін нәтижелер:
Осы Бағдарламаның кезеңдік жүзеге асырылуы мүгедектер және аз оңтайландырылған халық тобы үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін жеңуге, мүгедектердің қоғамға ықпалдасу көрсеткішін арттыруға, мүгедектердің әлеуметтік қорғану дәрежесін арттыруға, мүгедектердің әлеуетті қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша жағдай жасау үшін әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын бекітуге, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кадрларының біліктілігін арттыруға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына қатысты Қазақстан азаматтарының дүниетанымын қалыптастыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. 

Елеулі кезеңдер:
Жоба 9 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. ҚР 20 қаласында 43 000 мүгедек үшін 62 автокөлік сатып алынған. 


2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРДАҒЫ М ЛІМЕТТЕР БОЙЫНША «МҮГЕДЕКТЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 

– Қазақстан Республикасының 20 қаласында жалпы арнаулы 62 автокөлік сатып алынды, оның ішінде: 
Volkswagen Caddy автокөліктері – 31 дана;
Volkswagen Transporter автокөліктері – 28 дана;
Volkswagen Сrafter автокөліктері – 3 дана;

Көліктер қала мүгедектерінің қоғамдық ұйымдарына табысталған: 

2009 жылдың шілде айы, 2012 жылдың тамыз айы, Алматы, АГО – 15 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 8 дана;
Volkswagen Transporter – 4 дана; 
Volkswagen Сrafter – 1 дана.

2009 жылдың желтоқсан айы, Атырау – 3 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың қаңтар айы, 2011 жылдың қаңтар айы, Қостанай – 3 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана.

2010 жылдың ақпан айы, Қарағанды – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың сәуір айы, 2011 жылдың желтоқсан айы, Тараз – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 2 дана.

2010 жылдың шілде айы, Семей – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың шілде айы, Астана – 5 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.

2010 жылдың шілде айы, Павлодар – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың шілде айы, Ақтөбе– 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың желтоқсан айы, Көкшетау – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың желтоқсан айы, Теміртау – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2010 жылдың желтоқсан айы, 2011 жылдың сәуір айы, Шымкент – 4 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана.

2011 жылдың сәуір айы, Өскемен – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2011 жылдың сәуір айы, Қызылорда – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2011 жылдың желтоқсан айы, Орал – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2011 жылдың желтоқсан айы, Екібастұз – 2 автокөлік: 
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.

2012 жылдың наурыз айы, Алматы – 2 автокөлік: 
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана. 

2013 жылдың қыркүйек айы, Талдықорған – 2 автокөлік: 
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана. 

2013 жылдың қыркүйек айы, Жезқазған – 2 автокөлік: 
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана. 

2013 жылдың қыркүйек айы, Петропавл – 2 автокөлік: 
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана. 

2013 жылдың қыркүйек айы, Түркістан – 2 автокөлік: 
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана. 

Барлық жобаға қатысушы-қоғамдарға, диспетчерлік қызмет жұмысын жетілдіру мақсатында, сонымен қатар, автокөліктерді пайдалану бойынша есептілікті бірегейлендіру мақсатында сыйға жалпы саны 14 жинақтама компьютерлік техника берілді; 

« нватакси» ұсынатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында Алматы (2 дана), Семей, Астана, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Орал, Екібастұз, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Түркістан қалаларының 16 мүгедектер қоғамы үшін мүгедек арбаларына арналған 19 сатылы көтергіш сатып алынып, сыйға тартылған. 

Біздің миссия

By | Без рубрики

«Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымыдылық саласын түсінуіне ықпал етуге, филантропияны қайырымдылық көмегін алушылар үшін тиімді етуге және демеушілер үшін тартымды етуге негізделген.

Біз 50-60-шы жылдары ең ірі қорлардың адептілері қайырымдылықты адамның міндетті құқықтарының біріне айналдырған қайырымдылық қозғалысының тарихи қателіктерінен аулақ болуға тырысудамыз. Мұндай қор саясаты тәуелділікке әдеттенген және әлеуметтік дербестікті қаламайтын адамдардың бірнеше ұрпақтарының өсуіне әкеп соқтырды.

Алайда филантропия дегеніміз – бұл қайырымдылық ретінде берілген ақшаның өлшемінен анағұрлым артық нәрсе. Оның мағынасы тұтынушы игіліктерді емес,өздері арқылы адамдар сол игіліктерге өздері қол жеткізетін қаражаттарды үлестіруде жатыр. Ежелгі Қытай философы Лао Цзы айтқандай: «Егер мұқтаж адамдаға балық берсеңіз, оның күні бойы тамағы тоқ болады, егер оған қармақ берсеңіз – ол өмір бойы тоқ болады».

Біздің көзқарасымызға негізделсек, адамдар өз өмірін активист-филантроптардың күшімен емес, өз күшімен өзгертуі тиіс, – филантроптар осы өзгерістердің бастамашысы ғана болып табылады.

Миссияны осылайша ұғыну Қордың қоғамдық маңызы бар және мақсатқа лайықты қызметті нәтижелерді мониторингілеу, жоспарлау, технологиялылығы мен бақылау принциптеріне сүйенумен жүргізуін белгілейді.

Русский

Қазақ тілі

English