Category

«Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезең

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші кезеңКөктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім қабылдамаған түлектер үшін, мамандық таңдап шешім қабылдауға өте аз уақыт қалды.

«Сәби» қорының білім беру жобасы аясында осы аптада кәсіби бағдарлы балалар ұйымдарының 42 тәрбиеленушісіне демеушілік жасау мақсатында тестілеудің 2-ші кезеңі өткізілді. Бірінші кезең өткен жылдың қазан айында өткен болатын.

Балалардың айтуынша, арнайы тестілеуден өте отыра, олар болашақ дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болған, және олардың мамандықты таңдап жоғары оқу орындарына түсуі үшін кәсіби психолог тің кеңестері көп септігін тигізген.

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай тестілер олардың белгілі бір қызмет саласына деген қызығушылығын және бейімділігін, сосын естімеген мамандықтарды танып өзінің армандаған кәсібі бойынша мектеп бітірушілер болашағын білуге көмектеседі.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағы 33 балаға өздерінің болашақ мамандығы бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектесу біздің ойымызша зор маңызын тигізеді. Өйткені ол келешекте өмір сүру сапасына әсер етеді. Сондықтан қор жыл сайын екі кезеңнен тұратын кәсіби тестілеу жүргізіп отырады.

Жақында тестілеудің 1 кезеңі аяқталды. Тестілеу арнайы Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де шығарылған компьютерлік тәсілі бойынша «Сәби» Қорының Білім беру жобасының аясында ұйымдастырылған.

рбір баланың таңдаған мамандығы арқасында өмірі қызықты сәттерге толық болуына тілектеспіз.

Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен

By | «Білім беру» жобасы

Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа күшпен Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде өткізілетін бірінші кезең нәтижесі бойынша, түлектер орта білім алғандығы туралы куәлік алады. Ал емтиxанның екінші кезеңі еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін негіз болады.

Мектеп түлектері үшін ҰБТ – олардың болашақтағы мамандықтарын және жоғарғы оқу орнын анықтайтын жауапты да маңызды қадам. Ал емтиxан тапсырудың жаңа үлгісінен алғашқы боп өту – екі есе көңіл толқытарлық жағдай.

“Сәби” Қоры Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардың балалар интернатына бітіру және қабылдау емтиxандарына дайындалуға көмек көрсетеді. Бұл үшін Қор өзін сенімді серіктес ретінде танытқан “Достық” білім беру орталығында білім беру жобасы аясында 1-қазаннан бастап 8 айлық ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастырды.

Біз, 2016-2017 оқу жылының көлемінде қамқорлығымыздағы түлектердің аралық тестілеу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісіп отыратын боламыз және олар емтиxанды лайықты түрде тапсырып өздеріне жұмсалған күш пен артылған сенімді ақтайды деген үміттеміз.

Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды

«Адам баласы мамандық таңдар кезде белгілі бір кажеттіліктерге байланысты емес, озінің жүрек қалауымен тандағаны дұрыс»
Али Апшерони

Жақында «Сәби» Қорының жыл сайын Алматы қаласындағы балалар үйлерінің түлектеріне ұйымдастыратын кәсіби тестілеудің 2-ші кезеңі аяқталды. детте бұл кезең ақпан айында жүргізілетін, бірақ бұл жылы оқу орталығының әкімшілік себебі бойынша тестілеу наурыз айына көшірілді.

Алайда бұл өзгеріс керекті нәтижелерді алуға кедерегісін тигізген жоқ. Болашақ мамандығы бойынша сәйкестігін және өзінің бейімділігін тексергісі келген 49 бала бір сағаттан астам уақытта Ломоносов атындағы ММУ-мен арнайы құрастылыған компьютерлік бағдарламаның сұрақтарына жауап берді. Аса қуантқаны, балалардың жеке кәсіби артықшылығы тестілеудің ұсынылған мамандықтарымен сәйкес келді.

Енді оқушылардың алдына қояр мақсаты – өздерінің икемін арнайы дайындалған жеке даму жоспарымен алға ұмтылу болып табылады. рине, таңдаған мамандық жоғарғы оқу арындарына сеніммен түсу үшін, ЕНТ-де тапсыратын пәндерімен әлі де жұмыс істеу керек.

Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби бағдарды анықтауға арналған тестілеу – 2015, 1-кезең Өткен аптада алматыдағы балалар үйінің тәриеленушілеріне біздің Қорымыздың жыл сайынғы ұйымдастырумен Білім беру бағдарламасы аясында өтетін кәсіби бағдарды анықтау тесті жүргізілді.

Балалардың мамандық таңдауға, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, мінезін анықтауға жылдағыдай Ломоносов атындағы ММУ арнайы мамандары даярлаған компьютерлік бағдарлама көмектесті.

Қазан айындағы алғашқы этап балаларға болашақ мамандықтары туралы кеңес беріп, мектеп түлектеріне ҰБТ кезінде таңдаған мамандығы үшін қай пәнге баса назар аудару керектігін түсіндіріп өтті.

Ақпан айында өтетін тестілеудің балалар екінші кезеңін асыға күтуде. Сол кезде «Кім боламын?» деген сұраққа олар анық жауабын алады деген сенімдеміз.

Мемлекеттік гранттар алынды!

