Category

«Білім беру» жобасы

Жазылым – 2015

By | «Білім беру» жобасы

Жазылым - 2015 «Сәби» Қорына хабарласқан балалар әлеуметтік мекемелеріне арнайы ең танымалы және ең көп оқылатын балалар баспасы «Балдырған» журналы мен «Ұлан» газетіне жылдық жазылым ұзартылды. Оған қоса жазылымның саны екі есе ұлғайтылды.

Сөйтіп 2015 жылы қамқорлыққа алынған мекемелердің тәрбиеленушілері қайтадан сүйікті баспаларымен кездеседі. Қазіргі компьютер мен информатика заманына қарамастан балалардың баспаналарды оқуды таңдайтындығы бізді қуантады және де жасап отырған қайырымдылық шарамыздың дұрыстылығын растайды.

Монтессори – мұғалімдері енді Қызылорда қаласында бар.

By | «Білім беру» жобасы

Қызылорда қаласында, нақтырақ Сәби үйінде Мария Монтессоридің ерте даму италияндық жүйесімен жұмыс жасайтын кәсіби монтессори оқытушылары пайда болды. Жүйенің басты мақсаты әр кішкентай сәбиді өздігінше жұмыс істеуге және өмірінің алғашқы күндерінен бастап өз-өзін тәрбиелеу. Жақында Қорымыздың қамқорлығындағы осы мекемеде жұмыскерлерді айтылған әдістеме бойынша оқытудың соңғы үшінші кезеңі аяқталды.

Сәби үйінің 15 тәрбиешілердін оқуын ұйымдастыруына кеткен барлық шығынын өтеп және де сол Монтессори орталығынашылуы мен жабдықтау мәселелерін «Сәби» Қоры шешті. Осы семинар, өткен семинарлар сияқты екі аптаға созылып практикалық түрінде жүргізілді. Қатысушылар Екатеринбург қаласының Еуразиялық Монтессори-Педагогика орталығынан үш жасқа дейінгі балаларды ерте тәрбиелеу сертификаттарын алды.

Енді сертификатталған мамандар ата-анасының қамқорысыз қалған, өздерінің кішкентай сәбилері мен балдарына керекті ортамен қамтамасыз етіп және қолдау көрсете алады.

Дұрыс таңдау – мансапқа жетудің жолы

By | «Білім беру» жобасы

Дұрыс таңдау – мансапқа жетудің жолы «Сәби»Қайырымдылық Қоры 4 жыл бойы Білім беру жобасының аясында Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің жоғарғы сыныпта оқитын тәрбиеленушілеріне арналған кәсіби бағыттау бойынша тестілеуді ұйымдастырып және қаржыландырып келеді.

Тестілеу әр жарты жыл сайын арнайы оқу орталығында өткізіледі. ММУ профессорларымен дайындалған бағдарлама сынаушыға келешекте үлкен табыстарға жетуге және оның қабілеттілігіне сай дұрыс бір мамандықты немесе бірнеше мамандықты ұсынады.

рине қазіргі заманда, әр компьютер пайдаланушысы өз бейімділігін интернет жүйесіндегі әртүрлі тестілеулермен мен сауалнамалардың көмегімен тексере алады. Бірақ та сауалнамалардың бәрі мамандармен арнайы дайындалмайды және де пайдасы да шамалы.

Қорымыздың осы салада мамандармен тығыз байланысы бар. 4 жыл ішінде ортақ жұмысымызды бірлесе атқарып 450 ден аса оқушыны тексердік. Нәтижесінде сарапшылардың ұсынылған мамандықтары бойынша 65–70 % оқушылар орта және жоғарғы оқу орындарына түсті.

Алдын ала дайындығың болса, БҰТ қорқынышты емес

By | «Білім беру» жобасы

Алдын ала дайындығың болса, БҰТ қорқынышты емес Қазан айында былтырғыдай 8 айға созылатын БҰТ дайындық курстарының жаңа кезеңін бастаймыз. Алматы қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері қайтседе жоғарғы білім алу мақсатына жету үшін, мектепте алған білімін нығайтуға сонымен қатар жаңа қиын сұрақтарда және тақырыптарды меңгеруге кіріседі.

«Сәби» Қорының арқасында қалалық білім беру орталықтарының бірінде ұйымдастырыл отырған бұл курстардың көрсеткіштері жылдан жылға жақсарып келеді. Мысалға 2013-2014 оқу жылдары дайындық сабақтарына қатысқан барлық балалар грант бойынша жоғарғы оқу орындарына түсе алды. Оқушылар бұндай жетістіктерге жетуі қатаң іріктеудің арқасында, балалардың қойған мақсатына талпынуы және жоғарғы деңгейде оқуытымен түсіндіріледі.

