Category

«Балаларға өмір сыйла» SMS

Бес жыл бойына балаларға өмір сыйлап келеміз

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Бес жыл бойына балаларға өмір сыйлап келеміз Осыдан дәл бес жыл бұрын, 2007 жылдың ақпан айында, «ҮЙ» Қоры мен «Сәби» Қайырымдылық Қорымен бірге іске қосылған «Балаларға өмір сыйла» Акциясы бастау алған болатын.

Бүгінгі күні, бес жылдық шепті басып өтіп және оның нәтижесін шығара отырып, біздер бұл Акцияны ұйымдастыру қазақстан қоғамын дамытуда заңды қадам болғанын атап өте аламыз. Шетелде шұғыл түрде жедел емделуге мұқтаж балалардың орасан зор саны және бұл үшін әсіресе кардиохирургия мен онкология саласында бөлінетін мемлекеттік квотаның жеткіліксіз саны, сол сәтте бастаушы механизм болды. Сол кезде ұсынылған SMS-хабарламаның көмегімен қайырымдылық көмек көрсету тәсілі, балалардың өмірін құтқарып қалуға, іс жүзінде әрбір қазақстандықтың атсалысуына мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде, арнайы есептік шотқа аударылған сома 2 миллион доллардан асатын қаржыны құрады. Қазақстанның барлық өңірлерінен 345 бала емделу көмегіне қол жеткізе алды.

Қазіргі уақытта «Балаларға өмір сыйла» Акциясында қаражат жинауға арналған басқа тәсілдер – online-төлем есебі, банктік ақша аударымдары, қайырымдылыққа арналған садақа жәшіктері пайда болды, бірақ ең қарапайым және қол жетімді ақша аудару түрі SMS-хабарлама болып келеді. ACTIV, KCELL және BEELINE абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын немесе өз тілегін және 280 теңге мөлшерінде соманы жөнелте алады. Бұл қаражат телефонның есеп шотынан бейтаныс, бірақ өз туғанындай сәбидің пайдасына ұсталып қалады.

Біздер өзіміздің балаларымызға көмек қолын созған барлық азаматтарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

«Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла»
атты мерзімсіз қайырымдылық SMS-акция»

Жобаны ұйымдастырушылар мен орындаушылар:
«Сәби» жеке меншік қайырымдылық қоры»
Коммерциялық емес ұйым
«ДОМ» қайырымдылық қоры

Жобаның мақсаты:
Қазақстанда емделмейтін аурулармен сырқаттанушы,
балаларды шетел емханаларында емдеу және операцияларды қаржыландыруға
қаражаттар жинау.

Жобаның іске асырылу мерзімі:
Тұрақты әрекет етуші жоба

Мәселені белгілеу:
Алғашқы қадамдарын жасаған 2002 жылдан бастап
«Сәби» қайырымдылық қоры біздің еліміздің көп тұрғындары біле бермейтін бір
күрделі мәселеге тап болды.
Бұл қандай да бір себеппен науқастары
Қазақстанда емделмейтін емделушілерге сауатты білікті және нәтижелі медициналық
көмек көрсету мәселесі. Ондай адамдар арамызда аз емес. Олардың арасында үлкен
пайызын балалар алып отыр. Шетелде қымбат ем қабылдау үшін көп адамның қалтасы
көтермейді. Мемлекеттік квоталар туралы айтатын болсақ, олардың өзін көбіне
тарата бермейді және бағалы уақытын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар талай
өмірлерін қия отырып, кейде айлап-жылдап күтуге мәжбүр етеді. Балалардың ауыр
кезеңінде көмегін көрсете алмай шырылдаған ата-аналар тұрарға жер таппай
мазалары кетеді. Олар өздерінің меншіктерін – пәтерлерін, машиналарын,
жиһаздарын сатуға бел буады. Бірақ шетелде бір операцияны немесе толық емдеу
курсын өту үшін бұл жеткіліксіз. лбетте, отбасының сата алатын мүлкі болса жақсы, өйткені мұндай
жағдайларға өмірлік жағдайы қиын отбасылар жиі ұшырап жатады.

Шешу жолдары:
Амалы таусылған ата-аналардың жан айқайын біздің
Қор жерде қалдырмайтын. Қысқа уақыт ішінде таныс-жолдастардан және
туған-туысқандардан керекті соманы жинаған уақытымыз да болған.
Жағдайды мұқият толығымен зерттеп, талдап шығып,
«Сәби» осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұқтаж адамдарға уақытылы, кезегімен
және оперативті немесе басқа да көмектің еш тоқтаусыз көрсетілуін қамтамасыз
ететін тұрақты Қорды қалыптастыру туралы шешімге келді.

