
Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы. Классикалық даоцизмнің философиялық трактаты «Дао Дэ Цзин» («Жол мектебі мен табиғи күш атты кітап») соның еңбегі деп есептейді, бірақта бұл адамның тарихилығында замануи ғылымның өкілдері күдіктенуде.
Лао-цзы Конфуцидің замандасы және оның қарсы пікір білдірушілері болды, сонымен қатар одан да кем емес қытай мәдениетінің данагөйі. Алайда Лао-Цзыдің тарихилығы күмән тудырсада, даос мектептерінің ішіндегі оған деген құрметін асыра мадақтау мүмкін емес.
Дао ілімін үйренуші шәкірттердің арасында кең тараған Лао –Цзының нақыл сөздері:
Шындық туралы: «Білімді сөйлемейді, ал сөйлеуші білмейді».
Білім туралы: «Білім жоқ, сол үшінде мен ештеңені білмеймін».
Тартыншақтық туралы: «Бұл ізгілікке жетудің алғашқы баспалдақтары, және де адамгершілікке жетудің бастауы».
Өмір туралы: «Адам дүниеге келген сәтінен бастап өледі».
Күш-қайрат жөнінде: « лсіздер мықтыларды жеңе алады».
Өзімшілдік жөнінде: «Егер сіз өз жеңісіңізді біреулердің қолдауымен немесе талқылауымен өлшейтін болсаңыз, сіздің қорқынышыңыз мәңгілік болады».
Соғыс туралы: «Жауың жоқ болса, соғыста болмайды».
Жақсылық пен жамандық туралы: «Жақсының шыныменде жақсы екенін бәрі білген кезде, оған деген зұлымдық туындайды».
Сөзуарлық туралы: «Кім көп сөйлесе, сол алдынан шыққан келеңсіздіктерге төтеп бере алады».
Өмір жөнінде: «Ол өте қысқа, сол себепті уақытты жоғалтпау керек, керісінше одан ләззат алу қажет».