Monthly Archives

July 2010

«Медицина» жобасы

By | Медициналық жоба

«МЕД Ц НА
ЖОБАСЫ»

Қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету саласын оны бірінші кезекте
балаларға арнап бағыттаумен жетілдіру

Жобаны ұйымдастырушы және орындаушы:
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйым

Жобаның мақсаты:
Ауруларды ерте бастан диагностикалауды ұйымдастыру, медицина қызметкерлерінің
біліктілігін көтеру, науқастардың стционарларда болу жағдайларын жақсарту,
шетелде емделу мүмкіндігін ұсыну арқылы халыққа, ең алдымен балаларға
медициналық қызмет көрсету ісін жетілдіру.

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Тұрақты түрде түрде жұмыс істейтін жоба

Мәселені белгілеу:
Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы – елдің даму дәрежесінің
негізгі критерийлерінің бірі. «Тұрақты даму» ұғымы әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштердің серпінімен ғана сипатталмайды, ол сонымен қатар халықтың
өмірінің ұзаруын меңзейді.
Бүгінде Қазақстан медициналық қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығу қажеттігін
көруде. Аурулардың алдын-алу, диагностикалау мен емдеуден бастап жалпы ұлттық
сауықтыру шараларына дейін.
Практикалық денсаулық сақтауға оңтайлы ұйымдық-әдістемелік формалар мен жаңа
технологияларды енгізу, медицина мекемелері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін
көтеру, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған емдеу және
реабилитациялау кеңістігін ұйымдастыру – Қордың «Медициналық жобаны» жүзеге
асыру барысында белгілеген міндеттері осындай.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1. Бірінші кезең. Ауруларды ерте бастан диагностикалау.

Міндетті белгілеу:
Қазіргі уақытта ауруларды ерте бастан диагностикалау мәселесі бірінші орынға
шыққан. Тіпті бір қарағанда өздерінде мерзімді түрде диспансерлеуді өтуге арнап
барлық жағдайлар жасалған ірі қалалардың өзінде кейінгі жиырма жыл ішінде
аурудың асқынып кеткен кезеңінде медициналық көмекке жүгініп келетін
пациенттердің саны едәуір көбейіп кетті. Ең алдымен бұл өзінде басты принцип –
ауруды емдеу емес, оның алдын-алу болатын кезіндегі кеңес республикаларында
денсаулық сақтаудың негізін құраған мерзімді алдын-ала тексерулердің
тоқтатылуымен байланысты орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың себебіне тұрғын
халықтың, әсіресе ауылд тұрғындарының экономикалық жағдайының төмендеуі,
олардың тиісті түрде жабдықталған мамандандырылған диагностикалау
орталықтарынан алыс орналасуы, білікті медицина қызметкерлерінің тапшылығы
жатады.

Шешудің жолдары:
1. Аса қауіпті ауруларды: жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, туберкулезді ерте
бастан диагностикалауға арналған жылжымалы шағын зертханаларды жабдықтау.
2. Республикамыздың шалғай жатқан және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз болып
келетін аудандарына диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін білікті медицина
қызметкерлерінің ілесуімен мерзімді көшпелі рейдтерді ұйымдастыру.

