Monthly Archives

June 2016

«Әлем» түлектері -2016

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» түлектері -2016 Жас дарындарды қолдауға арналған «Алем» бағдарламасының оқу гранты бойынша осы жылы журналистте, музыкантта, инженерде,
техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандық иелері оқуын
тәмамдамақшы. Бірден « лемдік» 10 дарынды жас өмірдің жаңа баспалдағына өз ісінің маманы ретінде қанат қағып, университет қабырғасымен қоштаспақшы.

« лемдіктер»
қатарында жүрген кезде олар өздерінің керемет қабілеттерімен көрініп,
әр түрлі университет қабырғасындағы шараларға, халықаралық
фестивальдермен олимпиадаларға қатынасып, театрда өнер көрсетіп,
телевизиялық бағдарламаларда жұмыс жасай білді.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының атынан, біз түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіне қарай
өнбегі. Сондықтан барлықтарыңыз еңбек даласында өз орындарыңызды тауып,
еліміздің ертеңі үшін өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!

Петропавловск қаласында жаңа спорт нысаны салынды

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Алдында айтылып кеткендей Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға арналған ойын алаңы пайдалынуға берілді.

Жұмыстарды
мамыр айында бітіруге жоспарлағамбыз, бірақта бүкіл Қазақстанды
таңқалдырған қолайсыз ауа райының салдарынан кешірек бітіруге мәжбүр
болдық.

Бейімдеу орталығының кішкентай тәрбиелушілері
веложаттықтыруы, әткеншектері бар, ойын кешенімен және қауіпсіз резеңке
төсемі төселген ойын алаңын сыйлық ретінде тартты.

Бұл «Сәби» Қорымен Спорт жобасының аясында салынған 33 нысан.

Алтыншы ақындар мүшайрасының қорытындысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Алтыншы ақындар мүшайрасының қорытындысы Жыл сайын «Сәби» Қорымен жарияланатын мемлекеттік тілдегі Алтыншы ақындар мүшайрасының қорытындысы шықты.

Шығармалық сайысқа өтініштер еліміздің әр түкпірінен келді. дебиет саласындағы бас сарапшы ретінде танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды.

Жас ақындарымыздың ішінен осы жылы біздің сарапшымыз тек қана бір қатысушының ақындық қабілетін жоғары бағалады. Бұл Қызылорда облысының Қазалы ауданы, Қожабақы ауылының тұрғыны, №25 мектебенің 10 сынып оқушысы – Бөкебай Дина. Сарапшымыз жас ақын қыздың техникалық сөз саптауын ғана емес, оған қоса дүниеге деген көзқарасының кеңдігін және поэзия мағынасының тереңдігін меңгергенін айтты.

Сонымен Бөкебай Дина ақындық байкауымыздың жеңімпазы болды және бас жүлде ретінде оған ноутбук табыс етіледі. Оған қоса келесі жылы «Сәби» Қорының « лем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасының аясында білім грантының иегері болуға тамаша мүмкіндігі бар. Төменде Динаның шығармаларының бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Аспанды аңсау

Қиялилар аспан жақтан қашқан жоқ,
Тартылыстың күшіне бар зор үлгі:
Талпынсам да, маған төсін ашқан жоқ,
Үйретті тек, Аспан ақын болуды.
Айда жүріп қыс өткерген, күз көрген,
Жұлдыздардан тізбектелген иірімше.
Аңсап-аңсап қоя салған біздерден,
Ғарышкерлер бақыттырақ мейілінше.
Жолдар, жолдар сағым болып сіңулі,
Суық болып көрінеді тыстан өң.
Самолетке қаламас ем мінуді,
Көбелек те, болмадым-ау құс та мен.
Аппақ түске малшынатын, қарасыз,
Будақ-будақ жол қалдырып еңіске.
Ұша алмаймыз, пенде біткен шарасыз,
Өйткені тек ұша алады періште!
Күтер жанмын әлі де үміт, әлі нұр,
Тілдесейік, Аспан, ұшар бер үкім.
Кім ұшса да, кім көрсе де бәрібір,
Анау аспан менікі…
Қанат іздеп теңіз кешіп, бел асқан,
Біз сырласпыз, мені өзіне қабылдар.
Мен аспанды …мекен еткен мені аспан,
Өйткені онда көрінбейтін Тәңір бар.
Ойсыз өткен сәттер қанша, мұнар күн,
Құшағыңды ашпағанды балап сыз.
Аспан жақты ұмытатын шығармын,
Қанатсызбын…қанатсыз!

Әлеуметтік жатақхананың салынуы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбедегі балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхананың құрылысы қарқынды өтуде.

Өткен төрт айдың ішінде жобаның ЖСҚна және сыртқы тораптың ЖСҚна комплексті идарадан тыс сараптамадан жағымды қорытынды алынды. Жергілікті ГАС-те құрылыс-монтаждың жұмыстарын іске қосуға байланысты тиісті ескертулер тіркелген. Жерді өсімдік қабаттарынан тазартып , аумақты берілген шекарада қоршау орнатылды, қажетті қуат мөлшерінде уақытылы байланыс жасау жұмыстары жүргізілді.

Барлық шұңқырлармен бетон дайындау жұмыстарын жобалау 100% жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылғының негізгі жұмыстары және басты кеңселік ғимаратпен 4 тұрғын үйдің іргетасы қаланып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Математика жыл бойы

By | «Әлем» бағдарламасы

Математика жыл бойы Кезекті оқу жылы бітті және жазғы демалыс басталды. Мектеп оқушылары өздерінің жазғы демалыстарын алдын ала жоспарлап да қойды.
«Сәби» Қорымен ұйымдастырылған алғыр математиктер курстарына барып жүрген балалар былтырғыдай жазғы демалыс айларында қосымша сабақтарына қатысуға шешім қабылдады.
Тәжірибеде көрсетілгендей балаларға жыл бойы ауыртпалық ондай да қиын емес. Керісінше математика оларға күнделікті қажеттілік болып табылады. Дегенмен оқушылар сабақтарына қарамастан демалыс сапарларына аттанып күндерін жақсы өткізіп үлгеруде.
Математикалық курстар «Сәби» Қорымен « лем» Жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында 2014 жылдан бастап қаржылануда.

Русский

Қазақ тілі

English