Category

Қордан сыйлықтар

Миландағы демалыс

By | Қордан сыйлықтар

Миландағы демалыс Жетім балалар арасында футболдан өткізілген Казақстан ашық чемпионатының жеңімпаздары Алматы облыстық балалар үйінің 15 тәрбиеленушілері Милан жолдамасына иегері ретінде жақында талияда демалып қайтты. Кетер алдында олар «Сәби» Қорына «қалта шығыстарын» өтеуге қажетті ақшалай сома бөлу өтінішімен келді.

лемнің ең әдемі қалаларының бірін көруге сәті түсіп тұрған балаларға көмектесу керек деп шештік. Соның арқасында жас спортсмендер әйгілі «Джузеппе Меацца» футбол стадионын, атақты ойыншыларды көріп, мұражайлар мен сәулет ескерткіштерін көріп және де дергілікті аквапаркінде барынша ойнап жазғы демалысын тамаша өткізді. Сапар толық әрі қызық болды.

Чемпионатқа қатысқан балалардың бәрін тағы да құттықтай отырып, алдағы жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

Игі жұмыстың маңыздылығы аз болмас

By | Қордан сыйлықтар

рбіреуімізде киімдерімізді қайта – қайта қарап шыққан кезде киілмеген киімдер табыла қалатын күндер болып тұрады, бірақта киюге әлі жарамды. Тастайын десең обал, өзің кие алмасаң біреуге керек болып қалар деп ойлайсың.

Кімге беруге болады, киілген киімді алатын адамды қайдан табуға болады екен деген сұрақпен біздерге астанамыздың тұрғыны көмек сұрап келді.

Бұл сұрақтарда тәжірибеміз зор екендігінен керек ұйымды ұсыну қиынға соққан жақ. Ол Астана қаласының РҚБ «Қазақстан мүгедектерінің бірлестігі». Бірнеше аяқ-киім, сыртқы киім, көйлектер және тағы басқа күнделікке киетін киімдер жаңа қожасын тапты.

Егерде бөлісетін заттарыңыз болса, мына телефондар арқылы + 7 7172 336033, 336083 хабарласуды өтінеміз.

Кітап пен скрипканы қолға алып есейген өмірге аттану

By | Қордан сыйлықтар

Кітап пен скрипканы қолға алып есейген өмірге аттану С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы – «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан досы. Олардың қызметі қызықты кітапсыз өмірін өткізе алмайтын, жайлы оқырман залдарында күн кешетін балалардың игілігі үшін қызмет атқарып келеді.

Алайда, бұл жер тек кітаптарымен ғана қызығушылық туғызбайды. «Бегалинде» компьютер мен интернетті меңгеруге болады және музыка тыңдап, кино көруге болады. Сонымен қатар, кітапхананың негізінде құрылған әр түрлі үйірмелер жас балғындарды шығармашылыққа әуестендіреді. Бұл жерде олар сурет салуды, мүсіндеуді, қолымен ұсақ-түйек заттарды жасауды және тағы да басқа көп нәрсеге үйренеді, а кейбіреулері болса өздерін балалар-жасөспірім театрының актері ретінде сынап та көреді.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры аталған ұйымның әр түрлі жобаларын және бастамалырн бірнеше рет шынайы түрде қолдаған болатын, арнайы сыйлықтар мен кішкентай оқырмандарға кітаптар тапсырған.

Қазіргі кезде, біз кішкентай әртістер саханада ойнаған кезде, қойылымдарды әуенмен сүйемелдеу үшін театр үйірмесін музыкалық аспаптармен жабдықтадық. Кім біледі, бәлкім солардың біреулері үлкен шығармашылық жолына алғашқы қадамын осы жерден бастайтын да шығар.

Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық

By | Қордан сыйлықтар

Жетімдер үйіне пайдалы сыйлық Бірнеше күн бұрын № 1 алматылық жетімдер үйінің шебер қолдар үйірмесінің тәрбиеленушілері біздің Қордан перфоратор, дискті электр ара, ажарлағыш машина, электр қыл ара және оларға қосалқы бөлшектерді сыйға алды. Аталған саймандар жаңа жыл қарсаңында алынған 2 ұсталық жинаққа қосымша берілді.