2. Екінші кезең. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Міндетті белгілеу:
Қазіргі уақытта қазақстандық денсаулық сақтауды реформалау еліміздегі емдеу
мекемелерінің жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Жаңадан ауруханалар
мен клиникалар салынды, халықаралық стандарттарға сай етіп жабдықталған,
қазіргі заманғы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, төсек қоры көбейтілді.
Алайда бірқатар себептер, соның ішінде медицина қызметкерлерінің көптеген
посткеңестік жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қорғаусыз қалуы ең
үздік мамандардың қазақстандық денсаулық сақтаудың жекеменшік секторына,
сондай-ақ елеулі дәрежеде шетелге жылыстауына әкеп соқтырды. Дәрігерлік
мамандықтардың тартымдылығының төмендеуі, орта және жоғары оқу мекемелеріндегі
кәсіби даярлық деңгейінің түсуі медицинаға келіп жатқан жас мамандардың
біліктілігінің төмендеуін тудырды.
Осы себептен денсаулық сақтау саласындағы жағымды беталыстар жаппай түрдегі
табысты емделудің кепіліне айналмады, себебі ғылыми жетістіктерді
медик-мамандардың сауатты тұрғыдағы көзқарасы арқылы ғана барынша тиімді
қолдануға болады.
Мысалы, елімізде нәрестелік және аналық өлім-жітімге байланысты жағымсыз жағдай
қалыптасқан. Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы аналық өлім-жітімнің
деңгейі Батыс Еуропа елдеріндегі, АҚШ, Канада мен Жапониядағы осыған сәйкес
көрсеткіштен 10 есе асады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлгінің деректері бойынша тұтастай Республика бойынша
2009 жылы нәрестелік өлім-жітім тірі туылған 1000 балаға қатысты 18,38 фактіге
дейін азайды (2008 жылдағы 20,76 қарағанда), ал аналық өлім-жітім керісінше 100
000 туылған балаға қатысты 36,9 фактіге дейін көбейіп кетті (30,9 қарағанда).
Нәрестелік өлім-жітімнің көрсеткіштері еліміздің Оңтүстік аймақтарында ерекше
қорқынышты болып келеді. Олардың себептеріне жағдайлардың тең жартысында –
екіқабат әйелдердің денсаулық жағдайымен байланысты перинатальдік бұзылулар
жатады. Қалған факторлар ең алдымен неонатолог-мамандардың шұғыл
жетіспеушілігіне орай жаңа туылған нәрестелерге медициналық қызмет көрсетудің жеткіліксіздінің
салдары болып табылады.
Босанушы әйелдердің арасындағы өлім-жітім жағдайларының саны бойынша
Қазақстанның Батыс аймақтары көш бастап келеді. Тосын жағдайлардың үштен бір
бөлігі әйелдердің өзін-өзі ұйымдастыра алмау, медиктердің босануға дейінгі
тегін бақылауын пайдаланғысы келмеуінің/мүмкіндігі болмауының салдарынан орын
алуда. Енді бір жағынан – бұл медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен
акушерлік көмекті ұйымдастырудың төмен деңгейі.
Аналық және нәрестелік өлім-жітімнің жоғары индексі тұтастай қоғам мен елдің
дамымағандығының белгісі болып табылады.

Шешудің жолдары:
1. Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беру және жаңа туылған нәрестелер
мәселелері бойынша маманданған медицина қызметкерлерінің: неонатологтардың,
акушер-гинекологтардың, сондай-ақ өзге мамандықтардың біліктілігін көтеруге
бағытталған шаралар:
• ауруханалардың, клиникалардың, ҚР ҒЗ негізінде қазақстандық медицина
қызметкерлеріне арнап тренингілер мен шеберлік кластарын өткізу үшін емдеу
ісінің танылған шеберлерін, соның ішінде шетелдік мамандарды қатыстыру;
• келешегінен үміт күттіретін мамандардың болашақта олардың алған білімі мен
дағдыларын Қазақстанның медицина мекемелерінде қолдану мақсатында шетелде
машықтану курстарын ұйымдастыру;
• медицина бағытындағы оқу мекемелерінің дарынды студенттеріне олардың
мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында білім беру гранттарын,
жоғары мөлшердегі стипендияларды, ұзақмерзімді займдарды және т.б. ұсыну арқылы
қолдау көрсету.

3. Үшінші кезең. Облыстық, аудандық, ауылдық медицина мекемелерін жөндеу
және жабдықтау.

Міндетті белгілеу:
Денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржыландырудың жақсаруына қарамастан, ҚР емдеу
мекемелерінің барлығы бірдей өз қорын жаңарту мүмкіндіне ие бола қойған жоқ.
Нақтырақ айтқанда, Қазақстанды тысқары айналып кетпеген экономикалық
дағдарыстың нәтижесінде облыстық емханалар мен ауруханалар медициналық
техниканың, керек-жарақтың, жұмсалатын материалдардың жетіспеушілігі мәселесіне
тап болды. Ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді.

Шешудің жолдары:
1. Медицна мекемелеріндегі операциялық, емдеу, реабилитациялау панажайларын
олардың санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай болуын қамтамасыз
ету мақсатында жөндеу және жабдықтау.
2. Ауруханаларға, клиникаларға, ҒЗ -ларға қажетті медицина жабдықтарын,
керек-жарақты, жұмсалатын материалдарды, арнайы жиһазды сыйға ұсыну.
3. Балалардың оларды емдеу және реабилитациялау кезінде емдеу-алдын-алу
мекемелерінде болуын жеңілдету үшін ойын бөлмелерін жабдықтау.

4. Төртінші кезең. Балалардың шетелде емделуі.

Міндетті белгілеу:
Бүгінде өздерін Қазақстанда емдеу мүмкіндігі жоқ, еліміз әлі ұсына алмай
отырған жоғары технологиялы медициналық жәрдемді, диагностикалаудың ерекше
күрделі әдістерін, медик-мамандардың бірегей білімі мен кәсіби даярлығын қажет
ететін бірқатар аурулар, әсіресе балалар аурулары орын алуда. Бұл мәселені
шешудің бірден-бір әдісі – науқас балалардың шетелде емделуіне арнап
мемлекеттік квоталар ұсыну. Алайда квотаны бөлу туралы шешімге ие болу үшін
баланың ата-анасы көптеген анықтамаларды жинап, көптеген инстанцияларды аралап,
артынан баланы емдеу кезегін ұзақ уақыт бойы күтіп отыруға мәжбүр болады, ал
ауру тым тез дамып және ақшалай қаражаттар өте шұғыл түрде қажет болатын
жағдайлар болып отырады.

