Monthly Archives

March 2016

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды

By | Медициналық жоба

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды №02 клиникалық балалар ауруханасы «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан бенефициары. 2007 жылдан бастап біздің Қор бұл мекемеге бірнеше рет көмек көрсетті: бұл жерде біз бөлмерде жөндеу жұмыстарын өткіздік, ойын және оқу бөлмелерін толық жабдықтадық, арнайы жиһаз және құрал-жабдықтар сатыл алдық, оған қоса керекті медициналық жабдықтар алдық.

Қазіргі кезде ауруханаға мемлекет тұрақты қаржылай қамтамасыз етіп жатыр және аурухана жақсы жабдықталған. Бірақ та орталық жүйке жүйесінің және бұлшықет тонусының функционалдық жағдайын және невропатологиялық аурулардың диагностикасын жасайтын электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеу жасайтын арнайы аппарат сынып қалған.

Мемлекетік сатып алу системасы бойынша сатып алу көп уақыт алады. Оған қоса жеткізу мерзімі екі айдай уақыт алады. Бұл жабдық қатты керек болып тұр. Сондықтан «Сәби» Қайырымдылық Қоры медициналық жобасының аясында №2 БҚКА «Нейрон-Спектр-4/П» и “Нейрон-Спектр Видео” компьютерлік комплекс сатып әперуді жөн көрді.

Тапсырысты жеткізушілермен келісім шарт жасалынды. Сөйтіп жаңа ЭЭГ аппаратын жазда іске қосуғы ықпал етеді.

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері

By | Ұлылардың дана сөздері

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы. Классикалық даоцизмнің философиялық трактаты «Дао Дэ Цзин» («Жол мектебі мен табиғи күш атты кітап») соның еңбегі деп есептейді, бірақта бұл адамның тарихилығында замануи ғылымның өкілдері күдіктенуде.

Лао-цзы Конфуцидің замандасы және оның қарсы пікір білдірушілері болды, сонымен қатар одан да кем емес қытай мәдениетінің данагөйі. Алайда Лао-Цзыдің тарихилығы күмән тудырсада, даос мектептерінің ішіндегі оған деген құрметін асыра мадақтау мүмкін емес.

Дао ілімін үйренуші шәкірттердің арасында кең тараған Лао –Цзының нақыл сөздері:

Шындық туралы: «Білімді сөйлемейді, ал сөйлеуші білмейді».

Білім туралы: «Білім жоқ, сол үшінде мен ештеңені білмеймін».

Тартыншақтық туралы: «Бұл ізгілікке жетудің алғашқы баспалдақтары, және де адамгершілікке жетудің бастауы».

Өмір туралы: «Адам дүниеге келген сәтінен бастап өледі».

Күш-қайрат жөнінде: « лсіздер мықтыларды жеңе алады».

Өзімшілдік жөнінде: «Егер сіз өз жеңісіңізді біреулердің қолдауымен немесе талқылауымен өлшейтін болсаңыз, сіздің қорқынышыңыз мәңгілік болады».

Соғыс туралы: «Жауың жоқ болса, соғыста болмайды».

Жақсылық пен жамандық туралы: «Жақсының шыныменде жақсы екенін бәрі білген кезде, оған деген зұлымдық туындайды».

Сөзуарлық туралы: «Кім көп сөйлесе, сол алдынан шыққан келеңсіздіктерге төтеп бере алады».

Өмір жөнінде: «Ол өте қысқа, сол себепті уақытты жоғалтпау керек, керісінше одан ләззат алу қажет».

Құрметті қазақстандықтар!

By | Жаңалықтар

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Наурыз мерекесін дәстүр бойынша той думанмен, әр-түрлі мерекелік шаралармен тойланады және туған-туысқандар бір-бірімен көрісіп жөн сұрасады. Осындай мереке күнінде ескі реніштер кешіріліп, жақсы тілектер айтылады.

Зор денсаулық, ашық аспан, тамаша көңіл-күй және әрқашанда табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!

