Monthly Archives

November 2016

«Сәби» Қоры Атырау қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады.

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Сәби» Қоры Атырау  қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады. «Сәби» Қайырымдылық Қорының бірден-бір мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасап, үлес қосу. Осы орайда біздің қор Қазақстанның әрбір қалаларында балаларға арналған сапалы әрі заманға сай ойын алаңын салу жұмысына кіріскен болатын. Бүгінде ойынға және спортқа арналған 35 нысана эксплутацияға жіберілді. Демек, бұл жоба 1000 балақайдың өз уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жәрдемін тигізеді деген сөз.

2016 жылдың қараша айында «Спорт – денсаулық – жетістік» атты жоба аясында, спорт және ойын қалашығын салу жөнінде Атырау қаласының әкімшілігімен бірге меморандумға қол қойылды. Ойын алаңының мекенжайы Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде (19) орналасады деп жоспарлануда.

Ал 2017 жылдың мамыр айында аумағы 2000 шаршы метрді алатын Атырау қаласының кішкентай тұрғындары мен жасөспірімдері үшін жаңа әткеншектер мен арқандар, сырғанақ пен брусья, шынығуға арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған спорттық ойын кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл кешенде қимыл-қозғалысқа мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де арнайы жасақталған аумағы бар.

Бұл жоба қала үшін ғана емес, қор үшін де ерекшеленбек. Себебі, кешеннің дизайны жалпылама түрде емес, авторлық жұмыс ретінде халықаралық «КС Л» компаниясымен бірлесе отырып жасалған. Алаңқай жұмысын жоспарлау барысында да жергілікті және шет елдік стандартқа сай сақтық шаралары ескерусіз қалмады. Балалар ойын барысында жарақаттанып қалмас үшін жерге резина төсемелер орнатылған.

Объектінің жобаланған құны – 70 000 000 теңге.

«Әлемдіктің» алғашқы рөлі

By | «Әлем» бағдарламасы

 « лемдіктің» алғашқы рөлі 17 қарашада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Сәби» Қорының « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының қатысушысы – Азамат Малышов сахнада алғашқы рет жеке рөл орындады.

нші Турандот операсының Мандарин партиясын тамаша орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Азамат үшін 2016 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жылы Қазақ ұлттық консерваториясын «вокал» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар студент бола тұрып өзінің вокалдық шеберлігін театрдың хорында арттырып, солистердің қатарларына қосылды.

Біз өз тарапымыздан «әлемдікке» армандаған рольдерін орындап, қойылымдары тек қана аншлагпен өтуіне тілектеспіз.

«Өз ісіңді жаса» байқауы ашық деп жариялаймыз!

By | Жаңалықтар

2016 жылдың 14 қарашасынан бастап жыл сайын өткізілетін «Өз ісіңді жаса» байқауына өтініштер қабылдана бастайды.

http://entrepreneur.old.saby.kz сайтына кіріп байқаудың шарттарымен толығырақ танысып және өз видеоөтініштеріңізді жібере аласыздар.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер Алматы қаласының Наурызбай ауданы Ақжар селосындағы 1200 орынды орта мектептің жобасында құрылыс жұмыстарының 70 % дайын.

Желтоқсан айының басында әрлеу жұмыстарына кірісу үшін қаланың орталандырылған жылу жүйесін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан сыртқы және ішкі бөлмелерді тұрғызуын тездетіп жатырмыз. Оған қоса шыныпакеттер мен радиаторларды барлық 10 блоктарға орнатып жатырмыз.

Құрылыс кезінде мердігерлер тек қана сапсаы жоғары әрі экологиялы таза жергілікті материалдарды қолдануда.

Құрылыс жүрісін көру үшін сілтемені басыңыз

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1 кезең Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай тестілер олардың белгілі бір қызмет саласына деген қызығушылығын және бейімділігін, сосын естімеген мамандықтарды танып өзінің армандаған кәсібі бойынша мектеп бітірушілер болашағын білуге көмектеседі.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағы 33 балаға өздерінің болашақ мамандығы бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектесу біздің ойымызша зор маңызын тигізеді. Өйткені ол келешекте өмір сүру сапасына әсер етеді. Сондықтан қор жыл сайын екі кезеңнен тұратын кәсіби тестілеу жүргізіп отырады.

Жақында тестілеудің 1 кезеңі аяқталды. Тестілеу арнайы Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де шығарылған компьютерлік тәсілі бойынша «Сәби» Қорының Білім беру жобасының аясында ұйымдастырылған.

рбір баланың таңдаған мамандығы арқасында өмірі қызықты сәттерге толық болуына тілектеспіз.

Русский

Қазақ тілі

English