Ер балалардың тұрмыста бейімділігін арттыру үшін біз осындай сыйлықтар жасадық. Өйткені осындай үй шаруасындағы жұмыс істейтін құралдармен еппен қолдану болашақта азаматтарымызға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар жұмысқа тұрған кезде де икемшілік орынды болады. Мүмкін балалардың кейбіреулері кейіннен өз өмірін жиһаз жасаушы, ұста немесе ағаш шебері мамандығымен байлайтын да шығар.

Балалық шақтан бастап еңбекке баулу – интернатты мекемелердің түлектерді әлеуметтендіріп және бейімделуге көп үлесін қосады. Сондықтан «Сәби» Қорына келіп түскен сұраныстардың арасында осындай, «пайдалы» көмек сұрағандарға әрқашанда қолдау көрсетіп отырамыз.

Ризашылыққа бөленген күн бекерге кетпейді

By | Қордан сыйлықтар

Ризашылыққа бөленген күн бекерге кетпейді Біздің көп ұлтты еліміз әртүрлі мерекелерді аса қуанышпен өткізетіні бәрімізге мәлім. Мемлекеттік және діни мейрамдардан басқа, қазақстандықтардың арасында батыстан қабылдап алған басқа да тематикалық думандар өткізіледі, оның арасында Хулиен Валентин Күні, Хэллоуин және Ризашылық Күні. Соңғысы бізге үш жыл бұрын енген болатын, ол оқу орындардың арасында, әсіресе балалар үйлері және интернаттарда тойланады. Осы күні жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өмірде аяқтан тік тұғызуға көмектескен адамдарға деген, яғни тәрбиешілерге, волонтерларға, филантроптарға және тағы да басқа қолдау көрсеткен кісілерге өз алғысын білдіретін кез болып табылады.


29 қарашаның жұлдызында Алматы қаласындағы қамқорымыздағы № 1 балалар үйінде қонақтар өте көп болды. Тәрбиенушілер ересектерге мерекенің құрметіне концерт көрсетіп, қолөнерлерлік көрмені ұйымдастырып және алуан-түрлі тәтті-дәмдімен сый көрсетті. Жылдан жылға келе жатқан бұндай жылы кездесулер балалардың сана-сезіміне оң әсерін тигізіп, өнегесін көтеріп, борыштық сезімін арттырып, шығармашылық қабілеттерін және еңбекке деген бейімін дамытады. Осындай қызықты, жанұялық деп те айтуға болатын іс-шаралар оларға сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезінуге мүмкіндік береді. 
 
рине келген қонақтар жас жеткіншектерге құр қол келуі мүмкін емес қой. «Сәби» Қайырымдылық Қоры әрдайым игілікке жетектейтін сыйлықпен келді – ағашпен жұмыс істейтін құрал-саймандардың екі жинағын әкелді. Бұндай тарту шебер қолдар үйірмесінде айналысып жүрген жасөсіпірмдерге орынды болды. Жас ұсталар өз қолдарымен балалар үйіне қажетті аяқ-киім қоятын сөрелер құрастырып, ендігі кездесуде жасалған заттарын міндетті түрде көрсетуге уәде берді.

Сәбилер үйіне «жұмсақ» көмек

By | Қордан сыйлықтар

Шыны керек, шағын қайырылымдылық акциялар біздің Қорда жиі кездеспейді. Ереже бойынша біз алдын ала әзірлеген және бекітілген жобалар бойынша жұмыс атқарамыз. Бірақ та, мүмкіндігінше қарай біз өз тарапымыздан қамқорлығымыздағы ұйымдарға қажет болатын аз да болса көп көретін сыйлықтардан бас тарпаймыз.

Осыны айт келе, «Меркурий 1999» ЖШС-нің қатысуымен, біздің бұрыннан бері келе жатқан Алматы облысындағы Жамбыл ауданы, Қаракастек ауылында орналасқан Сәбилер үйі 30 адамға саналған үлкен көлемді итальянды жиһазын сыйға алды. Енді сол жердегі кішкентай балақайлардың барлығын шеңберлетіп қатарынан отырғызса болатын болды.