рқашанда сіздің «Сәби» Қорыңыз»

«Әлемдік» АҚШтың беделді киномектебін бітірді

By | «Әлем» бағдарламасы

« лемдік» АҚШтың беделді киномектебін бітірді 2012 жылы бірінші халықаралық білім грантын «Сәби» Қорының « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы арқылы жеңіп алған «әлемдігіміз», Медет Шаяхметов туралы бірнеше рет жаздық.

Міне енді New York Film Academy оқу орнында 3 жыл оқып «Кинорежиссер» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, Медет әлемнің беделді киномектебінің түлегі атанды!

22 жасында жас режиссер қомақты шығармашылық тәлім алды. Ол әйгілі қазақстанның әртістерімен жұмыс істеді, өз елінде «Q-елі» атты күлкілі сериал түсірді. Ресей әртістерімен бірігіп бірнеше жобалар іске асырды. Сосын ақпанның соңында «ең үздік қысқаметражды фильм» номинациясы боынша АҚШта «Sedona» атты халықаралық кинофестиваліне қатысты. Ешқандай марапатқа иеленбесе де, өзіне керекті тәжірибе мен шығармашылық ой-өріс жинады.

Медетке болашақта табыстарға жетіп және мансабын арттыра берсін дегіміз келеді.

Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Қазіргі сәтте ірге тасын құру бойынша барлық жұмыстар аяқталды, астыңғы қабаттың қабырғалардың және тақта жабының бетондау және арматуралау жұмыстар 60 %-ға жасалынды.

«Сәби» Қорының Өркендеу жобасының аясында тұрғызылып жатқан Алматы қаласындағы 1200 орынды мектебінің құрылысында, бетонның сапасына ерекше көңіл бөлінді және монолит жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаудың қатаң бақылауымен атқарылып жатыр.

Халықаралық әйелдер күнімен!

By | Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күнімен!

Қадірлі ханымдар, шын жүректен сіздерді 8 март меркелеріңізбен құттықтаймыз!

Осы және кейінгі күндеріңіз ең жылы және жарқын сезімге толы болсын.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, бақытты болыңыздар, сүйікті болыңыздар.

Бар қиыншылықтар сіздерден және жақындарыңыздан аулақ жүрсін. Өйткені өмірді сәнімен, нәзіктілігімен және үйлесімділігімен толтыратын сіздер!

рқашанда сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы

By | Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы Назарларыңызға «Өз бизнесіңді жаса» 2015-2016 байқаудың қорытындысы ұсынамыз.

Жеңімпаздарды марапаттаудың қарсаңында жобаның демеушілері Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким баршаға күтпес хабар берді, жалпы жүлде қорын 50 000 долларға, яғни 250 000 АҚШ $ дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.

100 000 доллар шамасындағы басты грант екі қатысушыға маңдайына жазылды. Нәтижесінде Алматы қаласының медициналық жаттығу құрылғысының жасау S-med жобасы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/810) және Көкшетау қаласының жылу жолдарына арналған құбырлардың өндірісі (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/584) 50 000 доллардан әрқайсысы ие болды.

Екінші дәрежелі гранттар 20 000 доллардан 25 000 долларға дейін ұлғайды.

Сонымен, 25 000 доллар жүлдесін ұтып алған 5 финалистер тізімі:

1. Кuntech – геллиоколлекторлардың өндірісі, Астана қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/939)
2. «Теплая» дизайн студиясы, шеберханасы, г. Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1257)
3. «ESCO» энергия үнемдеу жүйесі, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1182)
4. Нан әркімге, Қапшағай қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/843)
5. «Көже» ұлттық сусынның өндірісі, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/721)

Байқауды ұйымдастырушыларынан 25 000 доллар мөлшерінде ынталандыру грантын, шорт листке өтпеген , бірақ зор үміт күттіретін және ауқатты екенін дәлелдеген жоба: Алматы қаласынан «SAR» тестілеудің нәтижелерін талдау жүйесі (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/824) ұтып алды.

