Category

Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін жариялауда.

Жетімдерге мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін тұрғын үйге бір себептермен Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектері іріктеуден өтпесе де, үйсіз-күйсіз қалмады, өйкені «Сәби» Қорының қолдауымен жеңілдік шарттарға қол жеткізіп өз пәтерлеріне ие болуға
мүмкіндік алды. Жобамыздың шарттары әр тараптан қарағанда өте қолайлы.
Қатысушыларға ең бастысы өздерінің жоғарғы білімі бар екендігі көрсету
және еңбек өтілі бір жылдан кем болмау керек, жұмыс орнынан және тұрып
жатқан әлеуметтік мекемеден жақсы мінездеме де қажет.

Сосын Қор Қазақстанның Тұрғын-үй жинақтама банкі арқылы Алматыдағы пәтердің 50% шамасында бастапқы жарнасын төледі, ал
банктің беген қалған сомасын қатысушылар 5,6% пайызбен төлейді.

Сөйтіп «Жасөспірімдер» жобасының барлық қатысушылары өз пәтерлерін алды. Көбісі пәтерлеріне кіріп қонысын тойлап үлгерді, қалғаны аңсаған пәтерлерінің кілтін күтуде.

Пәтер мәселесінің шешімі

By | Жасөспірімдер жобасы

Пәтер мәселесінің шешімі Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының аясында оңай шешілуде.

рине пәтерге мұқтаж болып отырған барлықтарына көмек көрсетіп жатырмыз деп мақтана алмаймыз. Біздің Қор жетім балалардың оларға қатысты емес себептермен мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сай келмеген балаларға көмек көрсетеді.

«Жасөспірімдер» жобасы – уақытша қолданылып және ол да ізденушілерге қатаң шарттар қойып отыр. Бірақта пәтер алуға жанынан безгендерге мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда «Сәби» мен Қазақстанның «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің» және Алматы балалар үйлерінің түлектерінің арасында орнатылған әрекеттердің арқасында жобаның 9 қатысушыларының 8-і көптен күткен шаршы метрлеріне ие болды.

Үш мәрте қоныс той

By | Жасөспірімдер жобасы

Үш мәрте қоныс той Осы жылдың жазы мен күз айлары бойы керекті заңды құжаттардың бәрін жинастырып Жасөспірімдер жобасының үш қатысушысы пәтер иесі атанды.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банк АҚ-ның тұрғын үйлерді қалыптастыру және бөлу пулына қатысқанның арқасында екі жасөспірім армандаған шаршы метрлерін жаңадан салынған үйден алды. Тағы біреуі екі бөлмелі пәтерді қайталама нарығынан сатып алды.

«Сәби Қайырымдылық Қорының Жасөспірімдер жобасы 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектеріне жеңілдік шарттармен пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

«Жасөспірімдер» жобасы тағы бір қатысушымен толықтырылды.

By | Жасөспірімдер жобасы

«Сәби» Қорының «Жасөспірімдер» жобасы оңтүстік астанымыздың жетім балаларының өз үлесін, әр түрлі себептерге қатысты мемлекеттік бағдарламасына қатыса алмағандар армандаған пәтерлерін жеңілдік шарттармен сатып алуға мүмкіндігін беріп әлеуметтік бейімделу жүйесіне қосып отыр.

Жобаның кезекті қатысушысы болып алматы балалар үйлерінің бірінде тәрбиеленген бұрынғы түлегі болды. Жасына байланысты (30 толған) мемлекеттік тұрғын үйлердің таратуына өтпей қалғанына байланысты еңсесі мүлдем түсіп қалды.

Бірақта ол өзінің «бақытты билетін суырып алып үлгерді» және бір бөлмелі пәтердің құнының 50 пайызының шамасындағы Қордың төлеп отырған алғашқы салымның арқасында көп күтпей өз шаңырағына ие болады.

«Жасөспірімдер» жобасының екінші қонысы

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасының екінші қонысы Жақында «Сәби» Қорының «Жасөспірімдер» жобасының қатысушысы Алматы қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленіп шыққан бойжеткен қыздың жаңа пәтерін көріп қайттық. Осы орын-жайды қатысушысымыз Тұрғын-үй жинақ банкінің пулы арқылы сатып алды. Бір бөлмел болмаса шаршы метрлері кең болған үй Алматы қаласының Алатау ауданының жаңа үйде орналасқан.

