Monthly Archives

April 2017

“Сәби” Қоры жайында

By | Жаңалықтар

Мен неге қайырымдылық жұмыстарымен айналысамын және қорды қандай мақсатта аштым? Маған осы сұрақтар жиі қойылады.
Біздің қоғамда қайырымдылық тек пиар үшін жасалады немесе жеке басынан өткергендей қиыншылықты өзгелер көрмесін деген ниетпен жәрдем етеді деген қате пікір қалыптасқан.

Мен үнемі қоғамға пайдалы болуды іштей қажетсінемін. Отбасым мен жақындарымның ғана жанынан табылғаным маған аздық етеді. Сондықтан да қайырымдылықпен айналысамын. Тіпті, сырт көздің мақтауы мен пікіріне мұқтаж емеспін. Барлығын өзімнің ішкі-дүниемнің тепе-теңдігі үшін жасаймын.
лбетте, бұл қысқа уақыттық қызығушылық емес. Қорда өткізген 15 жыл уақыт қайырымды іске деген құлшынысымды жоғалта алмады. Бұл – ғұмырлық жұмыс деп ойлаймын. Ауру-сырқау жандарды дертінен айықтырар қасиетке ие емеспін, балалық шақтың қызығына қана алмаған жетім-жесірдің жадындағы ауыр естеліктерді де жоюға күшім жетпейді. Тек тағдыры қилы жандардың өмірін жақсартам деген үлкен ықылас пен сенім бар.

Қазір 15 жылдың ішінде атқарылған игі істер мен қор жұмысының келелі еңбегін сөз етуді жөн көрмедім. Бұл бастаудың нәтижесі мен қажеттілігін уақыт көрсететініне сенемін.

Өз байқағанымды айтар болсам, жылдар бойы жасалған қайырымдылық жұмыс маған көп нәрсе берді. Бейтаныс жандардың өміріне жақсы жағынан ықпал ету, кез-келген ауыртпашылықты бөлісе көтеру, адамгершілік пен мейірім – өмірге өзгеріс енгізеді. Міне, осы секілді сезім менің өмірімді толыққанды әрі жарқын етеді, жан тыныштығын сыйлайды.

«Сәби» Қоры – менің бір бөлшегім. Осы уақытқа дейін көңілімді қалдырған емес. Менің ең батыл деген шешімдерім мен идеяларымды жүзеге асыра білді. Қорымыздың өміріне қатысы бар барша жандарға, достарға, меценаттар мен демеушілерімізге алғысым зор!

Сондай-ақ, сенімді әрі бірлігі мықты командама ерекше алғысымды білдіремін!

Сіздермен бірге, сел Тасмағамбетова.

“Әлем” Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастыруда

By | «Әлем» бағдарламасы

" лем" Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастырудаЖас дарындарды қолдайтын ” лем” бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар аудартқан жас талант Павлодар қаласының тумасы Омар Қуанышев.

Омар қазір К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатында оқиды. Алдағы уақытта ол оқуын П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында жалғастыруды армандайды.

Жас музыкантттың шеберлігіне баға беру танымал музыкант Еркебұлан Сапарбаевқа, сонымен қатар біздің тұрақты сарапшымыз Ренат Гайсинге ұсынылған болатын. Омар аспапты қолға алғаннан-ақ әділқазы алқаларын өзіне қаратып, танымал туындылардың жылдам және қиын бөліктерін жоғары деңгейде орындауының арқасында оң бағаға ие болды. Жас скрипкашының өнерін тамашалағаннан кейін қазақстандық танымал музыканттар бір шешімге келді – ол өз бойындағы таланты мен қабілетін ұштай беруі керек.

Осы үшін де “Сәби” қорының басшылығы Омарды ” лем” бағдарламасының қатысушылары қатарына қосып, оның П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білім алуына көмектесуге шешім қабылдады. Армандар міндетті түрде орындалуы керек!

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Русский

Қазақ тілі

English