Category

Спорт-денсаулық-жетістікте

«Саби» қазақстан футболының отанында

By | Спорт-денсаулық-жетістікте
«Саби» қазақстан футболының отанындаСемей қаласының нашар еститін № 4 мектеп-интернатының алаңында 20 қыркүйек күні өткен Сәби қайырымдылық қорының көмегімен салынған көпфункциональды спорт алаңының ашылуы рәсімі нағыз үлкен мейрамға айналды. Бұл шара Қазақстан футболынының 100 жылдығына арналған мерейтойының қалалық бағдарламасына кірді, осыған орай 3 күн бойы бүкіл қала футбол қуанышына бөленді. 



нтернаттың тәрбиеленушілері жаңа алаңды ресми түрде ашылынуының алдына сынап алаңға ырза болды. Жас спорстсмендерге заманауи төсеніш «жасанды төсеніш» ұнады оның -асфальтқа қарағанда жарақат алуға қаупі жоқ, сосын топырақ секілді шаңды аспанға көтермейді. Өз көзімен осындай таңқаларлықтай өзгерген аулаға сүйсіне қарайсың. 



Тұсаукесер күні ауа райының айтарлықтай салқандығына қарамастан, жаңа стадионда оқушылар, мұғалімдер, мекеменің құрметті қонақтары жиналды. Мерейтойға келген әйгілі футбол командыларының ардагерлері мен ойыншылары ерекше таңданысқа ие болды. 



Қызыл бау салтанатты түрде кесілді, аспанға түрлі-түсті шарлар жіберілді сонымен қатар балалар мен семейліктерді құттықтаумен көптеген жақсы сөздер айтылып кетті. Осындай тамаша сыйлық үшін ерекше алғысты Сәби Қорының жағына айтылды. Сөзге келсек біздің Қормен Қазақстан жерінде салынған осы спорт нысаны 29-шы болып келеді ал ШҚО-да салынған 5-ші нысан.



Логикалық жалғасы ретінде дәстүрлі жыл сайын №4 мектеп-интернатының аймағында интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері арасында өткізіліп отыратынминифутболдың XIV турнирі басталуын білдіретін арбитрдың ысқырығы болды.



Барлықтарыңа сәттілік тілейміз және жанымыз ашиды. Біз – әдемі спорт үшін біз!

30-20-10!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

30-20-10! «Cәби» Қоры №8 Балалар Үйінде спорттық алаңының құрылысы аяқталғанын мәлімдегеніне бір ай толмай, тап сондай сыйлықты осы шығыс өңіріндегі қаладағы нашар еститін балаларға арналған №4 Мектеп–интернатының тәрбиеленушілері алды.



Спорт пен денсаулық біртұтас – бұл талассыз ақиқат, сол үшін де денсаулығы нашар балалардың жаттығулардан бас тартпай керісінше спорттық ойын түрлерінен айтарлықтай табыстарының бар болғаны аса қуантады. Біздің байқағанымыз жас семейліктердің басты сүйікті спорты болып – футбол табылады. нтернаттың аумағында бірнеше балалар әлеуметтік мекемелерінің командалары арасында жарыстар өткізіліп тұрады. Өз шеберлігін көрсету үшін қаланың әр түкпірінен жас ойыншылар келеді.



Бұрында тіпті тақыр жерде бұрқыраған щаңды басына көтеріп ойнау, жас спортшыларды еш қорқытпады, енді оларда– арнайы жасанды төсенішпен, 4-метрлі қоршаумен, , сонымен қатар кешкі мезгілдеде жаттығуға ерік беретін прожекторлы жарығымен жабдықталған заманауи кәсіби спорт алаңы бар.



Бірақ қуанышқа бөлінгендердің арасында тек қана футболистер емес: баскетбол мен волейболдың әуесқойлары тыс қалған жоқ – алаңның көп функционалды болып келеді – қақпаны алып тастап тіреулерді қойып торды тартса жаңа ойын алаңына айналады.



