Баспалдақтар енді бөгет болмайды

Баспалдақтар енді бөгет болмайды Үш жыл бойы «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобасын іске асырып отыр. Оның аясында үлкен жұмыс атқарылды – Қазақстанның 16 қаласына бағасы 2 200 000 АҚШ доллары тұратын 50 дана арнайы автокөліктері сатып алынды. Қозғалу мүмкіндіктері шектеулі арбадағы адамдарға, қазіргі күнде үйлерінен шығып, жеке жұмыстарын шешіп, қоғамдық өмірге қосылу мүмкіндіктері арттырылды.

Бірақ біз қол жеткізген табыстарымызбен тоқталмаймыз. Автокөліктердің қолданушыларының басым көпшілігі – көп қабатты үйлер тұрғындары болғандықтан, қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтімді жетілдіру үшін, әрбір « нватакси» қызметіне мүгедектердің арбаларын баспалдақпен көтеріп/түсіретін арнайы шынжырлы құрылғымен қайта құрамдау жобаланып отыр. Осы шақта жарымжандарды туысқандары немесе жеке көмекшілері қолына алып ары бері көтеріп/түсіруге мәжбүр болып жүр. Бұның бәрі өте ауыр түсіп отырғаны және қауіпсіз емес екені бәрімізге мәлім.

Осы мәселені шешу мақсатымен, біздің Қор жоғарыда айтып өтілген әрбір жинытығы 10 000 АҚШ долларын құрайтын механизмдерді сатып алуға қаражатты жинау процессін бастады, кейіннен олар біздің жобамен жұмыс істейтін қозғалу мүмкіндіктері шектеулі қоғамдарға тегін ұсынылатын болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English