Шешудің жолдары:
1. Ауруханалардың, клиникалардың, ҚР ҒЗ негізінде емдеу-диагностикалау
шараларын жүргізу үшін шетелден жоғары білікті мамандарды қатыстыру;
2. Шұғыл жағдайларда – шетелде емдеуді қажет ететін балалардың ата-анасына
клиникалардың есепшоттарына ақшалай қаражаттарды тікелей аудару арқылы
материалдық көмек көрсету

Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының
есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері:
Елдің тұрғын халқына, ең алдымен балаларға медициналық қызмет көрсетуді
жетілдіру, ауруларды емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін ендірудің, дәрігерлер
мен медбикелердің біліктілік деңгейін арттырудың арқасында денсаулық сақтау
жүйесі жағдайының нақты көрсеткіштерін жақсарту.

МЕД Ц НАЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Педиатрия мен балалар хирургиясының ҒЗ
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• 12-арналы кардиофакс (Жапония);
• хирургиялық аспаптар;
• цифрлік фотоаппарат;
• жалпы және нәрестелік хирургия бөлімшесіне жиһаз, көрпелер мен перделер.
2003 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• «Никор» электроскальпель-коагулятор;
• тоңазытқыш;
• орындықтар, жұмсақ жиһаз жиынтығы;
• Франциядан гуманитарлық көмек: кювез-төсектер, медициналық жабдық (қ/б),
медициналық жиһаз және қызметкерлердің формасы, біржолғы пайдалануға арналған
медициналық аспаптар.
2005 жыл – балалар хирургиясы бөлімін жабдықтау: компьютер және кеңселік
техника (қб).
2006 – операциялық блок пен бөлімшелерді жабдықтау:
• 2 жоғары жиілікті электроскальпель-коагулятор (Германия);
• науқастарды қарауға арналған кушеткалар, төсектер, матрацтар және тоңазытқыш.
2009 жылы сыйға берілген жабдықтар: он-лайн режиміндегі кеңес берулерді
ұйымдастыру үшін компьютер және көшірмелеу аппараты мен сканер.


Онкология мен радиология ҒЗ
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар: жиһаз, медициналық жабдық, керек-жарақ және
дәрі-дәрмектер.
2003 жылы – балалар бөлімшесі күрделі жөндеуден өткізілді;
– ойын бөлмесіне, палаталарға арнап тоңазытқышты, жиһаз бен аксессуарларды
беру;
– Франциядан келген гуманитарлық көмекті тапсыру: арнайы төсектер, матрацтар
мен көрпелер, медициналық киім-кешек, біржолғы пайдалануға арналған медициналық
аспаптар.
2004 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• өкпені жасанды желдету аппараты;
• онкологиялық науқастарды емдеуге арналған қымбат дәрі;
• емделіп жатқан балалардың серуендеуіне арналған шатыры бар орындықтар;
• бөлімшенің барлық бөлмелеріне арнап шамдалдар.
2005 жылы қазіргі заманға сай компьютер сыйға тартылды.


Көз ауруларының ҒЗ
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• арнайы медициналық аспаптардың жиынтығы және импланттар (Франция);
• 5 компьютеро (қ/б).
2003 – көз ауруларын емдеуге арнап саңылаулық шам (Германия) сыйға берілді.


№3 балалар үйі
2006 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• үстел-орындықтар, балаларға арналған дивандар;
• 30 жаңа манеж және соларға арналған матрацтар;
• әдемі жайылма-кітаптар, ойыншықтар, ойындар;
• жөргектер мен киім-кешек.


№4 балалар үйі
2002 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• тұрмыстық заттар (тоңазытқыш, шаңсорғыш, ет тартқыш, ас үй комбайны);
• перделер;
• арнайы балалар тағамы;
• жөргектер;
• жуғыш құралдар;
• дәрілік препараттар;
• ойыншықтар.


№3 балалар үйі (“Жанұя” мамандадырылған кешені)
2005 жылы – медициналық кабинет физио-емдеу шараларына арналған аппаратпен
жабдықталды:
• ультрадыбыстық ингалятор;
• электрофорезге арналған аппарат;
• электрлік ұйқымен емдеу аппараты;
• ультрадыбыстық электр аппараты;
• УЖЖ терапия аппараты;
• тұрғылықты ультракүлгіндік сәулелендіргіш;
– жиһаз бен дәрі-дәрмектер сыйға берілді.