Демеушілердің назарынан тыс қалып жүрген осы әлеуметтік мекеменің жұмыскерлері бұл сыйлықты аса қуанышпен қабылдады. Өйткені бұндай үлкен ғимаратта жиһаздар жеткіліксіз болған еді.

Енді үлкейген балалар теледидар көретін бос болған холлдар және балалар мен ата-аналардың көрісетін бөлмелер әр-түрлі бөлшектерін қалауынша қоюға мүмкіндік беретін үлкен жұмсақ дивандармен толықтырылды.

Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар

By | Қордан сыйлықтар

Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар Жақында «Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінде ертеңгілік болып өтті, онда мейірімді Аяз Ата екі жүз баланың барлығына сыйлықтар ұсынды.

Бұл шара бірнеше алматылық бойжеткен – «Сәби» қорының үлкен достарының ат салысуының арқасында өткізілді, олар бізге әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы қатты мұқтаждық көріп отырған балаларды келе жатқан жаңа жылдық мейрамдармен құттықтағысы келетіні туралы айтты.

Біз бір сәт те ойланбастан «Шымбұлақ» санаториінің кішкентай пациенттерін таңдадық. Мұнда емделуден кейін оңалып жатқан балалардың басым көпшілігі көп балалы және толық емес отбасыларынан шыққан, олар үшін кез келген, тіпті шағын сыйлықтың өзі үлкен қуаныш және сирек болып тұратын оқиға.

Бойжеткендер Қорға елеулі соманы тапсырды, ол әр балаға арнап жаңа жылдық қағаз қапшыққа салынған конфеттерді ғана емес, әдемі қыстық бас киімдер мен мойын орағыштардың жиынтықтарын да сатып алу үшін жеткілікті болды.

Енді кішкентай пациенттер аяздан қорықпайтын болды, сол үшін біз қайырымдылық жасаушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз !

«Жанұя» МК жаңа оқу жылын жаңарған күйінде қарсы алады

By | Қордан сыйлықтар

Замануи стандарттарға сәйкес түрде жүргізілген тіпті ең сапалы күрделі жөндеудің өзі уақыт өте келе өзіне қайта көңіл бөлуді қажет етеді. Оның үстіне, егер бұл өзінде бір мезгілде шамамен 200 бала тұрып және оқытылып жатқан нысан болып отырса.

Мінеки сол сияқты Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешеніндегі бірнеше жыл бұрын салынған кішкентайларға арналған бала-бақша мен асханалық кешен де жаңалауды қажет етуде. Және тәрбиеленушілердің ұқыпты қарауы мен қызметкерлердің көңіл бөлуінің арқасында нысандардың жағдайы жалпы алғанда жақсы болғанымен, олардың сыртқы түрін жаңа оқу жылына қарсы жаңартып қою қажет.

Осы мақсатқа арнап «Сәби» қоры «Жанұя» МК-ның есепшотына мекемені ағымдағы жөндеуден өткізу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға арнап қажет етілетін соманы аударды.

«Сәби» қайырымыдылық қоры С.Бегалин ат. балалар кітапханасына ұлттық мерекелік костюмдер сыйлады

By | Қордан сыйлықтар

«Сәби» қайырымыдылық қоры С.Бегалин ат. балалар кітапханасына ұлттық мерекелік костюмдер сыйлады Жақында біздің демеуші-достарымыз ересектер мен балалардың қазақ ұлттық мерекелік костюмдерін, сондай-ақ нояндардың костюмдерін Қордың иелігіне берді.

Ал біз өз кезегімізде, оларды С.Бегалин ат. қалалық балалар кітапханасына сыйға тартуды жөн көрдік, оның қызметкерлері мен тұрақты оқырмандары өз көрермендеріне әрдайым алдыңғысына ұқсамайтын нағыз ертегіні сыйлаумен түрлі костюмді театр мерекелерін өткізіп отырады.

Бұл сыйлығымыз кітапхана қызметінің шығармашылық бағытын дамытуда жақсы демеу болатынына сенімдіміз.

Русский

Қазақ тілі

English