Жобаның жүзеге асырылу тарихы мен сызбасы:
Осы идеяны жүзеге асыру үшін 2007 жылдың ақпан
айында «Сәби» қайырымдылық қоры және «Ерікті Мейірімділік Қоғамы» қорымен
бірікті. Ұялы телефондарды пайдаланатын және SMS-хабарламалар арқылы көмек
көрсету ниетін білдірген азаматтардан қаржылай көмек жинау бойынша «Балаларға
өмір сыйла» атты ортақ жоба әзірленген болатын.

«Сәби» қорының Президенті сел Тасмағамбетованың қатысуымен үлкен ауқымды
жұмыстар атқарылды. Телекоммуникация нарығындағы екі ірі бәсекелес компаниялар
– Beeline мен K-mobile сауда маркасын ұсынушы «Кар-Тел» және K-Cell сауда
маркасын ұсынушы «GSM Қазақстан Қазақтелеком ААҚ» алғаш рет бірігіп бірыңғай
9099 SMS нөмірін ашты, ол арқылы ұялы телефоннан хабарлама жібергеннен кейін
жіберушінің теңгерімінен 280 теңге алынып, акцияның арнайы ашылған есепшотына
аударылады.

Бұндай акция Қазақстанда бұрын-соңды болып
көрмеп еді. Он мыңдаған қазақстандықтар жұмыла бірігіп бұл үндеуге ат салысып
қатысты. Осымен 6 жыл бойы «Балаларға өмір сыйла» акциясына БАҚ да, сонымен
қатар көпшілік қауымның да қызығушылығы бәсеңдемей жатыр. Өкінішке орай,
бүгінгі күнде біздің елімізде емделуге келмейтін балалардың саны күннен күнге
асып бара жатыр. Алайда оларға көмек көрсетуге дайын жомарт адамдардың да саны
көп болып отыр.

2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА М ЛІМЕТТЕР БОЙЫНША ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРАЛЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Басты нәтижелер:
Жоба 9 жыл бойы қызмет етіп келеді, Қазақстанның барлық қалалары қамтылған,
жиындардың жалпы сомасы
2016 жылдың 20 желтоқсанға қатысты 2 216 378 454 тенге құрады, ҚР әр түрлі қалалары мен
облыстарынан 1447
балаға көмек көрсетілді.

 

“Балаларға өмір сыйла” акциясының 2011 жылғы 15 қыркүйекке қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

"Балаларға өмір сыйла" акциясының 2011 жылғы 15 қыркүйекке қатысты есеп беру «Сәби» Қоры және Ерікті Мейірімділік Қоғамымен бірге құрылған «Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз акциясы жалғасын табуда.

2011 жылғы 15 қыркүйектің күніне жиналған қаражатқа еліміздің брлық аймақтарынан келген 327 балаларға жәрдем көрсетілді. Жасалған операциялардың жалпы сомасы 1.968.299 АҚШ долларын құрады. Акцияның ең негізгі принципі болып – толық ашықтық болып саналғандықтан, сіздер қаражаттардың қалай жұмсалғаны туралы detdom.kz сайтында танысуға болады.

Құрметті достар! Сіздердің әрқайсыларыңыз қазақстандық сәбилерді өлім аузынан құтқаруға көмек көрсете аласыздар. Ұялы телефондарыңыздан 9099 нөміріне Activ және Kcell абоненттері үшін «1» деген санын, ал Beeline абоненттеріне «бос» хабарламаны жіберу арқылы сіз Акцияның арнайы шотына тікелей ақша аудара аласыз. Бір SMS-хабарламаның бағасы бұрынғыдай – 280 теңге.

Кірістер соңғы тиынға дейін Акцияның арнайы «Балаларға өмір сыйла» атты шотында жиналып, шет ел клиникаларында балалардың тек қана емделуіне ғана жұмсалады.

Біз өз тарапымыздан ақшалай қаражатты жіберген барлықтарыңызға және хабарлама таратып жүрген Бұқаралық Ақпарат Құралдарына шексіз алғысымызды білдіріп отырмыз.

Сіздер балаларға Өмір сыйладыңыздар!

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

2011 жылғы 30 маусымда «Mega» сауда, ойын сауық кешенінде,«Ерікті Мейірімділік Қоғамы» мен «Сәби» Қорларымен бірлесіп өткізетін кішкентай қазақстандықтарды емдеуге жіберетін ақшалай қаражаттарды оқшаулау үшін «Балаларға өмір сыйла» жобасының кезекті қорытындылар бойынша есеп-беру баспасөз конференциясы өтті.