Алматы қ. №1 балалар клиникалық ауруханасы
2005 жылы операциялық блоктың операциялық бөлмелерінің біріне күрделі жөндеу
жүргізілді;
– сатып алынып және сыйға берілген заттар:
• қос контуры бар “Fabius” наркозды-тыныс алу аппараты (Германия);
• хирургиялық көлеңкесіз жылжымалы шамдал;
• операциялық әмбебап үстел;
• жоғары жиілікті коагулятор.
2006 жылы тағы бір операциялық панажай мен соған жанасып тұрған қосымша
панажайларға күрделі жөндеу жүргізілді;
– сатып алынып және сыйға берілген заттар:
• плазмофарез аппараты;
• “Fabius” өкпені жасанды желдету аппараты (Германия);
• операциялық әмбебап үстел;
• жоғары жиілікті электроскальпель-коагулятор;
• хирургиялық тұрғылықты шамдал.
2007 жылы сыйға берілген жабдықтар:
• корпустық жиһаз: қабырғалық шкафтар, үстелдер, тумбалар;
• жұмсақ жиһаз: орындықтар, тахталар;
• теледидарлар, кілемдер, жалюзи;
• үстелүсті ойындары, ойыншықтар.
• “Горное солнце” лагеріне медицина қызметкерлерінің балаларына
арналған жолдамалар.


Алматы қ. №2 балалар клиникалық ауруханасы
2007 жылы плазмофарез жүргізу аппараты (Германия) сыйға берілген;
– келесі панажайларға күрделі жөндеу жүргізілді:
– эндокринология мен гематология бөлімшелерінің екі ойын және бір
оқу-ақпараттық бөлмесіне;
– 40 пластик терезе орнатылып және оларға жалюзи ілінді;
– жұмсақ және корпустық жиһаз, теледидарлар, кілемдер берілді;
– оқу бөлмесін жаңа парталар мен өзге жиһазбен жабдықтау;
– емделіп жатқан балаларға түрлі ойыншықтар мен үстелүсті ойындары сыйға
берілді;

– 2016 – электроэнефалографиялық
зерттеулер (ЭЭГ) жүргізуге арналған «Нейрон-Спектр-4/П» және
“Нейрон-Спектр Видео” атты компьютерлік комплекссатып алынды. Сонымен
қатар сыйлық
ретінде 240 көрпе
жастық және 480 төсек-орын жинағы табыс етілді.

 


“Шымбұлақ” балалар туберкулезге қарсы күрес санаториясы
2007 жылы пластик терезелерді орнатумен ЛФК кабинетіне, стоматология
кабинетіне, физиотерапевтикалық емдеу кабинеті мен ем қабылдау бөлмесіне
күрделі жөндеу жүргізілді;
– сыйға берілген жабдықтар:
– стоматологиялық кресло, кушеткалар, массаж жасауға арналған үстел,
орындықтар;
– электромассаж жасау құрылғысы, УЖЖ аппараты, “Вулкан” ингаляторы,
“Биоптрон” аппараты, “Поток” аппараты;
– жүгіру жолағы, швед қабырғасы, төсеніштер мен өзге көптеген заттар;

– 2016 – жаңастоматологиялық қондырғыжәне
медициналық аспаптарды сақтайтын қозғалмалыстөл-тумбасатып алынды;


Тараз қ. кардиохирургиялық орталығы
2007 жылы MyLab 50 көп салалы ультрадыбыстық сканері ( талия) сыйға берілді.

 

Ауыр отадан кейінгі науқастарға арналған кабинет

2007-Алматы
қаласы №3 емханансының базасында жұмыс бөлмелері күрделі жөндеуден өткізілді

-Науқастарды
қабылдау үшін корпустық және медициналық жиһазбен жабдықталды

-Компьютермен,
ноутбукпен және кеңсе жабдықтарымен жасақталды

-Қажетті
материалдармен және арнаулы әдебиеттермен қамтамасыз етілді.

 

Алматы
қалалық № 7 клиникалық ауруханасы

2009-нейро-инсульттық
бөлім үшін НСО-2 сыйға берілді

-Портативтік
электрокардиографы
;

-Компьютер
және принтер көшірме, сканерлеу аппараты
;

-12
медбике компьютерлік сауаттылық курсында оқытылды
.

2010-
тағы 7 медбике компьютерлік сауаттылық курсынан өтті

-арнайы
матрацтар үшін поролон материалдары сатып алынды
;

– НСО-2 бөлімінде реабилитациялы инсультты науқастарға
тәжірибелі мамандар емделушілер ретінде қарап, ауыр;

өмірлік жағдайда қалған туыстарына да оқу жүргізу үшін
арнайы оқу сыныбы жабдықталды.