2014 – 2015 кезеңі нәтижелі болатына және келесе жылдың мамыр айында өз жемісін балалар бірыңғай ұлттық тестілеуде керекті балдарын жинағанда кезде беретіне сенеміз.

Жолдарың болсын, түлектер!

By | «Білім беру» жобасы

Жолдарың болсын, түлектер! Жақында жыл сайын «Сәби» Қоры қаламыздың білім беру центрлерінің бірінде Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұйымдастырған Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық курстары аяқталды.

Алдында біз жобаға қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының барлығы өз нәтижелерімен мақтана алмағанын жазып кеттік: мектеп бағдарламасына қосымша түскен ауыртпалық қиынға соқты. Негізгі тестілеуге 8 ай бойы созылған жол оңай болған жоқ. Тіпті балалар ауырып қалып немесе басқа себептермен сабақтарын жіберіп қалған күндері болды. Бірақ оған қарамай көбісі біртіндеп қиынға соққан сабақтарының кемістіктерін жоя бостады. Олар нәтижелерін жақсартып және тұрақты жақсы балдар көрсетті.

Оқу курсы бойы Қордың жағынан білім беру ортылығының тәлімгерлермен, балалар үйінің тәрбиешілерімен және оқушылардың өздерімен жан жақты байланыс жасалды. Енді балалардың әрбірі сеніммен өзінің алғашқы маңызды емтиханың тапсырады деп үміттенеміз.

Жолдарың болсын!

БҰТ дайындықтың аралық қорытындысы

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ дайындықтың аралық қорытындысы Жыл сайын Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Сәби» Қорырепетиторлық орталықтарының бірінде ұйымдастыратын  Біріккен Ұлттық Тестілеуге дайындық курстары жалғасуда.



Он бірінші класс оқушылардың оқып жақтан арнайы дайындалған бағдарламасы мектеп бағдарламасына қарағанда терең әрі қиын болып келеді. Бәлкім сондықтан шығар, білім беру орталығында оқушыларға ай сайын қойылатын балдар мектепте қойылатын балдарға қарағанда төменірек. Бірақ жалпы алғанда, тіпті алғашқы айларда кемінде 50 балл алалмаған балалардың нәтижелері жақсарды.



рине үлкен жетістікке, тек қана сабағын жібермей ғана қоймай сонымен қатар жексенбілік факультативке барып жүргендер жетеді. «Оқуда ауыр …» дегендей. Болашақ түлектерге қазіргі кезде жеңіл болмасада, бірақ БҰТ кезінде аспаннан түскен түсініксіз сұрақтардан сасқалақтап қалатын сұрақтар болмайды.



Өз нәтижелерін жақсартуға баларда әлі алдарында 3 ай бар. Ал орталықтың мамандары оларға көмектесу үшін қолдарынан келгенін жасайды.

Профтестілеу, 2 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Профтестілеу, 2 кезең «Сәби» Қайырымдылық Қорымен жылына екі рет Алматы қаласы мен облысының балалар үйлерінің бітіруші сыныптарына арнап өткізілетін кәсіптік бағыттау бойынша тестілеудің 2 кезеңі басталды.

Жоғарғы сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау сұрағы маңызды болып келеді. «Менің таңдаған маманым …» деп айту жеткіліксіз. Өзіңнің ұнатқан мамандығына деген бейімділігі мен қабілеттілігінің қаншалықты екенін анықтау маңызды. Осындай күрделі үдерісті түсіну үшін М.В. Ломоносов атындағы МҰУмен шығарылған арнайы компьютерлік бағдарламаны қолдана кәсіби бағыттау бойынша тестілеуді ұйымдастырумен, қаржыландырумен балаларға бірнеше жыл бойы көмектесіп келе жатқан «Сәби» Қоры.

Өз-өзін нақтырақ түсінгісі келетін әр кезеңге кемінде 70 адам жиналады. Ақпан айының баспалдағы – мектеп бітірудің алдында соңғысы болып келеді, дәл соның өзі түлектерді таңдаған болашақ мамандығына қатысты ақырғы шешіміне әкеледі.

Болашақ гранттары

By | «Білім беру» жобасы

Болашақ гранттары Осы жылы Білім жобасы мен Жас дарындарды қолдау « лем» бағдарламасының аясында берілетін «Сәби» Қайырымдылық Қорыныңгранттары бойынша Алматы қаласы және басқа аймақтардан 49 студент орташа және жоғарғы оқу орындарында оқып жатыр.