Сөйтіп жалпы гранттың саны сегіз болды: 50 000 АҚШ доллардан екеу және 25 000 АҚШ доллардан алтау.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қосымша «Сәби» Қорының қаржылай емес қолдауына келесі жобалар ие болды:
1. «Consilio» Студиясы, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1063) – 1 жылға ақысыз жалға тұрғын емес үй-жай беріледі және «Сәби» Қорына әлеуметтік бейне ролик түсіруге тапсырыс алды.
2. «Dream Big» балалар киімінің брэнді, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1133) – 1 жылға ақысыз жалға тұрғын емес үй-жай беріледі.
3. FACEFITNESS.KZ, Астана қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/663) –BOULEVARD журналында тегін жарнамалық тармақ орналастырады.
4. «Өмірдің дәмі», Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/773) – «О! кафе» атты пайдалы тамақтану кафесімен ынтымақтастық жұмыс жүргізуге келісім-шарт жасасты.
5.– Арқалық қаласындағы балалар аттракцион паркі, Қостанай облысы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/783) – сыйлық ретінде «Сәби» Қорының достарынан жаңа аттракционға ие болады.
6. «Балалар» атты анимациялык топтамасы, Алматы қаласы (http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/1118) – Жобасын дамуына, дыбыстандыруына және саундтрек жазуына көмек алатын болады.

Барлық жобаларға, байқауға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және өз ісінің қалыптасу жолында табыс тілейміз!

ФОТОСУРЕТТЕРДІ МЫНА ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

«Өз бизнесіңді жаса» атты (одан кейін «ӨБЖ») байқау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

«ӨБЖ» байқауы қашан өткізіле бастады?
– «ӨБЖ» байқауы 2014 жылы іске қосылды

Байқаудың ұйымдастырушысы кім?
– Қазіргі сәтте басты ұйымдастырушы болып Кеңес Рақыш (Singulariteam) және Вячеслав Кимнің (Каспибанк) қаржылай қолдауымен «Сәби» Қоры саналады.

Байқау қандай мерзімде өткізіледі?
– Байқау жыл сайын әдеттегідей қараша айынан бастап наурыз айына дейін өткізелді, нақты мерзімдерін байқаудың ресми сайтында қадағалау керек.

Байқаудың мақсаты?
– «ӨБЖ» байқауының басты мақсаты – өз ісін келешегі бар, экономика жағынан тиімді және әлеуметтік-маңызды салаларда жүргізіп жүрген жас кәсіпкерлердің санын ұлғайту арқылы шағын бизнесті қазақстан экономикасының даму ықпалы ретінде қолдау.

Байқаудың жүлде қоры?
– Жалпы жүлде қоры және гранттың саны жыл сайын байқаудың басталуына дейін бекітіліп және сайтта жарияланады. Дегенмен ұйымдастырушылар, байқаудың кез келген уақытында гранттың мөлшері мен санын өзгертуге құқығы бар.

Жеңімпаздарды кім анықтайды?
– Жеңімпаздар тізімі, байқаудың ұйымдастырушыларының өкілдерінен тұратын комиссиямен анықталады.

Іріктеу кезеңдері қалай өтеді?
– Қатысушылар үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: ісіңіз туралы қысқаша айтылған бейнеролик орналастыру, бизнес-план жасап көрсету және жобаңызды жекеше түрде комиссия мүшелеріне таныстыру.

Қай жобалар жеңімпаз атануға мүкіндігі көбірек?
– Келешегі бар, экономика жағынан тиімді және әлеуметтік-маңызды салларда іске қосылған бизнес жобалардың немесе дайындық жұмыстары ақырғы кезеңіне жеткен бизнес-жобалардың мүмкіндігі көбірек. Артықшылық бағыты өндіріс ғылыми салаларға бағытталған экономиканың нақты секторларына беріледі.

Бейнероликке деген талаптар қандай?
– Бейнероликтің ұзақтығы 2 минуттан аспау керек. Осы уақыттың ішінде бизнестің ойын сипаттап айту керек. Сосын қор жайында және атқарылған жұмыстарын барын және қандай мақсатқа, қандай мөлшерде қосымша қаражат керектігін айтып, оған қоса өз бизнес жобаңыздың маңыздылығын туралы көз жеткізу керексіздер.

“Сәби” Қоры қатысушылардың авторлық құқығын қорғайдыма?
– Бейнероликте және бизнес-планда көрсетілген ақпарат ашық болып саналады. «Сәби» Қоры біреудің авторлық құқығының бұзылғанына жауапты емес.

Русский

Қазақ тілі

English