 

Каракастек
балалар үйі

2010-физиотерапиялық
құрал-жабдықтар сатып алу: электротерапиялық аппарат, жылжымалы ингалятор, ауыз
қуысын сәулемен емдеу емдік аппараты, қабырғада орналасқан бактерицидті
сәулемен емдеу құрылғысы, жаңа туған сәбилерді орауға арналған арнайы үстелдер
;

2012-30 адамға есептелінген 2 комплекті италяндық жұмсақ
жиһаз сыйға берілді;

2013- стерилизацияланған, дезинфекцияланған медициналық
құралдар, ыдыстар, бикстерге арналған шкаф сатып алынып, сыйға берілді.

 

Маңғыстау
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

2011-
Ересек балалар мен салмағы 500 гр басталатын жаңа туған сәбилер үшін арналған

Hamilton
С2 өкпеге жасанды ауа жіберу аппараты сыйға берілді
.

 

Семей
қаласы Медициналық Орталығы Шаруашылық құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынының
Мемлекеттік Медициналық Университеті

2012-азық-түлік
үшін салқындатқыш және оны жеткізу мен іске қосу, қондыру жүмыстары сыйға
берілді
.

 

Астана
қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық акционерлік қоғамы

«Қарақастек» балалар үйіне арналған қайырымдылық шарасы

By | Қайырымдылық шаралары

«Қарақастек» балалар үйіне арналған қайырымдылық шарасы Біз Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылында орналасқан өз қамқорлығымзға алған Балалар үйімен жұмыс істеуді жалғастырудамыз.

Балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген «Сәби» қорының достары арнайы түрде қайырымдылық шарасын өткізіп, соның нәтижесінде 800 мыңнан астам теңге жиналған болатын. Барлық сома түгелдей Балалар үйінің есепшотына аударылды.

Бұл ақшаға жаңа балалар жиһазын, спорттық керек-жарақ, тұрмыстық тоңазытқыштар мен оргтехника сатып алу жоспарлануда. леуметтік мекеменің басшылығы шығындар туралы толық есеп беруді ұсынуға міндеттенді.

Біз осы қайырымдылық шарасына қатысқандардың барлығына, сондай-ақ оны ұйымдастырушыларға олардың кішкентай тәрбиеленушілерге деген мейірімді және кішіпейіл көзқарасы үшін алғыс айтамыз.

Спорт-денсаулық-жетістіктер жобасы

By | Без рубрики

 

 

«СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ-ЖЕТІСТІКТЕР»

Жобаның мақсаты:
1. Қазақстанның балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне дене
шынықтырумен және спортпен айналысуына, олимпиадалық, ұлттық спорт түрлері мен
халық ойындарын дамытуға арнап жағдайлар тудыру;
2. Тәрбиеленушілердің арасында салауатты өмір салты мен белсенді ұзақ өмір сүру
принциптерін қалыптастыру;
3. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу
мақсатында олардың спорттық бос уақытын қамтамасыз ету арқылы іспен қамтылуын
арттыру.

Жобаны жүзеге асыру сценариі:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінде қазіргі заман талаптарына сай етіп
жабдықталған спорттық алаңшалар мен балалар ойын кешендерін салу;
2. Тәрбиеленушілерді дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен жүйелі түрде
айналысу ісіне тарту;
3. Дене шынықтыру-спорт бірлестіктері (сонымен бірге федерациялар) мен спорттық
клубтардың балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерімен өзара
қатынастарын жандандыру.

Мәселені белгілеу:
Қазіргі уақытта Қазақстанда тұтастай еліміз бойынша, сондай-ақ білім беру
жүйесінде спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. Алайда Республикамыздың жалпы
білім беру оқу мекемелерінің небәрі 56,5 %-да ғана үлгілік спорттық залдар бар
және 14,9 %-да ғана бейімделген спорттық панажайлар бар. Орта білім беру
ұйымдарындағы оқыту дене шынықтыру сабақтарының көлемі нормативтерден 3-4 есе
төмен. Қозғалу белсенділігінің жоспарланған ғылыми-негізделген деңгейіне қол
жеткізу үшін дене шынықтыру сабақтарының санын көбейтіп және оқу үрдісін
спорттық керек-жарақ пен жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
Өкінішке орай, сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және сабақтан тыс
уақыттағы жаппай түрдегі спорт қызметі дамымаған. Қозғалу белсенділігінің төмен
болуына орай түрлі суық тию және созылмалы ауруларға шалдыққан балалар мен
жасөспірімдердің саны өсіп келеді.
Балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін спорттың маңызы ерекше
болып келеді. Себебі дәл осы балалар бос уақытында немен айналысатынын білмей
жатады. Соның нәтижесінде түңілуге, бұзақылық пен тіпті әдепсіз қылықтарға әкеп
соқтыратын уақытын текке шығындау орын алуда. Балаларды, әсіресе жоғары сынып
оқушыларын оқу үрдісінен кейін пайдалы іспен қамту маңызды мәселеге айналуда.
Және бұл жерде спорт көптеген проблемаларды шешуге себін тигізіп отырады.