Бұл ғимарат – «мерейтойлы», «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасының аясында біздің Қормен салынған 30-шы болып келеді, №4 интернаты «Сәбиден» сыйлық ретінде спорттық нысанын алған 20-шы балалар мекемесі, Ал Семей қаласы біздің жобамыздың жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның 10- қаласы болып келеді. Ал осыдан кейін сан сиқырына сенбеуге болмас.



Құрылысқа дейін және кейін фотосуреттер.[/i]

Семейде жаңа ойын алаңы пайда болды

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Семейде жаңа ойын алаңы пайда болды [b]Семей қаласының соқыр және нашар көретін балаларға арналған [b]№3 Мектеп-интернатында[/b]«өрмелегіштер», «еңбектегіштер» алтыбақан, төбешіктер, орындықтар, әткеншек және т.б ойын жабдықтары орнатылған, [b]«Сәби» Қайырымдылық Қорымен[/b]салынған жаңа ойын кешені ашылды.



Мектеп кезеңі бала үшін белсенді өсу мен дамудың уақыты болып саналады, ал нашар көретін балалар үшін – бұл әрдайым бақылаумен арнайы тәрбиеде жүрген өміріндегі басты кезеңі болып табылады. Мектептің басты мақсатының бірі болып тұрмыс қозғалыс машықтарының қалыптасуы болып табылады: оларды өз еркімен жүруге үйретеді, баспалдақпен көтеріліп және түсуге, жүгіруге, секіруге, билеуге үйретеді.


нтернатпен танысқан кезде, тәрбиеленушілердің толық дамуына жағдайлар қарастырылмағаны түсінікті болды. Оқу орнын қолдау мақсатымен, балаларға арнайы[b]спорттық-ойын құрылысын [/b]салып және демалатын орындарды жабдықтауға шешім қабылдадық.
 
Бір жағынан «қарапайым» көрінетін, бірақта өте маңызды жаттығуларды балалар таза ауада жасай алады, сонымен қатар қоршаған дүниені ойын түрінде белсенді тани біледі.



[b][/b]Фотосуреттер:

[b][/b]Ескі ойын алаңшасы[/i]

[b][/b]Жаңа ойын алаңшасы[/i]

Спорт жобасы – 28-ші объект қолданысқа берілді!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте
Спорт жобасы – 28-ші объект қолданысқа берілді! 2013 жылы Қазақстан футболы 100 жылдығын тойлайды. Біздің спорттық жоба елімізде өз шеруін Семейден бастады. Таңқаларлық түрлі жағдайлардың тоқайласуына байланысты, осы жылы «Сәби» Қорымен тұрғызылған барлық үш спорттық нысандрдың бәрі осы қаласында орналасқан. 

Біріншісі – мини-футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған әмбебап спорт алаңы № 8 Балалар үйінде қолданысқа берілді. Қормен еліміздің басқа аймақтарында салынған барлық ұқсас объектілер секілді, қала инфрақұрылымының маңызды үлесі болып қана қоймай, қала сәулетінің ңағыз әшекейі болып саналады: жап-жасыл жасанды шөп, жан-жағы қоршалған және прожекторлы жарық, әлеуметтік мекеменің алаңына әдемі заманауи көрініс беріп тұр.

 

Балалар үйінің тәрбиеленушілері бұндай сыйлыққа өте қуанды. Олар әлдеқашан спорттық өмірін футболмен байлап және сәттілікпен қалалық және облыстық жарыстарға қатысып жүр. Енді өз билеуінде проффесионалды алаң бола тұра, балалар оданда көп жетістерге қол жеткізе алады. сіресе үлгі алатындардың бар болғандығы, ол мини-футболдан қазақстанның «Қайрат» командасы, осы жылы мини-футболдын ең құрметті жүлдесі УЕФА кубогін жеңіп алды.



Жас атлеттерімізге тілейтініміз зор денсаулық және жаңа спорт жетістіктеріне жете берсін дегіміз келеді!



