Category

«Өркендеу» құрылыс жобасы

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы балалр үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың салынуын іске асыру жолындағы маңызды кезеңдерінің бірін қорытындылаймыз.

Қазіргі сәтте нысанда сыртқы инженерлі желілерді орнату жұмыстары толық аяқталды және соған қатысты керекті құжаттар нысанды қолданысқа беру үшін мемлекеттік органдарға өткізілді.

Сондай-ақ бүкіл тұрғын корпустарында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды ал көктемде аумақта соңғы көгаландыру жұмыстары жоспарлануда.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер” Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы жалпы білім беретін 1200 орындық мектепте “ орталықтанған жылу жүйесі жалғанған соң, дайын блоктар бойынша әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар түгелдей ғимараттың терезелерінің ойықтары бүтінделіп, түгелдей дерліктей ішкі электр құрылғыларын алмастыру, су, канализация жүргізу, жылыту және желдету құралдарын қондыру жалғасуда.

Құрылысты аяқтау 2017 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Фотосуреттерді сілтемеден көре аласыздар.

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Сәби» Қайырымдылық Қорының қолдауымен салынған жаңа объект – «Мейірім» жастарды бейімдеу ортылығының (Балалар үйінің түлектеріне аралған әлеуметтік жатақхана) ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының және облысының басшылары, «Сәби» Қорының серіктес құрылтайшысы, меценат Кеңес Ракишев пен кешеннің болашақ тұрңындары қатысты.

Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталған. Тәрбиеленушілердің оқу-тәжірибелік процессін жақсарту үшін жағдайлар жасалған. Осы орайда жобада тігін цехы, аяқ киім жөндеу шеберханас, гүл дүкені, сұлулық салоны, директордың қабылдау бөлмесі, кеңселер, бухгалтерия, акт залы және емдік жаттығуға арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, бірбөлмелі 16 пәтері бар тұрғын корпусы салынды. Оның бірінші қабаты мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Келер жылы көктемде құрылыстың екінші этапын аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындары түгелдей кешенге орналастыру, ғимарат маңын көгалдандыру және спорт алаңқайларын орнату да осы мерзімде жасалмақ.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер Алматы қаласының Наурызбай ауданы Ақжар селосындағы 1200 орынды орта мектептің жобасында құрылыс жұмыстарының 70 % дайын.

Желтоқсан айының басында әрлеу жұмыстарына кірісу үшін қаланың орталандырылған жылу жүйесін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан сыртқы және ішкі бөлмелерді тұрғызуын тездетіп жатырмыз. Оған қоса шыныпакеттер мен радиаторларды барлық 10 блоктарға орнатып жатырмыз.

Құрылыс кезінде мердігерлер тек қана сапсаы жоғары әрі экологиялы таза жергілікті материалдарды қолдануда.

Құрылыс жүрісін көру үшін сілтемені басыңыз

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласының балалар үйінің түлектеріне арналған леуметтік хатақхананың құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі кезде жалпы саны 80 пәтерді құрайтын 4 тұрғын ғимараттары тұрғызылды. Оған қоса өндірістік жайы бар әкімшілік ғимараты да салынды. Өрт сөндіру насос станциясы мен трансформаторлық подстанцияны салу жұмыстары аяқталды. Ғиаратқа керекті сыртқы коммуникациялар тартылды, ішкіалаңды желілерді жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жатақхананы салу жұмыстары барлық блоктардағы әрлеу жұмыстарымен сыртқы жұмыстарды жүргізу кезеңінде жетті.

Бірнеше айдан кейін әлеуметтік нысанның салтанатты түрде ашылуы болады, бұл деген Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің ондаған тәрбиеленушілері 28 жасқа дейін тұрғын үйлеріне ие болып болашақ ересек және табысты өмірлеріне алғашқы қадамын басады.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. КезеңдерАлматы қаласының Наурызбай ауданының Ақжар ауылындағы 1200 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

1,
6, 7, 8, 9 блокта жабын тақтасына арматура салынып нығайтылып жатыр
және +9,8 м. +12,4 м. белгісінде қалып тұрғызылып жатыр. 2, 3 блоктағы
беларқаларға +3,2 м. белгісінде бетон құйылып жатыр. Ал 4, 5 блокта
сыртқы қабырғалары қаланып әрлеу жұмыстары басталды. 10 блокта бетон құю
жұмыстары 0 циклінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жылу
жүйесі, су құбырын жүргізу жұмыстары, ауа тазартқыш және жер астындағы
құбырлар жүйесін жүргізу жұмыстары да басталды.

Құрылыс барысын мына жерден көруге болады.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбедегі балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың құрылысы қарқынды өтуде.

Өткен төрт айдың ішінде жобаның ЖСҚна және сыртқы тораптың ЖСҚна комплексті идарадан тыс сараптамадан жағымды қорытынды алынды. Жергілікті ГАС-те құрылыс-монтаждың жұмыстарын іске қосуға байланысты тиісті ескертулер тіркелген. Жерді өсімдік қабаттарынан тазартып , аумақты берілген шекарада қоршау орнатылды, қажетті қуат мөлшерінде уақытылы байланыс жасау жұмыстары жүргізілді.

Барлық шұңқырлармен бетон дайындау жұмыстарын жобалау 100% жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылғының негізгі жұмыстары және басты кеңселік ғимаратпен 4 тұрғын үйдің іргетасы қаланып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Қазіргі сәтте ірге тасын құру бойынша барлық жұмыстар аяқталды, астыңғы қабаттың қабырғалардың және тақта жабының бетондау және арматуралау жұмыстар 60 %-ға жасалынды.

«Сәби» Қорының Өркендеу жобасының аясында тұрғызылып жатқан Алматы қаласындағы 1200 орынды мектебінің құрылысында, бетонның сапасына ерекше көңіл бөлінді және монолит жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаудың қатаң бақылауымен атқарылып жатыр.

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік жатақхананың құрылысының тағы бір күрделі кезеңін іске асырдық.

Барлық жобалық-смета құжаттары толығымен дайындалып, қазіргі уақытта тиісті инстанциялардар келісу жүргізілгеннен кейін мемлекеттік сараптамаға тапсырылатын болады.

Сыртқы инженерлі желілердің жобалық-смета құжаттарын әзірлеу жұмыстары да аяқталды, қажетті келісімдер де жүргізілді, жоба мемлекеттік сараптамаға өткізіліп те қойылды.

Русский

Қазақ тілі

English