Негізгі міндеттер:

1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі

Міндетті белгілеу:
Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай кезінде
қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қараапйым дене шынықтыру
жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру шараларын қабылдауды
үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып табылатын күнделікті дене
шынықтыру-спорт сабақтарына дағдыланады. Бұл жастағы балалардың дене шынықтыру
тәрбиесін ұйымдастыру ісі олармен сабақтарды ойын түрінде, әдетте, ашық аспан
астында өткізуді, және солардың мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет
етеді. Дене шынықтыру жаттығулары сабақтарының негізін балалардың қызметтік
мүмкіндіктерін арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын
жан-жақты дене шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру
және спорт саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап
аптасына кемінде 10 – 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.

Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
– мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15 адамнан
асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында сабақтар өткізуге
арнап «Ксил» балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы – «Сәби» қайырымыдылық
қоры);
– мекемелерде мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дене
шынықтыру тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын әзірлеу және ендіру
(орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы);

2. Жоғары мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі

Міндетті белгілеу:
Дене шынықтыру тәрбиесі балалардың негізгі қозғалыстық қасиеттерін дамыту мен
жетілдіруді, дене бітімінің дамуы мен денсаулығын нығайтуды, салауатты өмір
салтын ұстануды саналы түрде қажетсінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Жоғары мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі олардың дене шынықтыру мен
спортпен жүйелі түрде айналысып отыруға жоғары дәрежедегі қажетсінуін дамытуы
тиіс. Сабақтан тыс қосымша сабақтарды балалардың әртүрлі спорт түрлеріне, дене
шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын ескерумен ендіру қажет. Сабақтарда
табиғи факторларды оңтайлы түрде қолдануға, еңбек пен тынығуды үйлестіріп
отыруға, денені жаттықтыру, өз-өзіне массаж жасау және қауіпсіздік техникасының
негіздеріне, жүктеменің көлемдері мен қарқындылығын үйлестіріп отыруға,
жаттығуларды дұрыс және рет-ретімен орындап отыруға үйрету, ағзаның
физиологиялық ерекшеліктері туралы, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу
гигиенасы туралы теориялық білімдердің қажетті көлемін беру қажет. Осы жас
санатындағы балаларға арнап дене шынықтыру сабақтары мен спортпен айналысудың
ұсынылатын көлемі аптасына кемінде 8-10 сағатты құрайды.

Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
– балалар әлеуметтік мекемелерінде әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға арнап
(мини-футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, үлкен теннис) әмбебап түрде
жабдықталған қазіргі заманға сай спорттық алаңшаларды салу (орындаушы – «Сәби»
қайырымдылық қоры);
– дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс әдістерін бұдан арғы уақытта
дене шынықтыру сабақтарынан оқушылардың қызығушылықтарын ескерумен спорт
түрлері бойынша жаттықтыруларға көшу және олардың физиологиялық ерекшеліктерін
дамыту мақсатында жетілдіру (ұйымдастырушы – «Сәби» қайырымдылық қоры,
орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы);
– дене шынықтыру мен спортпен айналасу сабақтарын тәрбиеленушілермен жұмыс
жүргізуге белгілі спортшыларды, чемпиондарды, еңбегі сіңген спорт шеберлері мен
жетекші жаттықтырушыларды қатыстыру арқылы насихаттауды қамтамасыз ету
(орындаушы – «Сәби» қайырымдылық қоры);
– спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды толықтыру мақсатында
өздерінің одан әрі спорттық білім алуына арнап келешегінен үміт күттіретін
балаларды іріктеп алу (орындаушы – «Сәби» қайырымдылық қоры).

Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының
есебінен қаржыландырылады.

Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің арасында
салауатты өмір салтының бекуі.
2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер санының
көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.
3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.
4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР ұлттық құрама
командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың спорттық резервінің
көбеюі.

«СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ-ЖЕТІСТІКТЕР» СПОРТТЫҚ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 1
ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Алматы қ. №1 Балалар үйі ММ
1. Ауданы 600 м2, «жасанды шөп» жабыны бар мини-футболға арналған спорттық
алаңша 2008 жылдың сәуірінде пайдалануға берілген.
2. Ауданы 500 м2, волейбол, баскетбол, үлкен және үстелүсті теннис ойнауға
арналған спорттық алаңша 2008 жылдың сәуірінде пайдалануға берілген.
3. Ауданы 40 м2 «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2009 жылдың мамыр айында
пайдалануға берілген.