Пәтерді алу Қорымыздың айтылып кеткен жобаның аясында банкіге 20 000 доллар шамасында алғашқы сомасын қосқанның арқасында мүмкін болды. Көп ұзамай басқа да қатысушылар өз үйінің табалдырығын аттайды деп нық сенеміз.

Кезекті қоныстар алыс емес.

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл Үш жыл бұрын біздің Қайырымдылық Қор сайттың беттерінде «Сәби», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Жасөспірімдер» атты пилотты жобаның тұңғыш қатысушысының арасында үш жақты келісім шарттың жасалғанын жариялады.

Қазіргі уақытта біз нәтижелерге ризамыз: төртеуі өз үйінің иесі болып атанды, соның үшеуі Алаты қаласының жаңа ауданында салынып жатқан үйден «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» пулы бойынша пәтер алды. Таяуда үй қолданысқа беріледі және жаңа үйге көшу сериясы өзін көп күттірмейді.

Қатысушылардың бірі салынып болған үйден пәтер сатып алып өз қуанышымен бөлісу үшін бізді қонаққа шақырды. Біз шақыруын сүйсіне қабылдап және шаршы метрлерін көп күткен қуанышты иегерді көріп қайттық. Жас әйел үй иесі өз бұрышына жайлылық пен қонысты сезімін тудыра қалай көркейткені бірден көзге түсті.

Көп ұзамай басқада жобаның қатысушылары жеке шаңырағын аңсап күткен арман жолының мәресін басады.

«Жасөспірімдер» жобасының – алғашқы қонысы!

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасының - алғашқы қонысы! Керемет жаңалықпен бөлісуге дайынбыз – «Жасөспірімдер» атты сынамалы жобаның алғашқы қатысушысы қоныстойын тойлады. Наурыз айының соңында Алматының жетімдер үйлерінің бірінің бұрынғы тәрбиеленушісі жаңа салынған үйлердің екі бөлмелі пәтердің иесі болды.

Бұндай уақиға біздің Қорымыздың жобасының дайындаған шарттарының арқасында ықтимал болды, соның аясында балалар үйінің түлегімен, Сәби Қорының және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының арасында тұрғын үй құрылыс жинағының келесім шарттары жасалады. Қор қайырымдылық көмек ретінде банкіге 1 бөлмелі пәтердің 50 пайыз құнының бастапқы жарнасын аударады, сосын балалар 3 жыл ішінде қалған сомасын өздері жинайды. Олар өздеріне пәтерді алған соманың нәтижесіне байланысты таңдайды, ал соманың жетпеген бөлігін банкіден қарыз ретінде алады. Бірақ алған қарызының көлемі үлкен еместігінен, қарызды өтеу қиынға соқпайды.

Мұқият дайындалған жинақ жүйесінің арқасында жобаға қатысушылар өз бюджетін жоспарлауды үйреніп және шығындарын дұрыс үлеструді үйренді. Біздерге біраз табысты болып көрінді. Міне енді біздің «ұясын салуға» сондай ұмтылған «алғашқы қарлығашымыз» ақыры арманын жүзеге асырды.Оған мол бақыт, жаңа жеке өміріне көптеген табыс тілейміз!

“Жасөспірімдер” жобасымен өз үйіңе алғашқы қадамыңды жаса

By | Жасөспірімдер жобасы

"Жасөспірімдер" жобасымен өз үйіңе алғашқы қадамыңды жаса 2012 жылы Қазақстанда «Қол жетімді тұрғын үй -2020» атты ауқымды мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы жарық көрді. Оны іске қосу үшін оператордың бірі болып “Сәби” Қорының Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектеріне басын 2011 жылы бастаған «Жасөспірімдер» жобасы бойынша серіктесі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» болып табылады.