Құрылысқа дейін және кейін фотосуреттер.[/i]

«Спорттық жоба» – жеткен жетістіктерінде тоқталмайды

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Спорттық жоба» - жеткен жетістіктерінде тоқталмайды Сәби Қорының «Спорттық жобасы» салынған нысандарының саны, жұмсалған қаражат көлемі және де жұмысты орындау мерзімі боынша 2013 жылы, рекордтық болуға ықтимал. Қазақстанның 4 әлеуметтік-білім мекемелерінің тәрбиеленушілері, оқу жылының басына, сыйлық ретінде жаңа спорт алаңдарына ие болады.

Солардың үшеуі ШҚО салынады: футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын көп атқарымды алаңдар, балалар үйінің біреуіне және Семей қаласының мектеп-интернаттарының біреуінде салынуға жоспарда, сонымен қатар Ксил балалар ойының алаңшығы, сол қалада құрастырылады. Семейліктер «Сәби» Қорымен ынтамақтастық қатынасын орнатуға улкен белсенділігін көрсетті – ұйымыздың басшылығына уақытында өтініш жасап, құрылысқа өтінімді орналастырып және дегбірлі күтімі аңсап күткен нәтижесін берді.

Төртінші нысан Алматы қаласының атлетикалық жабдығын толықтырады: орта мектептің біреуінде заманауи спортзал ғимараты салынып жабдықталады. Жобаны әзірлеуге және құрылыс жұмыстарын орындауға жоғары білікті мамандарды жұмылдыру, нысанның іске асуына ықпал етіп, асырып айтпағанның өзінде, оңтүстік астанамыздың картасында спорт сәулет өнерінің маңызды нүктесі болып табылады.

Сонымен, «Сәбидің» 11 жылдығы «Спорттық жобасының»: біздің Қорымыздың, Қазақстанның 10 қаласының 20 әлеуметтік мекемелеріне 30 спорттық нысандары салынған тамаша жетістіктерімен тойлайды.

Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі «Сәби» Қайырымдылық Қоры жас буынның келешегіне ат салысып, спорт жобасын бірнеше жыл бойы дамытып келуде, өйткені таза ауадағы жаттығулар мен ойындар балалардың денсаулықтарына оң нәтиже беріп, қуат пен жақсы көңід-күй сыйлайды. Сондықтан Қордың күшімен салынып жатқан жасөспірімдерге арналған ойын және спорт алаңшалары өз маңыздылығын ешқашан жоғалтпайды, жетімдер және әлеуметтік деңгейі төмен жанұялардың балалары тәрбиеленіп жатқан балалардың, олардың ішінде әсіресе тентек мінезділердің сарқылмайтын жігерін қолайлы қалыпқа келтіруге зол ықпалын тигізеді. 



Кезекті, жиырма алтыншы спорт нысаны болып (ал арнайы ойын КС Л жинағы кезектегі реттік саны оныншы болып) Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйіндегіжеткіншіктерге арналып салынды. Жабдықтар қазіргі уақытта айтылған мекемеге Қордың күшімен салынып жатқан жаңа ғимараттың ауласында орнатылды. Сәбилердің көз алдарында алуан-түрлі сатылар, алтыбақанар, сырғанақтар, үйшіктер, әткеншектерді көрген сәтте қуаныштарында шек болмайтынына нық сенеміз. Балалардың көңілінен шығу, ол оңайға шықпайтын жайт екені бәрімізге мәлім. Оларға жай ғана құмсалғыш пен орындықтар алып беру жеткілікті емес екендігі түсінген біз әр баланың ойынан шығу үшін әр түсті жабдықтарды алуға тырыстық.



Осындай шаттық сезімін бізге жомарт досымыз және нағыз жанашыр «КазРосГаз» ЖШСсыйлады. Бұл компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары сезінетін ұйымдар қатарында алғы саптарында тұрып жүр, жоғарыда айтылған ойын алаңшасын алуға демеу көрсетпей ғана қоймай, жаңа ғимараттың салынуына зор соманы бөлген болатын. КазРосГазға деген шынайы ризашылығымыз кішкентай жеткіншектердің көздерінде жанған қуанышымен сөзсіз жеткізіледі.