Оқуға енді түскен студенттердің әрбіреуі алғашынан бастап оқуға бейімделіп және алып жатқан білімін судай сіңіре бермейтіндігі өзіміздің жұмыс тәжірибемізден белгілі. Мектепті енді бітірген оқушылар, үйреніп қалған өмір қалпынан шығып, арқасына түскен ауыртпалықпен жауапкершілікті әрең көтере жайсыздық сезімінде болып жүр. Өкінішке орай басында оқуды тастап кететіндер де болады. Сондықтан біз бейімделуге уақыт беріп балапандарымызды 1 қыркүйектен емес сәл кейінірек санай бастадық.
 
Қазір қарашада «грантиеленушілері» біздің Қорымызға жүзіндегі қуанышымен келіп өздерінің жаңа ахуалдағы оқуы туралы қызықты ой-пікірімен бөліскенде, біз әрбіреуін қызыға тыңдап иегерлерге таңдаған мамандығын алуға және өзінің жеке өмір жолын табуға мүмкіндік беретін біздің білім гранттарымыз қаншалықты маңызды және өзекті екенін түсінеміз.



Жас ұрпаққа еш күдіксіз дарындылығын көрсетіп тапжылмай білімге ұмтылуларына тілектеспіз.

Өз өзіңе сенімді бол

By | «Білім беру» жобасы

Өз өзіңе сенімді бол Жоғарғы сыныптарда оқитын оқушылардың әр қайсысы мектепті тамамдаған уақытқа жақын кезде болашақта қандай мамандықты таңдау туралы шешімнің алдында болады. Көптеген жағдайларда жастар мамандықды өздерінің қалауы бойынша емес, ата-аналары немесе достарының айтқан кеңестеріне сүйенеді. Өкінішке орай осылай жасаған таңдау әр кезде дұрыс болып жатпайды. Cоның арқасында оқу орнын бітіргеннен кейін берілген дипломы шкафтың ішінде шаңданып жатады, ал жаңа піскен қызметкер өз тағдырын мүлдем басқа салада тәуекел етеді.

Мамандықты таңдау – түлектердің болашақ өмірлеріне тікелей әсер ететін және алдарына қойылған ең маңызды сұрақтардың бірі болып келеді. Сондықтан «Сәби» Қоры жыл сайын Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағыттау бойынша компьютерлік тестілеуді 2 кезең бойы қазан және ақпан айларында ұйымдастырып отырады. Балалар өздерін сынап көргісі келеді және өздерінің таңдаған жолының дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін осындай бастамаға үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарайды. Ломоносов атындағы МҰУ-мен жасалған компьютерлік бағдарлама қатысушыларға болашақ мамадықтарын таңдауға нақты ұсыныс беріп оған қоса қабілеттерін жетілдіріп ЖОО-ны түсуге дайындалуға кеңес береді.

Бірнеше күннен кейін тестілеудің 1 кезеңі басталады, тестілеуді өтіп болғаннан кейін балаларымыздың әр біреуі шын сеніммен «Мен … болғым келеді» деп айтатына сенеміз.

БҰТ – марафоны – ұпай бәйгесі

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ - марафоны - ұпай бәйгесі Жаңа оқу жылының алғашқы қиын апталары, яғни көңіл – күйсіз, белсенді мектеп өмір ағымына кіру ауыр күндер артта қалды. Барлық балалар оқуға бел буа кірісті, енді оларға академиялық ауыртпалықты көбейтуге болады.

Сондықтан, дәл қазір қазан айынан бастап жыл сайын «Сәби» Қорымен Алматы қаласының балалар үйлерінде тәрбиеленетін он бірінші сынып оқушыларына ұйымдастырылатын БҰТ тапсыруға 8 – айлық дайындық курсы басталады. Бұл сабақтар болашақ түлектерден мол зейінділік пен қайырымыдылықты талап етеді, өйткені олар оқу орталығында аптасына 2-3 рет келіп кетуден басқа үй жұмысын орындау керек. Сонымен қатар мектептіңде талаптарын орындау керек.

Болашақ талапкерлерді бұндай қиыншылықтар қорқытпайды. Керісінше олар білімін жетілдіруге бар күшімен салып ұмтылуда және БҰТ жақсы балл алуды армандайды. Өйкені бұл олардың ЖОО-дың студенттер қатарына косылып, жоғарғы білім алып сондай және еңбек нарығында лайықты орын алатын жалғыз үміті.

Бағдарламаға қатысу үшін, Қордың іріктеп алған қыздары мен ұлдары өздерінің БҰТ марафонын бастайды. Қайраттылығын жоғалтпай соңына дейін алдына қойылған мақсаттарына жетуге тілектеспіз.

Русский

Қазақ тілі

English