Тұрғын үй бағдарламасы жобаның жастарларына керемет мүмкіндік болып шықты, өйткені Банктің салушысы бола тұра және өз шоттарында “Сәби” Қоры оларға бастапқы жарна ретінде аударған бір бөлмелі пәтердің 50% құны Алматы қаласының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді тарату пулына қатысуға құқығы бар.

Оның алдында жазып кеткендей екі жасөспірім осындай мүмкіндікті пайдаланды және жақында қолайлы бағамен жаңа кең пәтерлердің иелері болады. Ал жуырда алдын-ала банктің іріктеуінен өтіп жұлдыздары жанғандардың қатарында болып оларға тағы екі жасөспірім қосылды және де келесі жылы қоныс тойын тойлайды.

“Сәби” Қорының барлық қызметкерлеріне осы пилотты жобаның алғашқы нәтижелерін көру қуанышты, өйткені өз үйінің бар болуы жетім балалардың көп күткен көкейтесті арманы болып табылады.

Армандаған шаршы метрлер жақындай түсті

By | Жасөспірімдер жобасы

Армандаған шаршы метрлер жақындай түсті «Жасөспірімдер» жобасында жақсы жаңалық!«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ-ныңсалымшылары болып табылатын бірнеше қатысушыларымыз Алматы қаласындағы жаңа перспективті ауданда салынып жатқан тұрғын үйді бөлетін пулға өтініш тапсырып, келесі жылы толықтай жайластырылған орын-жайға ие болған 90 адамдардың арасында табылды.


Балалар үйінің екі түлегінің ұпай сандары жоғары болғандықтан «үй тіккен бәйгеде» 220 астам тапсырушылардан озып өтті.  рине, бұндай сәттілік біздің Қордың көмегінсіз болмас еді, атап айтқанда «Сәбидің» әр қатысушының депозитті шотына бастапқы сома ретінде 20 000 АҚШ доллар салғаннан кейін олардың жеңіске деген мүмкіндігі артып, көптен күткен арманына бірнеше қадамға жақындатты.
 
Өз тарапымыздан біз аталған тұрғын нысанның тезірек салынып бітуін тілеп, «Жасөспірімдер» жобасының қатысушыларының жеке меншік пәтерлерінде қоныстойды өткізуге үміттенеміз.

Жаңа өмірдің кілті

By | Жасөспірімдер жобасы

Жаңа өмірдің кілті Қазақстанның статистика бойынша, тұрғын үйге мұқтаж болып отырған интернаттық мекемелердің түлектер саны12 мың адамның шамасында. Балалардың көбісінің тұрғылықты жері – тұрғын үйдің шаршы метр құны тым қымбат Алматы қаласы болып табылады. Көз алдымызда жетімдер үйінің қабырғаларынан шықаннан кейін, далада қалған жастардың талай оқиғаларына куә болғанбыз. Көп жылдан бері жалғыздықта өмір сүрген жас балғындар ерте семья құруға тырысып, балалы болып, бірақ та өз баспанасының жоқтығына байланысты өз балаларынан жеткілікті қамқор көрсете алмай айырылып жатады. 


«Сәби» Қайырымдылық Қоры балалардың көптен күткен баспанасын жеңілдік шаттармен алуға мүмкіндік беретін арнайы тиімді схеманы жетілдіріп, «Жасөспірімдер»атты сынамалы жобаны іске қосты.  рине бұндай мемлекет шамасындағы ауқымды мәселені шешу мүмкін емес, бірақ та бірнеше ғана болса да, балалардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік беру – біз үшін үлкен жұмыс.
 
Тілек білдірушілер көп, бірақ іріктеу өте қатаң. Жобаға тек қана 23 жастан жоғары, жоғарғы білімімен, үздіксіз жұмыс істеген, белсенді әлеуметтік өмір сүрушілер, жұмыс берушілер мен тәрбиеленген әлеуметтік мекемелерінің әкімшілігінің оңды пікірі бар жетімдер үйлерінің түлектер ғана қатыса алады. 



Биыл, жол болғыштардың қатарын тағы екі адам толықтырады. Кімнің жолы болатынын біз білмейміз сондықтан барлықтарына сәттілік тілейміз!

Русский

Қазақ тілі

English