Теміртауда «Сәби» екінші рет

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Теміртауда «Сәби» екінші рет Күз – егін жинаудың мезгілі, ал «Сәби» Қайырымдылық Қорында спорт жобасы бойынша нәтижелерді қорытындылайтын уақыт болып табылады. 



Теміртау қаласы біздің Қордың бенефициарлары ретінде 2010 жылы «Сәбиден» 2 «инватакси» машиналарын сыйға алған болатын. Бүгінгі күнде № 2 Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты қуанышты жағдайды тойлап отыр: “Спорт-Денсаулық-Жетістік”жобасы бойынша 2012 жылдың үшінші, ал бүкіл уақыт бойы жиырма бесінші нысан болып тұрған копфункционалды спорт алаңшасы айтылған мекеменің аумағында толығымен салынып пайдалануға тапсырылды. 



Бұл мектепге біздің көңіліміздің ауғаны кездейсоқ емес. 45 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ұйым, мұғалімдердің және мемлекеттік белсене қатысуымен коррекциялаумен оқыту жүйесіне келтірілді, бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін балғындарға жан-жақты білім алып дамуына барлық жағдайлар қарастырылған. нтернатта спорттық-сауықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, көптеген оқушылар әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, мақтанарлық жетістіктерге қол жеткізді. 
 
«Сәби» Қорының күшімен тұрғызылған комплекс, оқу орнының түлектеріне алуан спорт түрлерімен, баскетбол, волейбол және футболмен айналысуға сый ретінде тартылды. «Жасанды шөп» жабындысымен төсенген алаң салқын күз айларында да бұрыштарынан жарық түсіретін прожектерлері күн батқаннан кейін де шынығуға толық мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ол жерде күнде жаттығулар, жарыстар, қызықты ойындар, сайыстар өтіп жатыр және көтеріңкі көңіл-күйдің нағыз ордасына айналды.



леуметтік жауапкершілігін ұстанған кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біздің жобаны қолдауға шақырамыз, еліміздің барлық шалғай аудандарында спорт алаңдары кеңінен өріс алсын демекпіз.



Фотосуреттер мында

Алға, Алға! немесе жаңа мүмкіндіктер

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Алға, Алға! немесе жаңа мүмкіндіктер «Сәби» Қайырымдылық Қорының қызметі Алматы қаласының шекарасынан асып бүкіл Қазақстанның аумағына таралды. «Сәбидің» бенефиациарлар арасында жеке тұлғалар мен әр түрлі ұйымдар да табылады. Олардың ішінде – Алға қаласында орналасқан Ақтөбе облыстық сауықтыру орталығы да бар. Бұл мекемеде оқуға қиындық туғызып жүрген, психикалық түрде дамымай қалған, психоневрологиялық, церебральды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тәрбиеленеді.

Ашылғанына бар жоғы үш жыл болған орталықта шамамен төрт жүз жас жеткіншектер өз денсаулықтарын түзеп, коррекциялау курсынан өткен кейін барлықтарының физикалық және ой-қабілетінің, сонымен қатар әлеуметтік дағдылану формасы да позитивті түрде ілгерілегені ескере кеткеніміз де жөн.

Кішкентай пациенттердің таза ауада көбірек дене шынықтырып және дем алуын ұйымдастыру мақсатымен, Қор емделу мекемесінің аумағында, қолданушылардың ерекше мұқтаждығын ескере отырып, арнайы әткеншектер, алтыбақандар, тербелмелер, столдар және орындықтар, үлкен ойнау комплексі мен құм ауласымен жарақталған ойын алаңшасын жабдықтауға шешім шығарды.

Қазіргі заманның талаптарына сай бұл жабдық Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында орнатылған болатын. Алғадағы алаңша жаз-күз маусымында жоспарланған төрт нысанның екіншісі болып тапсырылды. Оның қолданылуы ұйымның жұмыскерлеріне жаңа комплексті реабилитациялық емдеу шараларын енгізуге және ең бастысы жазылып кеткендердің саны ұлғая түсетініне мүмкіндік береді.