Алматы қ. №2 Балалар үйі ММ
4. Мини-футбол мен үлкен теннис ойнауға арналған, ауданы 800 м2 «жасанды шөп»
жабыны бар әмбебап спорт алаңшасы 2009 жылдың мамыр айында пайдалануға
берілген.
5. Ауданы 692 м2 волейбол мен баскетбол ойнауға арналған спорттық алаңша 2009
жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.

«Жанұя» мамандандырылған кешені ММ
6. Ауданы 800 м2, мини-футбол мен үлкен теннис ойнауға арналған спорттық алаңша
2007 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
7. Ауданы 700 м2, волейбол, баскетбол және үстелүсті теннис ойнауға арналған
спорттық алаңша 2007 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.

Алматы облыстық №1 Балалар үйі ММ
8. Ауданы 197 м2, ПХВ жабыны бар спорттық зал 2009 жылдың мамыр айында
пайдалануға берілген.
9. Ауданы 150 м2, «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2009 жылдың мамыр айында
пайдалануға берілген.

Талдықорған қ. «Айналайын» балалар үйі
10. Ауданы 450 м2, мини-футбол, баскетбол, волейбол және үлкен теннис ойнауға
арналған және қыс кезінде бетіне мұз қатырып сырғанақ жасауға мүмкіндік беретін
арнайы жабыны бар әмбебап спорт алаңшасы 2009 жылдың қыркүйек айында
пайдалануға берілген.

Қызылорда қ. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған
балаларға арналған №1 мектеп-интернаты

11. Ауданы 197 м2, ПХВ жабыны бар спорттық зал 2009 жылдың қазан айында
пайдалануға берілген.
12. Ауданы 600 м2, мини-футбол ойнауға арналған және қыс кезінде бетіне мұз
қатырып сырғанақ жасауға мүмкіндік беретін арнайы жабыны бар спорт алаңшасы
2009 жылдың қараша айында пайдалануға берілген.
13. Ауданы 500 м2, волейбол, баскетбол және үлкен және үстелүсті теннис ойнауға
арналған спорт алаңшасы 2009 жылдың қараша айында пайдалануға берілген.
14. Ауданы 150 м2, «Ксил» балалар ойнау алаңшасы 2009 жылдың қазан айында
пайдалануға берілген.

Алматы облысының “Шымбұлақ” балалар туберкулезге қарсы күрес
санаториясы

15. Ауданы 300 м2 балалар ойын алаңшасы 2010 жылдың сәуір айында пайдалануға
берілген.

Қаскелеңдегі қосалқы мектеп-интернат
16 Ауданы 200 м2 «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2010 жылдың мамыр айында
пайдалануға берілді.
17. Мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, қыс кезінде мұз айдынын
жасауға мүмкіндік беретін арнайы жабыны бар ауданы 450 м2 әмбебап спорт
алаңшасы 2010 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.

Петропавл қ. № 2 арнайы (түзеу) мектебі
18. Аумағы 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңы 2011 жылы мамырда
пайдалануға тапсырылды

Өскемен қ. «Үміт» балалар үйі
19. Аумағы 450 шаршы метр болатын шағын футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын,
сонымен қатар қыс кезінде мұз айдынын құюға арнаулы төсемі бар әмбебап спорт
алаңы 2011 жылы маусымда пайдалануға тапсырылды.

Алматы қ. «Данашым» ФММ
20. 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2011 жылдың тамыз
айында қолданысқа тапсырылды.

Алматы қ. Үміт Үйі
21. 300 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2011 жылдың қыркүйек
айында қолданысқа тапсырылды.

Алматы қ. Жасөспірімдер үйі
22. ауданы 800 шаршы метр болатын жарақаттан қорғайтын арнайы «жасанды шөп»
жабыны мен контурлық прожекторлық жарықтандыруы бар кәсіби футбол алаңшасы 2011
жылдың қазан айында сый ретінде қолданысқа тапсырылды.

Семей қ. мектеп-интернат
23. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға
арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны
бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт
алаңшасы 2012 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

Алға қаласында орналасқан Ақтөбе областық оңалту орталығы
24. ауданы 150 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2012 жылдың
тамыз айында қолданысқа тапсырылды.

Теміртау қ. орналасқан Ақтөбе областық оңалту орталығы
25. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға
арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны
бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт
алаңшасы 2012 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

Қызылорда қ. орналасқан Сәбилер үйі
26. ауданы 200 шаршы метр болатын «Ксил» құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын
«жасанды шөп» арнайы жабыны бар балалар ойын алаңшасы 2012 жылдың қазан айында
қолданысқа тапсырылды.

Семей қ. орналасқан «Жанұялық типтегі № 8 Балалар үйі» КММ
27. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға
арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны
бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт
алаңшасы 2013 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

ШҚО, Семей қ. орналасқан «Көзі нашар көретін балаларға арналған № 3
мектеп-интернаты» КММ

28. ауданы 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2013 жылдың
маусым айында қолданысқа тапсырылды.

