Category

Біздің марапаттарымыз

«Сәбидің» халықаралық дәрежеде танылуы

By | Біздің марапаттарымыз

«Сәбидің» халықаралық дәрежеде танылуы «Сәби» Қайрылымдылық Қоры үстіміздегі жылдың ақпан айында “Nomad’s Way” («Көшпенділер жолы») атты әлеуметтік-мәдени акциясын өткізген болатын. Бұл шара саяси аренада бірақ тарихи тамыры өте терең бірақ егемендігін 20 жыл бұрын алған болған жас Қазақстанмен таныстыру үшін жасалды. Батыс аудитория еліміздің бай мәдени мирасымен танысқан кезде, үлкен жаңалыққа тап болды.

рине, бұндай іс-шара біздің де Қордың қызметіне назар аудартты: «Сәбидің» қайырылымдылық жобаларына бірнеше шет ел ұйымдары қызығушылық танытып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс берді, бұндай оң бағалар біздің жұмысымыздың халықаралық деңгейде жоғары бағалануына тең келеді.

Осындай жайттарды растағандай болып European Society for Quality Research – ESQR (Европалық Сапа Зерттеу Ұйымы) «Сәби» Қорына «International Diamond Prize for Customer Satisfaction 2012» наградасымен 23-24 маусымда Рим қаласында салтанатты түрде марапаттады.

Жыл сайын бұндай наминацияға «тұтынушылардың үмітін қанағаттардырған және сапаны басқару саласында жақсы нәтижеге жеткен» әр түрлі елдің коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары ғана қол жеткізе алады.

Білікті сарапшылардың берген жоғары пікірі Қордың Президенті Тасмағамбетова сел манғалиқызының бастауында жұмыс істейтін кәсіби мамандардың тәртіпке салынған жұмысын бағалап қана қоймай, біздің ұйымға болашақ жанашырлар мен демеушілердің алдында тартымды болуға мүмкіндік береді.

Біздің марапаттарымыз

Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль

By | Біздің марапаттарымыз

Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль Осы жылдың көктемінде бүкіл әлем 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль алапатын еске алып отыр. Біздің еліміздің өкілеттері апаттың салдарын жоюға аса ерлікпен қатысып, денсаулықтарынан, ал көптегендері өмірінен де айрылды.

Жыл сайын аман қалғандардың қатары сиреуіне қарамастан, Чернобыль ардагарлері тізе бүккен емес. Қиын азаптарды кешіп, оларды жеңе тұра, осы күнге дейін еліміздің болашағы мен ұрпақтары үшін аса қайсарлықпен еңбек етуде.

Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай, қайырылымдық саласында қызмет еткені үшін «Сәби» Қорының Президенті Тасмағамбетова сел манғалиқызына, Чернобыль және Жергілікті соғыстардың Ардагерлері Одағының атынан тапсырылған естелік медалі, бізді осындай нағыз ер азаматтарымыздың қошеметіне бөлеп отыр.

Біздің марапаттарымыз

«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді

By | Біздің марапаттарымыз

«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді Еуропалық Бизнес Ассамблеясының ұйымдастыруымен наурыз айының басында Лондонда өткен «2011 Энергетикалық Саммиті» біздің Қор үшін айрықша оқиға болды. Саммит жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократ Сыйлығын табыстау рәсімінде «Сәби» қайырымдылық қорына Ханшайым ВикторияныңQueen Victoria Commemorative Medal») құрметті наградасы берілді, бұл – «Сәби» қорының асыл қазынасынан ерекше орын алған адалдық, адамгершілік құндылығы мен қажыр-қайрат үшін берілетін эксклюзивті ағылшын сыйлығы.

«Ханшайым Виктория атындағы награда біз үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік болды, өйткені халықаралық деңгейдегі тану ұйымның жұмысындағы жаңа кезеңнің басталуын атап көрсетеді», – деп марапаттау туралы түсінік береді Қор Президенті Тасмағамбетова А. .

Біз филантропия саласындағы қызметімізге жоғары баға бергені үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясына зор алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әлеуметтік әл-ауқат пен қазіргі заманғы қоғамды ізгіліктендіру идеяларын ынта-құлшыныспен алға жетелейтін боламыз.

Біздің марапаттарымыз

Қордың жұмысына жоғары баға беру – «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші

By | Біздің марапаттарымыз

Қордың жұмысына жоғары баға беру - «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты. Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес:

2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының сәтті түрде жүзеге асырылуы еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді. Балалар әлеуметтік мекемелерінің түлектерін қоғамға ықпалдастыру жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жаңа тармақтармен толықты: балаларға арналған психологиялық тренингілер және дайындау орталығында БҰТ-ға даярлау.

Қор қызметінің медициналық бағыты да қамқорлыққа алынған емдеу мекемелерімен жұмыс жүргізудің бірнеше елеулі кезеңдерімен толыға түсті. Ал Спорттық жоба шеңберінде үш үлкен объект салынды: спорттық объект және екі балалар ойын алаңшасы. Сонымен қатар жаңа жобалар іске қосылды: « лем» – дарынды жастарға қолдау жасау жөніндегі бағдарлама және Қызылорда қаласындағы балалар үйіне арнап жаңа замануи ғимарат салу. Және де елеулі оқиғалар мұнымен шектелмейді.

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен « леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында « нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.

Біздің марапаттарымыз

Русский

Қазақ тілі

English