Фотосуреттер мында

Толағайлармен алға!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Толағайлармен алға!Үстіміздегі жылдың тамыз айының жылы күндерінде біздің елдің спорт жетістіктері бойынша үлкен қуанышқа кенелген сәттермен тура келді. Бұл бақытқа кенелтіп отырған 2012 жылғы Олимпиада ойындарындаҚазақстанды күллі әлемді тәнті етіп жүрген спортшыларымыздың арқасында болып отыр.  р күн сайын көрсеткен өнерлеріне және әлем рекордтарын жаңартып алтыннан алқа таққан біздің атлеттерге біз аса ризашылығымызды танытып жүрміз. 



«Сәби» Қайырымдылық Қоры, қоғамның әлеуметтік жағдайын күннен күнге дұрыстау мақсатымен өз алдына қойып, жас буындардың мәдениетін және әлеуетін дамыту үшін, басқалардан бұрын жастардың сау тұрмыс өмірге және физикалық белсенділік жолына түсіруді бастапқы рольге қойды. 



Сондықтан біз үшін ең ауқымды шаралардың ішінде отандық спорттың лайықты өкілдерін тәрбиелейтін «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасын ерекше атап өткіміз келеді. «Сәби» Қорының күшімен салынған нысандарында бүгінгі күнде болашақ чемпиондар шынығып жатқанына біз өз тарапымыздан кәміл сенеміз.
 
Семей қаласындағы бірнеше күн бұрын қолдануға берілген көп функционалды, яғни футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған біздің кезекті алаңымыз, 23-ші болып тұрақтанып қазақстандық олимпиадалық қозғалысына қосқан өзіндік үлесі болып табылады. 

Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда «Сәби» Қорының қалаптасқан дәстүрі бойынша жаз айларында «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы қарқынды іске асырыла бастайды. Осы жылы Семей, Теміртау, Қызылорда және Ақтөбе облысындағы Алға қалаларында орналасқан әлеуметтік балалалар мекелемерінде төрт нысанды салуға бел будық.

Қазақстанның батысындағы балалар ойын алаңшаларын тұрғызу туралы хабарды кейінге қалдыра тұра, біз бүгінгі күнде Семей және Теміртаудағы мамандандырылған коррекциялау мектептеріндегі спорт құрылыстарын монтаждау жұмыстары туралы айтып өтсек дейміз.

Металлургтер қаласындағы мектеп-интернатта 120-дан астам тәрбиеленушілер жатып оқиды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында болатын қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда қатысып жүрген жас атлеттер үнемі жүлделі орын алып өз жанкүйерлерін тәнті етуде. Спортшылардың потенциалдары жоғары бола тұра, арнайы жабдықталған спорт залдары немесе алаңдарының болмауының әсері олардың жан-жақты бар күшін салып жаттығуына шектеу қойып отыр.

Ал Семей қаласындағы мектеп-интернаттың спортзалың аты затына сай болмай отыр, 1969 жылы салынған ғимараттың жылдан жылға ескіруіне және керекті жөндеу жұмыстары жүргізілмегеніне байланысты, ол жерде санитарлы-гигиеналық ережелерге сай болмағанын ала тұра, қауіпсіздік талаптарына да жауап бермейді.

Біздің Қордың көп жылдар бойы тұрғылып келе жатқан спорт алаңдары, бүгінгі күнде өзіндік бір «фирмалық» тұрпат танытып, мини-футбол, баскетбол және волейбол ойнауға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы кейіннен дене шынықтыру сабақтарында таза ауада жаттығуға, әр түрлі сайыстар өткізуге, балалар мен жас өспірімдердің денсаулықтары қатайтып және әрі қарай спорттық жетістіктерге қол жеткізуге де жағдай туғызады.

Нысандарды пайдалануға өткізу мерзімі үстіміздегі жаңа оқу жылының басына жоспарланған.

Біздің жаңалықтардан көз алмаңыздар.

Русский

Қазақ тілі

English