Семей қ. орналасқан «Құлағы нашар еститін балаларға арналған № 3
мектеп-интернаты» КММ

29. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол,
волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп»
арнайы жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған
әмбебап спорт алаңшасы 2013 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

 

Алматы қ. Жастар үйі

30. маусым айында спорттық залға жаттықтырушылар сыйға тартылды
– Переданы в дар тренажеры для спортивного зала – веложаттықтырушы, жүгіру жолы
және кардиожаттықтурышы.

 

Ақтөбе облыстық жасөспірімдер үйі:

31. ауданы 480 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол,
волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын резеңке
жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап
спорт алаңшасы 2015 жылдың маусым айында пайдалануға берілді;

 

№ 7 Ақтөбе арнайы коррекциялық мектеп:

32. ауданы 525 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы
2013 жылдың маусым айында қолданысқа тапсырылды;

 

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталығы, Петропавловскқаласы

33. Балалар ойын алаңшасы, 144 шаршы метр, 2016 жылдың маусым
айында қолданысқа тапсырылды;

 

Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық)
мектеп-интернат-колледжінің

34. КС Л балалар ойын алаңшасы, 296 шаршы метр, 2016 жылдың
тамыз айында қолданысқа тапсырылды;

 

 

№ 1 балалар үйі, Алматы қаласы

35. 820 шаршы метр спорт алаңы күрделі жөндеуденөтті, бетондалып
үстінен резиналық жабын төселді, қыркүйек 2016 жыл.

 

БАРЛЫҒЫ:

– салынған спорт алаңдары–18;

– жөнделген спорт залдары – 2;

– салынған балалар ойын алаңдары–14;

– жарақталған тренажер залы– 1.

 

 

Елеулі кезеңдер:

Жоба 14 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. Барлығы елеміздің 11
қалаларында 4000 балалар тәрбиеленетін 24 әлеуметтік мекемелерге 35 спорттық
нысандар салынды.

Астанада «Инватакси» қызметі жұмыс істей бастады

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Астана күніне қарсы «Сәби» қоры қозғалыс мүмкіндігі шектеулі астана тұрғындарына сыйлық әзірледі. Бұл – төрт «Мүгедектер таксиі» көлігі – екеуі Volkswagen Transporter және екеуі Volkswagen Caddy. Бесінші автокөлік – үлкен Volkswagen Сrafter автобусы қазіргі уақытта Германиядағы жасаушы-зауытта қайта жабдықтаудан өткізілуде және кешірек жеткізілетін болады.

Барлық қажетті заң және әкімшіліктік рәсімдерден өткеннен кейін арнайы автокөлік Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан аса осал болып келетін топтарына: 1 топтағы мүгедектігі бар, сонымен бірге мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдарға қызмет ететін болады.

«Мүгедектер таксиі» қызметінің Қазақстанның елеулігі бойынша бірінші қаласында дамуы «Мүгедектерге – лайықты өмір» ауқымды жобасын жүзеге асырудың кезекті кезеңіне айналды, оның мақсаты – елдің барлық аймақтарын қамту және мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік ықпалдасуын жеңілдету.

Автокөліктер АҚМҚ алматылық резервінен берілуде. Алматыда мамандандырылған қызметтің жұмысын қаржыландыру ісі бастала салысымен Қорымыз сәйкес жиынтықтағы техниканың тура сол санын сатып алып соны Реабилитациялау қызметтерінің орталығына қайтарып беруге міндеттенеді.

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша 2010 жылдың 23 мамырына қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша 2010 жылдың 23 мамырына қатысты есеп беру Біз «ҮЙ» қорымен әзірленген біздің бірлескен «Балаларға өмір сыйла» мерзімі жоқ SMS-шарамыз бойынша есеп берулерді жариялауымызды жалғастырудамыз, аталмыш шара шеңберінде әр адам SMS – хабарлама жіберу арқылы шетелдегі кішкентай қазақстандықтарды емдеуге жіберілетін ақшалай қаражаттарды шоғырландыратын арнайы шотқа аздағын жарнасын енгізіп отыра алады.

На 23 мамырына 2010 жылдың 23 мамырына қарсы қайырымды адамдардың күш-жігерінің арқасында 1 169 673 АҚШ доллары жиналып және 215 балаға операция жасалған.

Көмек көрсеткісі келетіндерге 8009 нөміріне «1» цифрасымен хабарлама жіберу қажет. Бұл жағдайда телефонның балансынан «Балаларға өмір сыйла» шарасының шотына 280 теңге аударылатын болады.

Русский

Қазақ тілі

English