By | «Білім беру» жобасы

Мемлекеттік гранттар алынды! Көп күткен мемлекеттік оқу гранттар иелерінің аттары белгілі болды.

Жыл сайын «Сәби» Қорымен Білім беру жобасының аясында өткізіліп отыратын, БҰТ дайындық курстарына қатысқан алматы балалар үйінің түлектерімен және интернаттың балаларымен бізде олармен бірге, байқаудың нәтижелерін асыға күттік. Өйкені өткізіп отырған сабақтарымыздың басты мақсаты мемлекеттік грант алу, сондай ақ бұл байқаудың тиімділігін көрсететін ерекше баға.

8 айлық оқудан өткен балалардың үштер бірі мемлекеттік гранттарына ие болғанын қуана хабарлаймыз.

Жаңа оқу жылы басталуының алдында ЖОО-ның болашақ студенттері күш жинауда, ал біз болса кезекті БҰТ дайындық курстарына қатысатын жаңа қатысушыларды қабылдаудамыз.

«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл

By | «Білім беру» жобасы

«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл Алақай-алақай! Біздің Қордың күшімен ұйымдастырылған ҰБТ-ға арнайы дайындықтар курсы емтихандармен аяқталды! Біз олармен тестілердің қорытындыларын аса құштарлықпен күткен болатынбыз, енді міне балалардың барлығы дерлік шектік ұпайдан өтті. Ең бастысы жетімдер үйінің және интернаттың түлектерінің 8 ай бойы дайындықтары зая кетпеді. Кейбір балалардың таңдаған ЖОО-ның мемлекеттік грантына ілінуіне де мүмкіндік туылып отыр.

Осының бәрі «Білім беру» жобасының аясында «Сәби» Қорымен бірнеше жыл бірлесіп жұмыс атқарып отырған оқу орталығын ұстаздарының тәжірибесіның және арнайы күрделендірілген бағдарламаның арқасында мүмкін болды.

рине бір жыл шамасындағы уақытта балаларға да қиын болды. Мектептегі оқумен бірге қосымша сабақтар кәдімгідей салмақ түсіріп, бос уақытты да қалдырмады. Алайда, «оқу қиын болса да, жемісі тәтті» демекші – басынан аяғына дейін оқыған оқушылардың 86 пайызы ҰБТ-ні жақсы нәтижемен бітірді!

Қош бол мектебім, алда – ҰБТ

By | «Білім беру» жобасы

Қош бол мектебім, алда – ҰБТ Көптен күткен соңғы қоңырау еліміздің әрбір бұрышынан сыңғырлап, енді кешегі оқушыларға күрделі сынақ – бірыңғай ұлттық тестілеу алда күтіп тұр. Бес пәннен құралған 125 сұрақ оларға енді ересек өмірдің есігін ашпақ.

Алматы қаласының жетімдер үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған БҰТ-ге 8 айлық дайындық курстары мәресіне жетті. Аталған дайындық курста жыл сайын Алматы қаласындағы оқу орталығының негізінде «Сәби» Қайырымдылық Қорының қаржыландыруымен ұйымдастырылды.

Өз тарапымыздан біз қамқорымыздағы балалардың тестілерді жақсы тапсырып, қалаған оқу орындарына түсуіне барынша ат салыстық. Енді
Емтихандардың кезеңін аса қызығушылықпен күтіп, нәтижелер үш мәнді сандар болатынан қатты үміттенеміз.

Біз ҰБТ-ден қорықпаймыз

By | «Білім беру» жобасы

Біз ҰБТ-ден қорықпаймыз Оқу жылының аяқталуына және де Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің басталуы да жақындап келеді.

«Сәби» Қорының төлеп жатқан дайындық сабақтарына қатысып жүрген біздің қамқорлығымыздағы интернатпен балалар үйлерінің балдары ҰБТ дайындықтың соңғы кезеңіне жетіп қалды. Қазір олар өміріндегі басты емтихандарына ерінбей дайындалуда бір жағынан олар 11 жыл ішіндегі алған өз білімдерін тексеріп сонымен қатар ЖООна қабылдау тестілеу.

рине күнделікті мектеп оқуымен қосымша оқудың қатарлас келгені қиын. Бірақта тұрақты аралық тестілеуде қатысушылардың үлгерімі ай сайын жоғарлап жатқанын көрсетуде және де ҰБТ армандаған ұпайын алу қолынан келетін мақсат.

Кәсібитестілеу – 2015

By | «Білім беру» жобасы

Кәсібитестілеу – 2015 Ақпан айында Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнайы өткізілген екінші кәсіби бағдар тестілеуі аяқталды. Тестілеулер Санкт Петербург кәсіподағының Гуманитарлық университетінің Алматы қаласындағы бөлімшесінде өткізілді.
р қатысушы қолына тексерудің толықтай талдауымен есептемесін алды, соның нәтижесімен кәсібитестілеудің маманы әрқайсысымен жекеше әңгімелесіп мамандықты таңдау жөнінде керекті мінездемесін берді.
Жыл сайын «Сәби» Қорының өткізіп отыратын компьютерлік кәсіби тестілеуі жақсы нәтиже әкеліп отыр. Сол тестілеуден өткендердің шамасымен 70% ақылды бағдарламаның іріктелген мамандарына түсіп жатқанын өткен хабарламаларда айтып кеткенбіз.

Русский

Қазақ тілі

English