Бұл салтанатты шара айрықша оқиғаға орайластырылған болатын – Акцияның басталғанынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде ғана емдеуге болатын туа біткен жүрек арқауларына операция жасау үшін, Сәби» Қорының есеп-шотына демеушімізден келіп түскен – 26 500 000 теңге мөлшеріндегі ең үлкен қайырылымдылық көмек “Ерікті Мейірімділік Қоғамына” жіберілген. 



Жанға жайлы кездесуде, ұйымдастырушылардан, демеушілерден және бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа жоба бойынша көмек көрсеткен кішкентай пациентер, және оңай емес емделу жолын өтетін балалардың жанұялары қатысты.



Сәлем сөзімен бірінші болып Аружан Саин шықты. Ол қайырымды көмек көрсеткен жомарт ұйымға шын жүректен алғысын айтып, жұмысымыздың қорытындыларымен бөлісті: жобаны бастаған 2007 жылдан бастап 2 036 000 АҚШ доллары жиналып 315 балаға көмек көрсетілді. р төлемнің кішкентай сәбилердің ауыр науқастан жазылуға мүмкіндігін арттыратынын да қайталап өтті. 



Біздің көптеген отандастандарымыз қайырылымдылық жолында қатысып жатыр, және қоғамымыздың үнемі осындай жанашыр болатынына біз шын жүректен үміттенеміз.

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2011 жылдың 1 наурызына қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2011 жылдың 1 наурызына қатысты есеп беру Достар, естеріңізге сала кетейік, Қорымыз ҮЙ қорымен бірлесе отырып өзінің арқасында 303 баланың өмірі құтқарылған «Балаларға өмір сыйла» SMS-акциясын одан әрі жалғастыруда ! Марттың басына қатысты жиналған қаражаттың сомасы 1 754 876 АҚШ долларын құрады.

Осындай қайырымды іске қатысуға ниет білдірушілердің барлығына хабарлаймыз: Activ және Kcell абоненттері үшін қысқа 9099 нөміріне «1» саны бар хабарламаны және Beeline абоненттері үшін тура осы нөмірге «бос» хабарламаны жіберу арқылы сіз Акцияның арнайы шотына тікелей ақша аудара аласыз. Бір SMS-хабарламаның бағасы бұрынғыдай – 280 теңге.

Ат салысқаныңыз үшін рахмет!

Балаларға өмір сыйла» акциясы жөнінде есеп

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Ерікті Мейірімділік Қоғамы мен «Сәби» Қоры бірлесіп өткізген «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша жиналған қаржы мен ақысы төленген операциялардың сомасы 2011 жылдың басына 1 640 538 АҚШ долларын құрады.

Көптеген жаны ізгі адамдар мен ұйымдардың күш салуының арқасында Республикамыздың әр түрлі қалалары мен облыстарынан келген 288 балаға көмек көрсетілді.

Акцияға қатысуға ықылас танытушылардың барлығына өз телефонынан 9099 нөміріне 1санымен SMS-хабарлама жолдау арқылы арнайы шотқа 280 теңге мөлшерінде жарна енгізетіндерін және бұл шоттағы қаражаттың балаларды шетелдік клиникаларда емдеуге жұмсалатынын еске саламыз.

Барлық үн қатушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша 2010 жылдың 23 мамырына қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша 2010 жылдың 23 мамырына қатысты есеп беру Біз «ҮЙ» қорымен әзірленген біздің бірлескен «Балаларға өмір сыйла» мерзімі жоқ SMS-шарамыз бойынша есеп берулерді жариялауымызды жалғастырудамыз, аталмыш шара шеңберінде әр адам SMS – хабарлама жіберу арқылы шетелдегі кішкентай қазақстандықтарды емдеуге жіберілетін ақшалай қаражаттарды шоғырландыратын арнайы шотқа аздағын жарнасын енгізіп отыра алады.

На 23 мамырына 2010 жылдың 23 мамырына қарсы қайырымды адамдардың күш-жігерінің арқасында 1 169 673 АҚШ доллары жиналып және 215 балаға операция жасалған.

Көмек көрсеткісі келетіндерге 8009 нөміріне «1» цифрасымен хабарлама жіберу қажет. Бұл жағдайда телефонның балансынан «Балаларға өмір сыйла» шарасының шотына 280 теңге аударылатын болады.

Русский

Қазақ тілі

English